Жүктіліктің 40 аптасы: баланың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Болашақ бала дамудың 40 аптасына жеткенде, оның көрсеткіштері мынадай болады. Ұзындығы 53 см, ал салмағы 3,5 килограмға дейін жетеді (кей кездері бұдан да үлкен!). Егер отыз тоғызыншы аптамен салыстырсақ, басының диаметрі үлкейіп, 93,8 мм дейін өскен, ал баланың іші мен кеуде қуысының көлемі қатты өсепеген - 98,6 мм және 103,4 мм.
Иә, қазір анасының ішінде балаға өте тар, бұны ол жиі қозғалумен және итеру арқылы білдіреді. Бала айтарлықтай қатты өскендіктен, анасы оның әр итергенін жақсы сезінеді. Алайда есіңізде болсын: баланың әр қозғалысы мен итерген сәттерін санап отыру керек, қалыптан ауытқу байқалса, дәрігерге тексеріліңіз. Бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін маңызды!
Жүктіліктің 40 аптасындағы басты қауіп — бұл оттегінің жетіспеуі. Бала жолдасы қазір өте жіңішке - 34,3 мм, сол себепті алғашқы апталарға қарағанда балаға оттегіні аз береді. Ал бала мұны сезеді. Бала жолдасының тозуының салдарынан балаға инфекцияның түсу мүмкіндігі жоғары. Егер болашақ ана ағзасында инфекция болса, ол еш қиындықсыз балаға өтеді. Сондықтан, болашақ аналар, мұқият болыңыздар және өз денсаулықтарыңызды қадағалаңыздар!
Жүктіліктің 40 аптасы: әйел не сезеді?
Сонымен, қырқыншы апта басталды. Неге әлі босанбай жүрмін деп ойлап жүргеніңіз анық. Басқа аналардан олардың тәжірибесі туралы сұрайсыз. Дәрігерден неге бұлай деп сұрап, уайымдай бастайсыз. Барлығы дұрыс па? Шұғыл түрде кесер тілігі арқылы босану қажет емес пе?
Тексерілуге келгенде, дәрігер жатыр тонусының жоғары екенін, ішіңіздің төмен тартып ауыратынын айтады. Бірақ өткен айға қарағанда жағдайыңыздың жақсы екенін айтасыз. Жедел босану белгілері қайда?
Соңғы кездері баланың қатты өскенін және оған іште тар болып жатқанын баланың қозғалыстары арқылы сезесіз. Толғақ басталғанда, бала қозғалмайды. Ал қалған кездері қозғалысы белсенді. Барлығының дұрыс екеніне көз жеткізу үшін, дәрігер баланың жүрек соғысын тыңдайды.
Босануға аз уақыт қалғанда, дәретке жиі бара бергіңіз келеді. Мұның барлығы шатыңызға қатты қысым түскеннен болады, ол сонымен бірге етеккір кезіндегідей қатты ауыру сезімдерін тудырады.
Егер Сізде бұл белгілер әлі білінбесе, демек жатыр мойнын әлі «қақпақ» жауып тұр. Бұл шырыш кесегі, ол түскен соң босану жақындай бастайды.
Тамырларға қысым түскендіктен геморрой түйіндері пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты – ауыру мен кішкентай қан белгілері болады. Бірақ бұл Сізді таңқалдыра қоймас, себебі жүкті әйелдің органдарына жатыр қысым түсіргендіктен ол ерте мерзімдерде де болған.
Босануға дейін 12-15 күн қалғанда кеудеңіздің ұшынан қою жағындылардың бөлінгенін байқайсыз. Бұл емшекпен емізуге жауап беретін гормондардың қажетті мөлшері бөлінгенін білдіреді, енді сүт бездері баланы емізуге дайын. Бұл жағындылар уыз деп аталады және босанғаннан кейін бірнеше күн Сізде осылай болады. Бұл жақсы: уыз – бала өмірінің алғашқы күндерінде сіңіруі тиіс қажеттініңбарлығы оның құрамында бар. Содан кейін олар сүтке айналады.
Кейде бірінші емізгеннен кейін емшек ұштары жарылып немесе сүт бездеріне инфекция түсіп кетіп емшектің қабынуы пайда болуы мүмкін. Иә, бұл өте жайсыз. Бірақ алдын ала дайындалып, мұндай жағдайды болдырмас үшін емшектің ұшын қырмызыгүлмен не сұйық Е дәруменімен сүрту керек, мұны баланы емізгеннен кейін жасау қажет.
Жүктіліктің 40 аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар қандай болуы мүмкін?
Егер қынаптан ірің араласқан ақ жағындылар бөлінсе немесе босану алдында кандидоз пайда болса, емдеу курсынан өткен жөн. Егер босану кезінде қынапта инфекция болса, ол балаға зиян келтіріп, оған жұғады. Қажетті емді Сізге перзентханада көрсетеді, демек тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында боласыз.
Егер босану алдында қансыраудың ашылғанын не қанды жағындылар байқасаңыз, тез арада жедел жәрдем шақырыңыз. Бұл тек шырышты қақпақ түскен кезде ғана. Егер олай болмаса, бұл сол қақпақтың өзі болар, себебі оның да қанды қоймалжыңдары болады, бірақ ол көбіне шырышқа ұқсайды.
Қарсы жағдайларда, тіпті ішіңіз ауырғанын сезбесеңіз де, болашақ ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіретін асқынулар орын алуы мүмкін.
Жүктіліктің 40 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Алғашқы толғақ басталғанын түсінгеннен кейін, Сіз ауруханаға шығасыз, өзіңізбен бірге барлық қажетті нәрсені алуды ұмытпаңыз.
Төлқұжат пен алмасу картасынан басқа, газдалмаған су және еш қоспалары жоқ печенье алып алыңыз. Босану (бірінші рет) бестен он екі сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сол себепті ортасында бірдеңе жеп алу – бұл маңызды!
Алайда көп нәрсе алудың қажеті жоқ, себебі жағдай әртүрлі болып келеді, мүмкін ота жасау қажет болар. Ол кезде кей өнімдерді жеуге болмайды.
Қалай болғанда да, уайымдамас үшін, жейтін нәрсе алып алған дұрыс. Ауруханада, не жеуге болатынын дәрігерден сұрап алыңыз. Босану алдында ашығу – бұл жақсы шешім емес, себебі Сізге энергия әлі қажет болады. Бірақ қатты ауыр тамақ жеп алудың да қажеті жоқ. Жақсы сіңетін тамақ жеген дұрыс: тұзсыз крекерлер, ірімшік, қара шай.
Әрине, қатты толғақ қысқанда, Сіз тамақ туралы ойламайсыз да. Көп әйелдердің бұл кезде тіпті құсқысы келеді. Бірақ шырын не судан бас тартпаңыз.
Сондай-ақ бала дүниеге келген соң, Сіз күшіңізді жинағаннан кейін тамақ керек болады. Ағзаға түскен мұндай күштен кейін, ол бәрін көптен тұтынғысы келеді, бірақ жеңіл тағаммен шектелген дұрыс. Сорпа, йогурт немесе шай ішуге болады.
УДЗ:
Бұл жерде баланың басы - 98 см дейін жеткенін көре аласыз. Денесінің өзі де қалыптасқан. Туғаннан кейін баланың басы кішкене тегістеу секілді көрінеді, ол босану жолдары арқылы өткенде қысылғаннан болады. Кейін ақырындап ол қалпына келеді.