Жүктіліктің 35 аптасы: баланың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Енді жеті күннен кейін бала шала болып есептелмейді. Бірақ баланың әлі өсіп, дамуы үшін уақыт бар. Балаңыздың бойы 46 сантиметр, салмағы - 2300-2700 грамм болып қалды. Соңғы күндері басының диаметрі өзгерді, ол 1,9 сантиметрге өсіп, енді 85,9 миллиметрді құрайды. Кеуде қуысы мен ішінің көлемі де өсті - 89,1 және 92,4 миллиметр.
Тері асты майының көлемі өсіп, соның арқасында оның терісіндегі қыртыстар жазылуда. Осыған қарамастан, табиғи қыртыстарын май жауып тұр. Ондай қыртыстар, мойын, бөксе, буындар аймағында болады. Егер баланың табандары иректелген болса, баланы шала туған деп санамайды. Бұл белгі қазірде бар. Шаштарының өсуі жалғасуда, түсі де белгілі. Көздің нұрлы қабығы пада болды. Бала алғаш рет тыныс алып, өкпелері ашылуы үшін сурфактанттың қажетті мөлшері жинақталды.
Оның ішегінде қазірдің өзінде алғашқы нәжісі бар. Туғаннан кейін ол сыртқа шығады. Бұл алғашқы бір тәуліктің ішінде шығуы керек. Егер қағанақ суында меконий болса, бала қатты жайсыздық сезініп, тіпті қиналады. Бұл жайсыздықтардың қатарына оттегі тапшылығын да жатқызады. Бала ауырып туылуы мүмкін.
Жүктіліктің соңғы айларында ағза бүйрек асты бездерінің дамуына қатты соққы береді. Бұл органдарды гормондар өндіреді және олардың көмегімен ағзада су мен тұздың алмасуы қалыптасады. Сонымен қатар бүйрек асты безінің қабығы адамның күйзелісті оңай жеңуіне арналған заттар өндіреді.
Жүктіліктің 35 аптасы: әйелдің сезімдері
Жатыр түбі, кестеде жазылғандай, шат сүйегінен 35 сантиметрге кейін қалып келеді. Бала жатысын өзгерткен, ол басымен төмен қарап жатыр. Осыған қарамастан болашақ ана баланың қозғалыстары мен тебістеріне мән беріп жүруі керек. Бұл өзіңіздің тынышталуыңыз үшін қажет. Бұл балада бәрі жақсы екенін білудің нақты белгісі.
Бала қозғалысы кезінде әйел қабырғасының асты жағының ауырғанын сезеді. Бұл балаңыздың қатты өскендігінен және жатырға түсетін қысымның жоғарылауынан болады. Тынысыңызды тартып, ауырып тұрған жеріңізден қарама-қарсы жаққа қарай еңкейтсеңіз жайсыздықтан құтыласыз. Іштің қиғаш бұлшықеттерін созатындай етіп еңкейіңіз. Бұл қабырға астындағы ауыру сезімдерінің жойылуына көмектеседі.
Бұл мерзімде жүкті әйелдер жалған толғақтардан зардап шегеді. Бұндай толғақтар Брекстон Хикс толғақтары деп аталады. Ол іштің және жатыр бұлшықеттерінің біраз түйілуін тудырады және ұзақ уақытқа созылмайды. Тек іш аймағындағы ауырлық пен белдің ауырғаны тыйылмаса, бұл босанудың басталғанын білдіреді. Тез арада жедел жәрдем шақыру қажет. Босануды белгіленген уақытына дейін тоқтата тұру керек пе немесе қазір әйелді босандыру керектігін дәрігер шешеді.
Жиі-жиі дәретхана жүгіру жүкті әйелді уайымдатпауы керек. Бұл несеп қуысына қатты қысым түскендіктен болады. Бірақ қашанда абай болу керек: Сіз ойламаған жерден су кетіп қалуы мүмкін. Егер олар ағуын бастаса, тез арада жедел жәрдем шақырып, дәрігерге қаралған дұрыс.
Жүктіліктің 35 аптасы: жыныс жолдарындағы жағындылар
Бұл мерзімге қарай олар шырышты бола бастайды. Оның себебі жатырдың жұмсаруы және жатыр мойнының ашыла бастауы. Шырышты қақпақтың бөлінуі басталады, ол қорғаныс қызметін атқаратын. Мұндай жағдайда да жағындылар сау қалпында қалуы керек. Олардың түрі бір қалыпты және қышқылтым иісті болуы тиіс.
Егер жағындыларда ірің білінсе, онда қынапқа инфекция түскен деп есептеледі. Бұл туралы бірден дәрігерге хабарлау қажет, себебі таза босану жолдары – болашақ ана үшін басты тапсырмалардың бірі болып табылады. Инфекцияның болуы балаға қауіп төндіреді.
Мысалы, жағындыларда қан пайда болса, бала жолдасының бөлініп кетуі дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда тез арада перзентханаға барған дұрыс. Сонымен бірге ішіңіз қоса ауырса, бұл одан да қауіпті. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырыңыз, ал дәрігер келгенше Но-шпа ішіп алыңыз.
Егер су кетіп қалып, басқа бірде-бір белгі білінбесе де жедел жәрдем шақыртыңыз. Жатырға түскен инфекция баланың өміріне қауіп төндіреді.
Жүктіліктің 35 аптасы: жүкті әйелдің тамақтануы
Соңғы жарты ай бойы қалай тамақтандыңыз, солай жалғастыра беріңіз. Калориясы көп тағам өнімдерінен бас тартыңыз. Оның орнына құрамында дәрумендер мен минералдар көп бірдеңе жегеніңіз дұрыс. Жиі-жиі және аздан тамақтаныңыз, ұйықтар алдында тойып тамақ жемеңіз. Ұйықтауға дейін екі-үш сағат бұрын тамақтанып алыңыз. Себебі іштің ауырлығы мен қыжыл пайда болуы ықтимал. Сілтілі минералды су пайдалы. Ол асқазандағы қышқыл деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Суды бұрынғыдай, тәулігіне 1,5 литрден аз болмайтындай мөлшерде ішіп жүріңіз. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көп жеңіз.
Қазір Сізге көп демалу қажет, бұл туралы дәрігер айтып береді. Кейде болашақ ананың жағдайына байланысты, дәрігер табиғи толғақ келгенше кесер тілігі арқылы босануға кеңес береді. Жағдайдың бұлай болу себептерін анықтайтын бірнеше факторлардың біреуі баланың дұрыс келмеуі. Егер кесер тілігі арқылы босану туралы қандай да бір күдіктеріңіз болса, басқа дәрігерге барып көрініңіз.
УДЗ:
Бала толық қалыптасып біткен. Тері асты майының арқасында бала терісі жұмсақ және домалақ. Терісі ағара бастаған. Осы уақытқа дейін балаңызды қалай елестетсеңіз, қазір ол тура сондай болды. Оның басы бала жолдасына тіреліп, бала бұрын өмір сүруге әдеттенген Сіздің ішіңіз оған тарлық көрсетуде. Мүмкін, осы себептен де бұрынғыдай қозғалмайды және теппейді.