Жүктіліктің 32 аптасы дегеніміз 7 ай және 3-ші триместр. Бұл уақытта бала қатты өседі және көп салмақ жинайды. Бұл мерзімде оның салмағы шамамен 2 кг, ал денесінің жалпы ұзындығы 42-47 см құрайды. Басының көлемі 75 мм, ал кеуде қуысы 80 мм асқан.
Бала жолдасы бұрынғыдай балаға қоректік заттарды беруге жауап береді, алайда 32 аптада оның қызметі айтарлықтай азаяды, себебі ол тозады және тұз бен кальцийдің көп мөлшері жиналып қалады. Қантамырлары толып, қан айналымы баяулайды, осылайша, қажетті заттар аз мөлшерде түсетін болады. Қалыптан кішкене ауытқу орын алса, пайдалы заттардың мұндай жеткіліксіздігі баланың дамуына кесірін тигізеді. Мұндай ауытқу аурулар тізімінде бекітілген, ол фето-бала жолдасының жеткіліксіздігі деп аталады. Бұндай жеткіліксіздік баланың дамуының баяулауына және ішкі органдарының бұзылуына әкеледі.
Аталған мерзімде баланы көптеген өзгерістер күтуде. Терісі ағара бастайды, себебі ағзада алғашқы май деңгейі азаяды. Ол тек буындар астында қалады және осылай түсін өзгерте отырып, ашық-қызыл түске айналады. Басында жұқа жұмсақ шаштар пайда бола бастайды. Эндокриндік жүйе толық көлемде жұмысын бастайды. Жақсылап тексерген кезде бауырын, ұйқы безін, бүйрек үсті бездерін және бүйректерін көруге болады.
Анасының ағзасы да белгілі бір физиологиялық өзгерістерге тап болады. Ол окситоцин бөлуді бастайды, бұл сүттің уақытында шығуы үшін сүт бездерін ынталандыратын зат.
Жүктіліктің 32 аптасында әйел не сезінеді?
Эмоционалдық жағдайыңыз кенет қобалжу мен қорқыныш сезімдерімен қатар жүреді. 3 триместрге қарай Сіз босану теориялары туралы анықтамалық әдебиеттердің біразын оқып үлгердіңіз. Қалай толғақ басталатынын, босанудың қалай өтетінін және оны кім қабылдайтынын білесіз. Алайда 32 аптада бала үшін қорқыныш сезімі орын алады. Алдыңызда күтіп тұрған босану параноидты психоздың жеңіл түрін білдіреді. Жатыр да физиологиялық өзгерістерге түседі, бұл аптада ол 32 см дейін көтеріледі. Сол себепті ол асқазан-ішек жолдарының ішкі органдарына қысым көрсетіп, қыжыл мен лоқсу тудырады. Мамандар диета сақтауға кеңес береді. Алайда дұрыс тамақтану кезінде де іштің қатуы мен іш кебуінен құтылу қиын. Бұл белгілерді жеңілдету үшін жасұныққа бай және құрамында А дәрумені көп азық-түліктерді тұтынуға кеңес беріледі.
32 аптада алдағы босануға ағзаның қарқынды түрде дамуы басталады. Ол іштің төменгі жағының төмен қарай тартып, ауырлауымен, сонымен қатар жатыр аймағындағы импульстермен қатар жүреді. Медицина қызметкерлері бұны Брекстон Хикс толғағы деп атайды. Әйелдің сөзінше, уақытынан бұрын босану жағдайында тұрғандай болады, бірақ бұл олай емес. Жалған толғақтар қарқындылығы жағынан әлі әлсіз, бұрын босанған әйелдер оны нағыз толғақпен шатастыру мүмкін еместігін айтады. Шынайы толғақ басталғанда олар көп рет қайталанады және белгілі бір уақыт аралығында ұстайды.
