Бала күту әйел адамды қатты өзгертеді. Кейбірі нәзік және қамкөңіл болса, енді біреулері - тік мінезді, тіпті ашушаң болады. 15 аптада бала белсенді түрде дамиды, ал әйел ағзасы алдында тұрған босану әрекетіне дайындалады.
Ұрықтың дамуы
Жүктіліктің 15 аптасында анасының ішінде жатып, бала белсенді түрде дами береді. Басына ең алғашқы шаштары шыға бастайды. Бала жылдам өседі, бірақ аяқ-қолдары басының дамуынан кішкене кеш қалып отырады.
Жүктіліктің 15 аптасында бала 14 см дейін жетеді. Шамамен салмағы 80 гр болады.
УДЗ нәтижелерінде, баланың ұзындығы мен басының көлемінен басқа, басқа да маңызды көрсеткіштері – кеуде қуысының диаметрі мен ішінің диаметрі көрінеді. Шарананың кеуде қуысының қалыпты көлемі 28 мм болады. Ал ішінің көлемі – 27 мм болуы тиіс.
Бала анасының ішінде жатып белсенді түрде қозғалады, оның денесі аунай алады, орнын ауыстырады, бала қолының шынтағы мен аяқтарының тізесін бүге алады. Бірақ осы керемет қозғалыстары анасы тек жүктіліктің 20 аптасынан бастап сезіне алады.
Ішкі органдарының белсенді түрде дамуы болып жатыр:
- Жүйке жүйесі. Бас миының массасы ақырындап үлкеюде. Ми сыңарларында айқын қатпарлар мен сайлар қалыптасып жатыр. Баланың барлық ішкі органдары (сүйектері мен бұлшықеттері қоса) жүйке талшықтарына тола бастайды.
- Жүрек-қантамыр жүйесі. Баланың жүрегі өте белсенді түрде қызмет атқарады. Тәулігіне ол өзінен 20 литрге дейін қан өткізе алады. Қантамырлар мен тамырлардың жылдам өсуі жалғасын табуда. 15 аптаның аяғына қарай қантамырларының өрімі пайда болады.
- Ішектер. Дамудың 15 аптасында баланың ең алғашқы нәжісі пайда болады.
- Тері қабаттары. Баланың терісі алқызыл бола бастайды. Бұның себебі жұп-жұқа тері қабаттарынан жаңадан қалыптасқан қантамырларының көрініп тұруынан болады.
Баланың қантамырлар жүйесі өте қатты дамиды. Жүктіліктің 15 аптасында баланың қан тобы мен резус-факторын анықтауға болады.
Жүктіліктің екінші триместрінде әйелдің қағанақ суының көлемі ақырындап көбейе бастайды. Сұйықтықтың химиялық құрамында пайдалы және өмірлік маңызды микроэлементтер бар, олар баланың толыққанды дамуы мен белсенді түрде өсуін қамтамасыз етеді.
Жүкті әйелдің физиологиялық өзгерістері
15 аптадан бастап әйелдің жүктілігі айналадағылардың бәріне айқын көріне бастайды. Болашақ ананың іші өседі, белі ақырындап «жойылады». Бұл жағымды өзгерістер әйелдің эмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.
Болашақ ана гинеколог дәрігерге үнемі қаралып тұруы шарт. Маман әр келген сайын іштің көлемін өлшейді де, пациенттің картасына жаңа көрсеткіштерді: жатыр жағдайының жоғарылығын жазады. 15 аптада жатырдың жоғарылығы 14 см тең болуы керек.
Жүктіліктің 15 аптасында болашақ ананың ағзасында не орын алады?
- Жатырдың өзгерісі. Жатыр көлемі қазір айтарлықтай үлкен. Саусақпен сипап көргенде, әйел ішкі органның жоғарғы шеті шат сүйегінен жоғары тұрғанын байқай алады. Егер жүктіліктің 15 аптасында жатырдың көлемі 10 см дейін жетсе, бұл қалыпты болып саналады.
