Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасына В6 дәруменінің әсері және оның ерекшеліктері

Мазмұны: [Көрсету]

B6 (пиридоксин),  B6 дәрумен

Бала ағзасы үнемі пайдалы микроэлементтердің, әсіресе В6 дәруменінің көп мөлшерін қажет етеді. Ол өзі бірнеше бөлімдерден тұрады және әрқайсысы алмасу әрекеттерінде, сонымен бірге пайдалы заттар жинақталуында маңызды рөл атқарады. Ендеше,  В6 дәрумені не үшін керек және оның жетіспеушілігі тудыратын зардаптар туралы сөз қозғайық.

Ағзаға В6 дәруменінің қажеттілігі

Ағзадағы В6 дәруменінің қызметі зат алмасуды реттеу болып табылады.  Аталған микроэлемент липидтерді ыдыратуға көмектеседі және майлы қышқылдардың сіңуін жақсартады. Бұндай қасиет бала үшін өте маңызды,  себебі метаболизм әрекеттері мұнда жылдам жүреді және қысқа уақыт ішінде пайдалы микроэлементтерді көбірек сіңіріп алуы қажет.

 Б6 дәрумені (Пиридоксин) қант диабетінің алдын алып, қандағы қант мөлшерін реттейді, сондай-ақ қоюлану әрекетін азайту қасиетіне де ие. Бұл микроэлемент баланың эмоционалдық жағдайына да әсерін тигізеді. Оның мөлшері дұрыс болғанда ағза серотонин және норэпинефрин сияқты қажетті гормондардың көп мөлшерін бөліп шығарады.

Пиридоксин ағзадан артық сұйықтықты бөліп шығарады, бұл сіздің сыртқы келбетіңізге жағымды әсер етеді - көздің астындағы ісіктер қайтады және тері қабаты жақсарады. Бұл зат иммундық жүйеге де жақсы жағынан әсер етеді, оны сыртқы ауру көздеріне қарсы тұратындай мықты етеді.

Дәрумен жетіспеушілігі орын алғанда не болады?

Бала ағзасында В6 дәрумені жетіспеген кезде орын алатын жүзден аса зардаптар бар. Олар қорқақтық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы тағы басқа белгілері бар физикалық және психикалық саулыққа әсер етеді.

Б6 дәруменінің жетіспеушілігі кезінде төмендегі белгілер байқалуы мүмкін:

  • Ішек-қарын жолдары органдары жұмысының бұзылуын тудыратын ақуыздар мен көмірсуларды сіңіру мәселелері;
  • Қандағы қант деңгейінің, сонымен қатар оның жасушалар арасына таралуының бұзылуы;
  • Қатты ашушаңдық, жынданып, күйзеліске түсу;
  • Тілдің және ауыз қуысының шырышты қабаттарының қабынуы;
  • Тері қабаттарының мәселелері - терінің қабынуы, құрғақтық, қабыршақтану, қалпына келудің бұзылуы.

Мұның барлығы иммундық жүйенің әлсіздігімен қосылып, жылы жыл мезгілдерінде де жиі ауыра беруге әкеледі. Олардың ішіндегі ең жағымсызы қан аздықтың даму тәуекелі.

Пиридоксин қорының күйзеліс жағдайында тез жоғалатынын естен шығармау керек, себебі дәл осындай кезде бүйрек безі белсенді түрде гормондар бөле бастайды, ал В6 дәрумені бұл әрекетте басты рөл атқарады.

Б6 дәруменінің қорын толтырамыз

Адам ағзасы үнемі Б6 дәруменін қажет ететіндіктен, оның түрлі азық-түліктер құрамында болуын табиғат алдын ала ойластырған. Пиридоксинді балық, тауық және үй жағдайындағы мал етінен (сиыр, шошқа) кездестіруге болады. Оның көп мөлшері сиыр бауырында, сары тунецте және фет ірімшігінде болады. Егер көкөністер жайлы айтар болсақ, мұнда таңдау өте көп, бірақ шоғыры аздау. Пайдалырақтары сәбіз, брюссель қырыққабаты, шалқан жапырағы, тәтті картоп, картоп және сарымсақ. Сонымен қатар Б6 дәруменін бұршақ тұқымдастардан, жаңғақтан, пістеден және басқа да көптеген өнімдерден оңай табасыз.

Бұл дәруменнің майларда мүлдем болмайтынын ескерте кету керек, сондай-ақ ол термоөңдеуге өте сезімтал.  Қара бидай немесе күріш ұнынан дайындалған тамақтар піскен соң пайдалы құрамдас бөліктерінің 70% жоғалтады. Бидай бөліктерін және бидай ұрықтарын пайдалануға кеңес беріледі, себебі бұршақ тұкымдастары ішінде осыларда пиридоксин мөлшері көп.

Доромарин бірегей дәрумендік кешен

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. В6 дәрумені күнделікті балалар тұтынатын өнімдердің барлығында кездесетініне қарамастан, оның жетіспеушілігі кей кездері орын алады. Бұндай жағдай болмас үшін, Doromarine қабылдау жеткілікті. Бұл емдеу-алдын алу өнімінің құрамында ағзаның әр жасушасының қызметін қалпына келтіретін пайдалы микроэлементтер мен дәрумендердің толық кешені бар.

 Егер төмендегі белгілер орын алса,  Доромаринді қабылдау қажет:

  • Балаңыз жылына екі реттен көп ауырады;
  • Көп уақытын далада өткізіп, балалармен және даладағы жануарлармен ойнайды;
  • Өте баяу өмір салтын ұстанады;
  • Оқуда үлгерімі мүлдем төмен;
  • Тамақтанудың дұрыс жолын таңдамаған.

Доромарин балаңыздың ақыл-ес қызметін белсенді етуге көмектеседі және күн қаншалықты белсенді өтсе де, шаршау белгілерін жояды. Аталған өнім толығымен табиғи, сондықтан аллергия тудырмайды және қарсы көрсетілімдері жоқ.  Доромариннің басты артықшылығы - оның жағымды дәмі, демек ағзаны күшейту тек қана пайдалы емес, сондай-ақ дәмдірек болады.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу