Бала біткеннен кейінгі екінші апта: болашақ ананың әрекеттері қандай?
Бала біткеннен кейінгі екінші аптада әйел не істеуі керек? Өз денеңізді босануға дайындау қажет: спортты еске түсіріңіз. Жүкті әйелге үнемі күш түсіруге тиым салынады, ал таза ауада жақсы серуендеудің пайдаға асары сөзсіз. Йоганы үйренуге, жаттығу ретінде таңертең асаны жасауыңызға болады.
Осы кезде бассейнге абонемент алуға және бүкіл жүктілік кезінде оған барып жүрсеңіз керемет болады: бұл болашақ ананың омыртқасы үшін пайдалы, көңіл-күйді айтарлықтай көтереді. Абонементті сыйлық ретінде баланың болашақ әкесінен сұрауыңызға да болады, сонда ол да жүктіліктің маңыздылығын түсінеді.
Егер болашақ ана әлі темекі шегуден бас тарпай жүрсе, осы зиянды әдеттен арылатын кездің нақ өзі. Бұл балаға өте қауіпті, ол тұншығып қалуы мүмкін. Болашақ әке де темекіні тастауы керек, себебі темекі шегі анасы мен баласы үшін өте қауіпті.
Бала біткенге дейін де, осы кезеңде де фолий қышқылын қабылдау маңызды. Ол болашақ баланың дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.
Жүктіліктің екінші аптасы: ағзада қандай өзгерістер болады?
Медицина қызметкерлерінің көзқарасы бойынша, жүктіліктің екінші аптасы — бұл жүктілік емес, тек қана аналық жасушаның жетілуі — гормондардың әсерінен фолликуланың (аналық жасуша жетілген қабықша) жарылуы және аналық жасушаның сыртқа шығуы. Ережеге сүйенсек, етеккір циклы тұрақты болып, шыққан аналық жасушаның ұрықтануы кезінде жүктіліктің басталу мерзімі тура осы сәттен басталады.
2 аптадағы жүктіліктің белгілері:
- Омырауыңыз ұстаған кезде өте сезімтал болады;
- Етеккір алдындағыдай ашушаңдық пайда болады;
- Іштің астыңғы жағы қақсап ауыруы мүмкін;
- Дене температурасы кішкене жоғарылап, бірнеше күн түспей тұрады;
- Азғана қанды жағындылар болуы мүмкін.
Жүктіліктің екінші аптасы: не сезесіз
Кенеттен либидоңыз көтерілуі мүмкін: баланың болашақ әкесіне деген жыныстық қатынастың артуы. Бұл гормондардың әсерінен орын алады, жүктілікке еш зияны жоқ. Бірақ бұл кезеңнің өз қауіптілігі бар: әйел адам ауырып тұрған ішіне жылы басқысы келеді, бүркеніп жатқысы, ыстық ванна қабылдағысы келеді, ал бұларды істеуге болмайды. Жылу қан кетуіне себеп болып, ерте түсікке әкеліп соғады. Ауыр көтеруге де тыйым салынады.
Жүктіліктің 2 аптасына ағза қалай әсер етеді?
- Артериялық қысымның төмендеуі мүмкін;
- Әйелдің «кіші дәретке» жиі барғысы келеді;
- Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде болатын дәмдік сапалар өзгеруін бастауы мүмкін.
Бұл өзгерістер ағзадағы үлкен ауытқуларға байланысты: ол бала көтеруге дайындық жасап жатыр.
Жүктіліктің екінші аптасы: жағындылар – жақсы ма жаман ма?
Жоғарыдай айтылғандай, аналық жасушаның жетілуінен кейін қан түстес жағындылар болуы мүмкін — фолликуладан кейінгі жағындылар, ұрықтың жатырға келіп бекуінен кейін орын алады.
Алайда олардың мөлшері көп болмауы керек, себебі жүктілік кезінде етеккір келмейді. Жүктілік кезіндегі кез келген қан тәрізді жағындылар, әсіресе ішіңіз төмен тартып ауырып және дене қызуыңыз бірге көтерілсе — міндетті түрде тез арада дәрігерге жүгініңіз!
Жүктіліктің екінші аптасы: әйелдің тамақтануы
Диетологтар жүкті әйелдердің артық тамақтануын дұрыс деп санамайды, әсіресе жүкті бола салысымен, ағза әлі екі адам үшін тамақтануға үйренбейді.
Пайдалы заттар көлемі көп болатын дұрыс, теңгерімді тамақтану қажет. Жүктілік кезінде қатты диета, әсіресе моно-диеталар сақтауға болмайды.
Диетологтар фаст-фуд немесе жартылай фабрикаттармен тамақтануға да кеңес бермейді: бұл анаға да, сонымен бірге балаға да зиянын тигізеді. Одан да көкөністер мен жемістер жеген дұрыс, бірақ ақуыздар мен жармаларды да тамақ үлесіне қосқан дұрыс. Теңіз өнімдерін де ұмытпаған жөн — бұлар пайдалы элементтердің қайнар көзі! Болашақ ана үшін тәттіге тиым салынбайды, бірақ шектен шықпау керек.
Бүкіл жүктілік бойы табиғи, жақсы азық-түліктермен дұрыс тамақтансаңыз, онда болашақ ана артық салмақты көп жианамайды, балаға өте мол пайдалы заттар бере алады.
Болашақ аналарға арналған дәрумендік-минералды кешендер қабылдау артық болмайды.
Осылайша, екінші апта — бұл әлі толық жүктілік кезеңі емес (егер етеккірдің соңғы күнінен бастап есептесек, бұл әлі тек аналық жасушаның жетілу уақыты), алайда жұп балалы болуды жоспарлап жүрсе, әйел ерте кезеңде-ақ жүкті болғанын сезеді және оның жақсы өтуі үшін барлық шараларды қолына алады.