Ұрықтың дамуы, салмағы, қозғалуы
Сіздің ішіңіз күннен күнге өсуде. Баланың салмағы 800 гр асады, денесінің ұзындығы 33 см құрайды. Бала кішкене ғана ағзасында өндірілетін арнайы гормонның арқасында өседі. Жүктіліктің 26 аптасында көлемдік өлшемдер айтарлықтай жоғарылай бастайды. Іші мен басы бірдей көлемде болады.
Бала тек дәмді ғана емес, иістерді де сезетін болды. Тіпті дыбыстарға да елеңдейді! Қатты дауыстар оны қорқытуы мүмкін. Сол себепті өзіңізді шектеп және қорғап жүргеніңіз дұрыс. Көп адамдар болатын шаралардан бас тартыңыз. Бұл бала тыныштығын сақтаудың кепілі болады.
Жүктіліктің 26 аптасында тұрақты тістердің орны қалыптасады. Баланың сүйектері мен бұлшықеттері дамыған, қозғалыстардың қаттылығы осының арқасында сезіледі. Сіз қозғалыстар санын есептеп жүруіңіз керек, себебі балада барлығы жақсы екенін білу өте маңызды. Егер тәулік бойы бала қозғалмаса, гинекологқа барыңыз. Дәрігер себебін анықтап, қажетті талдаулар жасауға жібереді.
Сіздің сезімдеріңіз
Тіпті қанша еңбекқор болсаңыз да, осы уақыттан бастап барлық істеріңізді кейінге қалдыру керектігіне дайын болыңыз. Бұның еш әбестігі жоқ. Тек қана ана болу жағын ойлаңыз. Жақын арада өміріңіздегі ең маңызды нәрсеге көңіл аудару керек болатынын ойлаңыз. Әріптестеріңіз мұны түсінеді, сондықтан Сізді күйзелістен аулақ ұстап, қиын мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Сіз өз денсаулығыңыз бен жағдайыңызды ойласаңыз жеткілікті.
Сізді отбасы мүшелері де жақсы түсінеді. Күнделікті жұмыстарды атқаруға, кір жууға және тамақ әзірлеуге жақындарыңыз көмектеседі. Күннен күнге ішіңіз үлкейіп жатқандықтан, өзіңізді епсіз және ебедейсіз сезінесіз. Жиі демалу қажеттілігі туындайды. Шалқаңыздан жату қашанда оңай болмайды, себебі іштегі бала Сізді бір минутқа тыныш қалдырмайды. Жүктілік бойы қимылдай беруден шаршамаңыз. Жеңіл физикалық еңбек Сіз үшін де, балаңыз үшін де пайдалы.
Жатырдағы ауырлық Сіз үшін қалыпты нәрсе болып кеткен, оны тіпті байқамайсыз да. Баланың қозғалысы кейде бауыр аймағында жайсыздық немесе ауыру сезімдерін тудырады. Өт тұрып қалуы мүмкін, сол себепті тамақ үлесіңізге мән беріңіз. Ащы, тұзды, қуырылған, қақталған өнімдерден, сондай-ақ газдалған және алкогольді сусындардан бас тартыңыз. Бұл өт қуысында тас жиналуынан құтылуға көмектеседі.
Баланың белсенді қозғалысы кезінде жатыр түбіне қатты қысым түскенін сезетін боласыз. Егер соның салдарынан қан тәрізді жағындылар пайда болса, дәрігер емдеу керек деген шешім қабылдайды. Бұл жағдай бала үшін қаупті, себебі ашық тұрған жатыр мойны – инфекция түсуге арналған жол іспеттес.
Кейбір жүкті әйелдер осы кезеңде қатты қиналады: ісіктер пайда болады, қан қысымы күрт өзгереді, артық салмақ орын алады. Асқынуларды болдырмас үшін, стационар жағдайында дәрігердің бақылауында болғаныңыз дұрыс. Асқындырып алмас үшін, мамандар бұл кезде медициналық қадағалауда болуға кеңес береді. Бұл жағдайыңызды жақсартуға және талдаулар көрсеткішін дұрыстауға көмектеседі.
Жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Жүктіліктің 26 аптасында қынаптан бөлінетін ақ жағындылар қауіпті. Егер олар шырышты және іріңді болса, бұл инфекцияның түскенін білдіреді. Осы себепті гинеколог креслоға шығарып тексергенде, одан жұғынды алады. Қажеттілік туындаса, баланы жағымсыз әсерлерден қорғауға көмектесетін терапия тағайындалады.
Қанды жағындылар — бірден дәрігерге қаралуға себеп болады. 26 аптада бұл жүктілікті уақытынан бұрын тоқтатуға әкелуі мүмкін. Кейбір болашақ аналардың қағанақ суы тамшылауын бастайды. Бұл кезде де дәрігерге бірден барған дұрыс.
Сіздің тамақ үлесіңіз
Осындай ұзақ уақыт ішінде Сіз өз-өзіңізді ұстай алмайсыз, сау тамақ түрі жалықтыруы мүмкін. Өзіңізге дәмділеу нәрсе жеу ләззатын сыйлаңыз, тек шектен шықпаңыз. Балмұздақ, торттың бір тілімі немесе бір бокал шарап еш зиянын тигізе қоймас, бірақ бұндай өнімдерден көңіл-күйіңіз көтеріледі. Бұл өнімдер тамақ үлесіңіздің негізгі түрі болмауы керек, дұрыс тамақтануға тек қосымша болуы тиіс.
Босануға дайындық
Ұзақ күтіп жүрген оқиғаға дайындық туралы ойланатын уақыт туды. Көптеген әкелер мен аналар дәл осы уақытта босанудың әртүрлі тәсілдерімен таныса бастайды, кітаптар оқиды, босандыруға қатысатын маман іздеуді бастайды. Болашақ ата-ана босанудың жеңіл әрі қауіпсіз болуы үшін барын салады. Көптеген әйелдер кеңесінде өткізілетін арнайы курстарға жазылуға болады.
Жауапты әке баласының өмірге келетін сәтінде әйелінің қасында болғысы келеді. Біздің уақытымызда серіктестік босану бүкіл әлемде тарап жатыр. Кейбір психологтардың пікірінше, бұл жұптардың қарым-қатынастарын нығайтып, отбасы одағын мықты қылуға көмектеседі. Кез келген жағдайда шешімді өзіңіз қабылдайсыз.
Кейбір жүкті әйелдер бала көтеріп жүргенде әдемілік туралы ойламасақ та болады деген сенімде. Бұл бекер! Өз-өзін күтетін ана өзін сенімді сезінеді, жақсы көңіл-күйде жүреді. Күйеуіңіздің алдында да өзіңізді күтіп ұстаңыз, ол сүйікті жарының әдемілігі үшін қуанары анық. Алба-жұлбаңыз шығып жүрсеңіз, күйеуіңіз жақсы эмоцияда болмайтынына келісесіз ғой. Өзіңіздің сыртқы келбетіңізге аптасына бірнеше сағат бөлуге ерінбеңіз, сонда оның нәтижесі көп күттірмейді.
УДЗ
Алынған суреттер арқылы баланың бет кескінін еш қиындықсыз көре аласыз. Бұл мерзімде ол көзін ашуға тырысады. Нұрлы қабықшасының қазір түсі бар. Қастары мен кірпіктері де шыққан. Баланың салмағы 970 гр., ал бойы 40 см жеткен. Әр УДЗ жасаған сайын дәрігер жүктілік мерзімінің сәйкестігін тексереді және кез келген ауытқулардың жоқтығына көз жеткізеді.