Жүктілік кезінде кофе ішуге бола ма?
Жүктілік кезінде әйел адамның көптеген өнімдерді тұтынудан бас тартуына тура келеді. Себебі, кейбір өнімдердің құрамында өте зиянды құрамдас бөліктер кездеседі, олар бала үшін үлкен қауіп төндіреді. Сонымен бірге аяғы ауыр кезде әйел тек дұрыс тамақтанып қана қоймауы керек. Физикалық белсенділікті шектеп, көбіне демалу керек.
Алайда болашақ ананың кофе ішуіне бола ма? Медицина қызметкерлері жүктілік кезінде кофе сусынын ішуден мүлде бас тарту керек деп есептейді. Бұл жүктілік кезінде ағзада үлкен гормондық өзгерістер болатынымен және ол ішкі органдарға күш түсіретінімен түсіндіріледі. Мұндай кезеңде кофе ішу, кофеин деген басты құрамдас бөліктің ішкі органдар жұмысын ынталандырып, бұл гормонды өзгерістер кезінде ана денсаулығына (демек бала денсаулығына да) кері әсер етеді деген сөз.
Кофеин – бұл айтарлықтай қауіпті алкалоид, ол ағзаның психомоторлық белсенділігін ынталандырады, әсіресе көп мөлшерде ішу қауіпті (күніне 2 шыныаяқтан көп ішу). Сонымен қатар ағза өзіне удың түскенін түсінеді – сол себепті тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелері бірнеше есеге қаттырақ жұмыс істеуді бастайды, себебі ағзадан уды жылдам шығарып тастағылары келеді. Медицина зерттеулері мұндай күш түсіру жүктілік кезінде балаға аса қаттызардап келтіретітін дәлелдеген.
Егер аяғыңыз ауыр кезде, кофе сусынын ішсеңіз, мынадай салдарларға әкеледі:
- Кофеин жатырдың қантамырларын тарылтады.
- Баланың дұрыс тамақтануының бұзылуына әкеледі.
- Бұл қантамырлары қысылған кезде, балаға қажетті мөлшерде оттегінің бармауымен қауіпті.
- Оттегі тапшылығының салдарынан гипоксия дамып, баланың өсуі мен дамуы тоқтайды.
- Нәтижесінде ол түсік тастауға немесе уақытынан бұрын босануға әкеледі.
Кофеиннің жүрек қағысын күшейтетінін есте сақтау керек, бұл жүйкенің ауытқуына әкеп тірейді. Мұндай жағдайлар баланың дұрыс дамуын бұзуы да мүмкін (көбінесе бұл баланың жүрек ақауымен туылуына себеп болады).
Медицина қызметкерлері мен дәрігерлер не дейді
Медицина қызметкерлері мүмкін болатын қауіпті төмендетуге көмектесетін біраз кеңестер тізімін дайындаған:
- Жүктілік кезінде кофе ішуден бас тартыңыз. Ең тиімдісі – бұл сусынды ішуді мүлде тоқтатыңыз.
- Бұл сусыннан бас тарта алмайтыныңызды сезесіз бе? Демек, оны ішуді ақырындап шектеу керек. Тиімдісі – шыныаяқтар санын күніне 1-2-ге дейін азайтыңыз. Сонымен қатар «мөлшерін» де ақырындап азайту керек, себебі бірден кофені тастай салсаңыз, ұзақ уақыт күйзеліске түсіп кетуіңіз ықтимал.
- Кофені цикориймен алмастыруға болады, себебі оның құрамында қауіпті алкалоидтар жоқ. Сонымен қатар кофеин басқа да кейбір өнімдердің құрамында кездесетінін ұмытпаңыздар (Кока-Кола, кейбір шай түрлері және тағы басқалары). Бұл сусындарды ішуді де ақырындап тоқтату керек.
- Ең дұрысы кофені табиғи шырындар мен шәрбаттарға ауыстыру, олардың құрамында уыттар жоқ, бірақ олар пайдалы дәрумендер мен микроэлементтерден тұрады.
Қорытындылай келе, көптеген адамдардың зиянды әдеттерден бас тартуы қиын екенін айтқымыз келеді. Бірақ болашақ ана кофеинге деген құштарлығының салдарынан тек өзі ғана емес, баласынының да зардап шегетінін түсінуі керек, сондықтан өкінішке орай диета құруға жауапкершілікпен қарау қажет.с