- Несеп-жыныс жүйесі қызметінің өзгеруі. «Дәретке бару» жүктіліктің алғашқы апталарындағыдай жиі бола бермейді. Себебі бұл жатыр іш қуысына қарай «кететіндігімен» түсіндіріледі, осылайша несеп қуысына қысым көп түспейтін болады.
- Кеуденің өзгеруі. Сүт бездері алда емшекпен емізуге белсенді түрде дайындала бастайды. Осы физиологиялық өзгерістердің барлығын әйел өте анық сезеді: кеудесінің көлемі үлкейеді, кішкене шаншып ауыру, күйдіру сезімдері болады.
- Теріге дақ түсу. Гормондар санының көбеюіне байланысты қара немесе ашық-қоңыр дақтардың пайда болуына әкеледі. Бұл жағдай реңдену деп аталады. Жүктілік кезінде реңдену ауытқу болып табылады, әсіресе ол дақтар бетке немесе дененің көрінетін басқа да жерлеріне шықса, жүкті әйелге психологиялық жайсыздық әкеледі. Босанғаннан кейін терінің дақтары өз бетімен қайтуы керек.
Қынаптан бөлінетін жағындылар
Жүктіліктің кез келген мерзімінде қалыпты мөлшердегі, қатты иісі және патологиялық түсі жоқ жағындылар қалыпты болып есептелінеді. Қатты ағатын түссіз жағындылар гормондық фонның қайта құрылуын білдіреді және патология болып есептелмейді.
Жағымсыз иісті және жыныс жолдарын қышытатын іріткі тәрізді жағындылар кандидоздың пайда болғанын білдіреді. Кандидоз белгісі пайда болысымен жүкті әйел бірден гинекологқа көрінуі қажет. Егер кандидоздық жағындылар бөлінгенде дене қызуы да көтерілсе, жедел жәрдем бригадасын шақыру міндетті.
Әйел мен оның баласы үшін қауіпті болып табылатыны - қанды жағындылар. Қатты ағатын қанды жағындылар көбіне түсік тастау белгісі болып табылады.
Әйел адамның сезімдері
Жүктіліктің 15 аптасында болашақ ананың көңіл-күйі сағат сайын өзгеріп тұрады. Оның жағдайында көбіне бейжайлық пайда болады, ол жылдам шаршайды, салауатты өмір салтын ұстанғаннан да, көбіне демалғысы келіп тұрады.
Кейбір әйелдерді іш жағынының ауыруы мазалайды. Егер ауыру сезімдері қатты емес, анда-мұнда болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Егер іштің ауыруы қатты болса, тез арада дәрігерге көріну қажет.
Болашақ ананы белінің ауыруы да мазалауы мүмкін. Белдің тартып ауыруы омыртқаға түсетін ауырлықпен түсіндіріледі. Егер ауыру сезімдері қатты, өткір болып, сонымен бірге дене қызуы көтеріліп, жиі-жиі дәретке бара берсеңіз, жылдам дәрігер шақырту қажет.
Жүктіліктің екінші триместрінде болашақ ананы басының ауыруы, құсықысы келу, қобалжу сезімдері мазалайды. Бұл аталған нәрселердің барлығы ағзадағы гормондық қайта құрылымдармен байланысты.
Пайдалы мәзір
Болашақ ананың тамағы пайдалы, теңдестірілген және де әрине дәмді болуы керек. Кез келген жүкті әйелдің күн сайын өзгеріп тұруы мүмкін өзіне ұнайтын тағамдары болады.
Алайда, дұрыс тамақтану көптеген аурулардың профилактикасы екенін есте сақтаған жөн. Бала жақсы дамып, ал болашақ ананың ағзасы босануға дайындалуы үшін, әйелдің тамақ мәзірінде тек дәрумендерге бай тағамдар болуы тиіс.