Денесінің салмағы өсуде. Соңғы аптаның басынан бері баланың салмағы шамамен 150 г көбейді. Бұрынғыдай басы үлкейе береді, ол енді 7,54 см жетті. Сонымен бірге кеудесі мен іші де өсіп жатыр, олар 7,74 және 7,93 см сәйкес. Қозғалу үшін орта тарылып жеткіліксіз болуда, сол себепті бала салмақты болып қалғандай болады. Ал әрбір қозғалысы жүктің әйелдің ішінен толқын өткендей сезім қалдырады. Қазір бала қалай жатқанын тапқыңыз келіп тұрады.
Барлық органдары мен жүйелері толық қалыптасып біткеннен кейін бас миы жетіледі. Салмағы жоғарылайды, қыртыстары мен сайлары қазір анық көрініп тұр, қабығы да айқын білінеді. Осы сәттен бастап бала анасының ішінде жатқан кездегі өз сезімдерін және естіген нәрселерін есте сақтауды үйренеді. Дыбысты қайта-қайта қайталай берсеңіз, ол дыбысқа ол сабырлық танытатын болады.
Баланың дүниеге келуіне дайын екендігін білдіретін белгілердің бірі – құлақ шеміршектерінің қалыңдығы. Аталған көрсеткіш бойынша сыртқа шығу сәті әлі орнаған жоқ. Бала әлі шала. Саусақтарында көрінетін тырнақтары әлі қатаймаған. Жыныстық органдарының әрқайсысы әлі қажетті орнына түскен жоқ. Бала жолдасының қалыңдығы 30,48 мм, ол балаға қажетті заттарды әлі күнге дейін қамтамасыз етеді.
30 аптадағы жүкті әйелдің сезімдері
Осы аптаның басынан әйелдер кеңесіне 2 аптада бір рет немесе аптасына бір рет барып тұру қажет. Бала күтімі бойынша демалысқа шыққан соң бұған көндігуге тура келеді. Дәрігерлік тексеріс ешкімге кедергі болмайды.
Сегізінше айда ішіңіз қарқынды түрде өседі. Сонымен қатар іштің тура ортасында орналасқан жатыр жоғары көтеріледі. Сол себепті ішкі органдарыңыз үнемі жайсыздықты сезінеді. Жатырдың ішекке қысым түсіруінің әсерінен, кей кездері ішіңіз қатып қалады, кейде – оң жақтағы қабырғаңыздың асты сырқырайды, ал кейде – беліңіз сынып бара жатқандай болады. Үнемі қыжыл мазалайды. Сол себепті де диета ұстау туралы жалықтырған әңгімелер енді сүйкімсіздеу болып естілмейді. Көп қиналмай-ақ енді кешке жақын жейтін сүйікті қуырылған картоптан оңай бас тартасыз. Яғни, жағымсыз әсерлерден құтылу үшін Сіз бәріне дайынсыз. Сондай-ақ қақталған шұжықтан, майонез бен кетчуптен де бас тарту қажет болады.
Қолыңыздың ұйып қалуынан немесе аяқтарыңыздың тартылуынан түн ішінде бірнеше рет оянуыңыз мүмкін. Мұның себебі – қантамырларға түсетін қысымның жоғарылауы. Енді етбетіңізден жатып ұйықтауға болмайды, себебі бұл бала жолдасының қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатуы мүмкін. Алайда қазірдің өзінде Сіз өзіңізді ана сезінесіз және бала үшін бәрін көтеруге дайынсыз. Шалқадан жату жайсыз, себебі көз алдыңыздан «қарауытқан» нәрселер ұшып, басыңыз айналады.
Артыңызға жастық қойып отыруға кеңес беріледі, сонымен бірге бұрыш 45 градустан тұруы керек. Тек қырыңызбен жатып ұйықтауға болады. Соның ішінде сол жақ қырыңызға жатқан дұрыс.