Жүктілік жалпы ағзадағы сыртқы және ішкі өзгерістердің көптеген түрлері арқылы сипатталады. Көбіне, әйел оны байқап үлгермейді. Алайда айнаның алдына тұрып, өз денеңізге жақсылап көңіл аударсаңыз, терілеріңіздің созылғанын байқайсыз. Олар кеуденің орта жағында, бөкседе және іштің төменгі жағында болады. Дерматологтар оны стрия деген арнайы терминмен атайды. Оларды басқа адамдарға байқатпау үшін бандаж не дұрыс іш киім кию қажет. Тері созылуларының көлемін азайту үшін целлюлитке қарсы арнайы щеткамен массаж жасау керек. Мұндай массажды душ қабылдағаннан кейін және ылғалдандыратын жақпа май жағып барып жасауға кеңес беріледі. Сонымен қатар ыстық суға малынған сүлгімен мұндай стрияларды ысқылауға болады. Дәріханаларда тері созылуларын азайтатын арнайы жақпа майлар сатылады.
Түнде ұйықтау қиынға соғады. Іштің көлемі қазір қатты үлкейгендіктен, мұндай ішпен дұрыс жатыстың түрін таңдау оңайға соқпайды. Физикалық тұрғыдан ішпен жату мүмкін емес, шалқадан жатуға тиым салынады. Тек арнайы жастықшалардың және ішке тірейтін көрпешелердің көмегімен ғана жайлы жатыс түрін таңдауға болады. Мұндай жастықтарды тек ішіңізге ғана емес, сонымен қатар аяқтарыңызға қойып жатсаңыз, қанның ағысы жақсы жүреді. Қантамырларының кеңеюін болдырмас үшін, ояна салысымен ең алдымен аяқтарыңызға компрессионды шұлықтар киіңіз.
Жүктіліктің 32 аптасында қызылиек көп қанайды. Кальций жетіспеушілігінен жүкті әйелде парадонтит пайда болады. Сонымен қатар қызыл иектің сезімталдығын гормондардың өзгерісімен де түсіндіреді. Үшінші триместр кезінде ауыз қуысының гигиенасын жақсылап сақтау керек.
Тіс пен қызыл иекке қатысты мәселелерді жүктілік кезінде шешіп алған дұрыс. Бала дүниеге келгеннен кейін тіс дәрігеріне бару мүмкіндігі бола бермейді, ол кезде уақытыңыздың бәрі бала күтіміне кетеді.
Бұл уақытта болашақ ата-аналар киім-кешек, заттар алуға және болашақ балаға арналған киімдер алуға барады. Перзентханада бас киімдердің, кеудесіне кигізетін және бұтына кигізетін киімдердің бірнешеуі керек болады.
Жүктіліктің 32 аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Бұл уақытта жыныстық жағындылар мен олардың сапасын жақсылап бақылау керек. Дұрыс жағындылар сұйық, түссіз және кішкене қышқылтым иісті болуы керек. Кандидоз секілді гигиеналық аурулар пайда болған кезде олар іріңді түрде болады. Жыныстық жолдар ауруларымен тек жергілікті тәсілмен күресуге болады. Жүктілік кезінде пайдалануға болатын дәрілер саны өте аз және зеңге қарсы препараттар ол тізімге кірмейді, себебі олар балаға зардабын тигізуі мүмкін. Алайда кандидозды уақытында емдеу керек, себебі ірің инфекция тудырып, болашақ балаға қауіп төндіруі мүмкін. Ең алдымен гигиена сақтаған дұрыс.
Жүктіліктің 32 аптасындағы болашақ ананың тамақтануы.
Бұл мерзімде салмақ жинауды мұқият қадағалау керек. Салмақтың шамадан тыс артуы болашақ бала үшін қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті жүкті әйел майлы және қою тағамнан бас тартуы қажет. Салмақ аптасына 300-500 грамнан аспауы керек. Артық салмақ ісік тудырады және соңғы кезеңдерде токсикоз тудыруы мүмкін.
Тек дәрігермен кеңесу арқылы ғана салмақты мұқият бақылау қажет. Салмағыңыз артып кетсе, ағза үшін жеңілдеу күнін жасауға кеңес беріледі. Алайда мұндай күнге жақсылап дайындалу қажет. Мұндай күндер, әдетте, «алмамен», «жаңғақпен» немесе «айранмен» болып топтастырылады, бұл қандай өнімдерді жейтініңізге байланысты. Ашыған сүт өнімдерін тұтыну қолайлы болып табылады, себебі олардың құрамында кальций мөлшері көп, ол ана мен бала үшін өте қажет.