Жүктіліктің үшінші аптасы басталды. Шарананың жасы екі аптаға кейін жүретінін көп адам біле бермейді – қазір оған 7 апта болды. Көз алдыңызға елестетіңізші: шарананың кіп-кішкентай саусақтары мен буындары дамып жатыр, алайда оның ұзындығы әлі 3 см ғана. Кішкентай беті адам мүсініне ұқсап келеді, ол қолдары мен аяқтарын белсенді түрде қозғалта алады. Сіз әлі сенбейтін шығарсыз, бірақ дәл осы кезеңнен бастап оның қабақтары қалыптасуын бастайды. Осы уақыттан бастап балаңыздың сору рефлекстері қалыптасып, құйрықшасы жоғалады. Жүрегінде де өзгерістер орнап, ол енді үш камералы болды.
Күн санап шарананың органдары мен жүйелері анық бола бастайды: егер 9 аптаға дейін баланың тек бастапқы бүйректері болса, енді олар бүкіл күшімен жұмысын бастайды. Осы уақыттан бастап УДЗ-ден баланың қай кезде ұйықтап, қай кезде сергектік танытатынын көре аласыз. Тек ультра дыбыстық зерттеуге жиі-жиі келе берудің қажеті жоқ, жатырдағы бала өзін мазалағанды сүймейді.
Жүктіліктің осы кезеңіндегі жаңа сезімдер
Сіздің ағзаңыз жаңа жағдайына және гормондық өзгерістерге үйрене бастайды. Айнадағы мүсініңіз өзіңізге ұнай бастайды, алайда бұдан бұрын біраз жайсыздық сезінуші едіңіз. Кеудеңіз айтарлықтай үлкейген, енді бірнеше көлемге үлкен төстартқыш сатып алатын уақыт келді. Алатын кезде оның тек әдемілігіне ғана емес, сапасына да назар аударыңыз: матасы толық таза, бауы жалпақтау, ал кеуде жағы тереңдеу болғанын қадағалаңыз.
Токсикоз 9 аптаға қарай көптеген жүкті әйелдерде кетеді. Егер құсу мен лоқсу әлі мазалап жүрсе, уайымдамаңыз, енді кішкене шыдасаңыз болғаны – 12-14 аптаға қарай мұның барлығы артта қалады.
Өз ағзаңыздың жұмысын тыңдаңыз. Шатыңызда жағымсыз сезімдер пайда бола бастайды. Бұл жатырдың жылдам өсуіне және сіңірлердің созылуына байланысты болады. Алайда бұл ауыру сезімдерін жатырдың ауыруымен шатастыруға болмайды, себебі ондай жағдай болса ол - жүктілікке қауіп төнгенін және дәрігерге қаралу керектігін білдіреді.
Қынаптан бөлінетін жағындылар
Қынаптан шығатын қалыпты жағындыларда қанның, іріңнің белгісі немесе жағымсыз иіс болмау керектігін білесіз ғой. Мұндай жағындылардың кез келгені патогенді микрофлораның дамуын білдіреді. Мысалы, жүкті әйелдерде кондидоз жиі пайда болады, сосын оны әйел өз бетінше емдейді. Өз бетінше емделу денсаулыққа зиян келтіруі ықтимал, себебі оның себебі инфекциялық ауру болуы мүмкін. Сондықтан уақытылы гинекологқа бару және барлық өзгерістер туралы айтып тұру маңызды.
Болашақ ананың тамақ үлесі
Бұрын кулинарлық ғажайыптар жасауға аса қатты қылық танытпасаңыз, жүкті болғаннан кейін тамақты үйде әзірлеген дұрыс болады. Ойлап көріңізші – сіз дайындаған тамақты тек жолдасыңыз емес, сонымен бірге балаңыз да бағалай алады. Сіз не жесеңіз, балаңыз да соны жейді.
Жүктілік кезінде тәттіден, қақталғаннан және қатты тұзды тамақтардан бас тартыңыз. Дүкеннен дайын жартылай фабрикаттар сатып алмаңыз және тамақты дайындау қаншалықты оңай болса, соншалықты оның құрамындағы пайдалы заттарды алу қиын екенін естен шығармаңыз. Тамақты қайнатып немесе буға пісірген дұрыс, ал табаны ас үйіңіздегі ең ұзын шкафтың артына тығып тастаңыз – қазір қуырылған тамақтардың сізге керегі шамалы.
Ультрадыбыстық зерттеу
9 аптаға қарай баланың арқасы түзеледі, себебі бұлшықеттері мен сүйектері мығым бола бастайды, бірақ бас әлі үлкен, сондықтан денесі пропорционалды емес секілді көрінеді. Сіздің балаңыз шынтақтарын бүге алады. Жақын арада оның алғашқы қозғалысын сезетін боласыз: қандай ғажап, сіздің ішіңізде кіп-кішкентай адам жыбырлап жатыр! Бұл сезімді ештеңемен салыстыруға болмайды! Уақытты санамаңыз, жүктілігіңіздің әр күнінен ләззәт алыңыз, себебі бұл сезім әр әйел үшін ғажайып болып табылады.