Бұл кезде баланың қозғалысы қатты білінеді. Алайда қозғалуға орын аз болғандықтан, көп қозғала алмайды. Жақын арада бала дүниеге келуіне дайындалып, басын төмен қаратып жатады. Бірақ есіңізде сақтаңыз, күндіз бала кемінде 10 қозғалыс жасауы, ал Сіз оны сезуіңіз керек.
Бүгінде алдыңызда тосып тұрған босану жайлы ойлануыңыз керек. Сол кезде дүрбелеңге түспес үшін, оған қазірден алдын ала дайындалу қажет. Сіңірлеріңіз бұрынғыға қарғанда, табиғи себептерге байланысты өздері де иілгіш. Баланы босану үшін бөкселеріңізге арнап жеңіл қозғалысты жаттығулар жасаңыз. «Әйелдерге арналған шиацу» деген арнайы жаттығулар жинағы дайындалған. Баланың өмірге келетін күні қандай бірізділікпен орын алатынын білу, босанудың жеңіл болуына септігін тигізеді.
30 аптада жүкті әйел қынабынан бөлінетін жағындылар
Бұл уақытта ұқыптылық пен мұқият болу аса қажет. Бұған дейін қынап микрофлорасының жағдайын Сіз жағындылардың сипатына қарап білетінсіз. Олардың мөлшері аздан және түссіз кезде барлығы қалыпта екенін білетінсіз. Ал түсі ағарып, ірің не қан пайда болса бірден дәрігерге тексерілуе баратынсыз. Осы ұстанымдар әлі де сақталуда. Алайда инфекциялық зақымдану судың ағып кетуіне әкелуін есіңізде сақтаңыз, ол балаға жұғатыны сөзсіз. Қосымша зерттеуден өту маңызды, сонда бірдеңе істеп үлгеруіңіз мүмкін.
Бала жолдасы ажырап кеткен жағдайда әрбір минут қымбат. Мұның алдында қансырау пайда болуы мүмкін.
Жүктіліктің 30 аптасындағы тамақтану
Шикі өнімдердің ішінен жуылған көкөністер мен жемістер ғана жеуге болады. Шикі сүттен, жұмыртқадан, қақталған еттен, қанды еттен, қақталған және тұздалған балықтан бас тартқаныңыз абзал. Термо өңдеуден өтпеген азық-түліктер қауіпті болуы мүмкін. Тексеруден өтпеген сатушыдан шикі сүт сатып алу кезінде оның сүті бруцеллез немесе сальмонеллез жұқтырған болуы да ықтимал.
Жуылмаған жемістерді жеу де қауіпті. Тіпті шикі су ішкененнен де ішек жайсыздығы туындауы мүмкін. Азық-түліктерді жабық ыдыста сақтап, дайындау алдында міндетті түрде жуу қажет.
Сондай-ақ экзотикалық тағамдарды да тұтыну қажет емес. Оны кейінге қалдырыңыз. Тіпті әдетте жемеген жемістеріңізді қазір пайдаланбаңыз. Отандық климаттық зонада өсетін жемістер мен көкөністер әлдеқайда пайдалырақ.
УДЗ
Генетикалық жағынан қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқ екендігін дәрігер болашақ баланы үнемі тексеру уақытында, оның ағзасының қалыптасуы туралы ең маңызды ақпаратты ерте және орта мерзімдерде хабарлайды. Барлық жүйелер қалыптасып біткен соң, баланың өмірге келуіне дейін онымен «қарым-қатынас» жасау үшін УДЗ жасатуға болады. Бұл Скайпқа ұқсайды, бірақ әрине дыбыссыз түрі. Бірақ баланың жүрек соғысын тыңдауға болады.
Ағымдағы аптадағы өзгерістер туралы дәрігер айтып береді: бала жақсарып қалған. Бетін көруге болады. Ол домаланып қалған, қолдары мен аяқтарын көруге болады. Миы дамуын жалғастыруда, қатпарлары мен сайларының саны өсуде. Балаға қоректік заттарды жеткізетін бала жолдасының қантамырларын көруге де болады.