7 аптада ұрықтың өсуі мен дамуы
7 акушерлік аптада сіздің шаранаңызға 5 апта толады. Ол белсенді түрде өсіп, дамып жатыр. Тура осы аптада ағзаның «іргетасы» қаланады. Болашақ ана өзінің жағдайына аса көңіл бөлуі тиіс.
Эмбрионның өзгеруі:
- Бас миының белсенді түрде қалыптасуына байланысты, эмбрионның басы жылдам өседі. Осы уақытта жүйке жүйесі қалыптасады: жүйкелер қалыңдайды, осының арқасында барлық органдар өзара байланыса алады.
- Ұрықтың көзі де дамиды, оларды жақында УДЗ арқылы көруге болады.
- Асқорыту жүйесі жеке органдарға: асқазан, өңеш, ішектің жоғарғы және төменгі бөліктері болып бөлінуін бастайды. Ұйқы безі мен бауыр жақсы өсуін бастайды. Ішек түтікшелерінен бөліну органдары қалыптасады.
- Бүйректер қалыптасқан. Олар өсіп жатыр және оларда жыныстық бездер (болашақ бүйрек бездері) пайда болады, олар аз-маз қалыңдық секілді болып тұрады.
- Эмбрионның жалпы көлемі 2 см құрайды. Бала жолдасы қабырғасының қалыңыдығы - 1 см.
Болашақ ана өзінің ішкі сезімдеріне аса мән беруі керек. Егер шағымдар болса, онда УДЗ өткен дұрыс, осылайша жүктілікті бөлу қаупін уақытылы анықтауға болады.
Жүктіліктің 7-аптасының белгілері
Бұл уақытта, әйел өзінің жүктілігі туралы біледі. Алайда кей кездері етеккір циклы бірінші триместрде өзгеріссіз сақталып қалады. «Қызықты жағдайыңызды» анықтауға көмектесетін бірнеше белгілер бар:
- Тәбеттің күрт жоғарылауы. Үнемі тамақ жегіңіз келіп тұратын сияқты болады. Бұл ағзадағы гормондық ауысуларға және пайдалы заттардың тәуліктік қалпының өзгеруіне байланысты.
- Күні бойы жүректің айнуы, таңертеңгілік құсу (уланумен байланысы жоқ).
- Енжарлық, ұйқының келе беруі. Таңертең тұрғыңыз келмейді, күні бойы жата қалып, демалғыңыз келіп тұрады.
Осы белгілердің біреуі немесе барлығы білінсе, жүктілікті анықтау үшін гинеколоқа бару қажет. Оң нәтиже шықса, есепке тұрыңыз.
Болашақ ананың сезімдері
Осы уақытта әрбір әйел өз ағзасындағы өзгерістерді қатты байқайды. Оның жұмысқа қабілеттілігі жойылады, мүлде белсенді болмай қалады. Ұйқы басып, жалпы жағдайының жайсыздығын сезінеді. Әсіресе, бұл жұмыстағы әйел адамдар үшін қиын.
Таңертеңгілік жүректің айнуы мен құсу мазалайды. Кейбір азық-түліктер мен олардың иістері желкендіреді. Ауа тар жерде басыңыз айналып, талып қалуыңыз да мүмкін, бұл артериялық қысымның төмендеп кетуіне байланысты.
Тері бұзылып, майланып кетеді. Бетіңізге және арқаңызға безеулер немесе қара нүктелер шығып кетуі мүмкін. Аллергендерге сезімталдық пайда болады. Теріңіз қыши беруі мүмкін (оны жүкті әйелдер қышымасы деп атайды).
Егер осы өзгерістер болашақ ананы қатты мазалайтын болса, гинеколог дәрігерге көрінген дұрыс. Ол әйелдің зертханалық көрсеткіштерін бақылауда ұстайтын болады. Қажеттілік туындаса, ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді немесе әйелді стационарға жатқызады.
Жыныс жолдарындағы жағындылар: дұрыс па әлде бұрыс па
Жүктілік кезінде жағындылар мөлшері ұлғаюы мүмкін. Түссіз және иіссіз жағындылардан қорқудың қажеті жоқ. Бұл қалыпты болып саналады.
Міндетті түрде стационарға баруды қажет ететін жағындылар түрі:
- алқызыл, ашық қызыл, қоңыр түсті. Бұл түсік тастау қаупі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жылдам жедел жәрдем шақырған дұрыс.
- Иісі жағымсыз сары немесе жасыл түсті жағындылар. Бұл инфекция түскенін білдіреді, онымен күресу қажет. Гинекологқа жүгіну керек.
Қышқыл иісі бар ақ жағындылар – бұл кондидоз белгісі, көбіне гормондық өзгерістер кезінде орын алады. Егер бұл болашақ ананы мазаламаса, қорқудың қажеті жоқ. Қарсы жағдайда өзіңіздің дәрігеріңізге қаралғаныңыз жөн.
Бірінші триместрдегі тамақтану
Бірінші триместрде жүкті әйелдің дұрыс тамақтануы үшін – теңгерімді тамақтанған дұрыс. Оның ішінде зиянды тамақтар: қақталған, қуырылған, тұздалғандар болмауы керек. Күнделікті мәзірді пайдалы көмірсулармен (ботқалар, жоғарғы сұрыпты макарон өнімдері, тұтас өнімдерден алынған қара нан), ақуыздармен (тауық жұмыртқасы, құстың ақ еті, ірімшік), майлармен (айран, сүт) байыту қажет.
Сүтқышқылды өнімдерге аса мән берген дұрыс. Гормондық фон өзгерген кезде ішек микрофлорасы зардап шегеді. Иммунитет төмендеп, шартты-патогенді бактериялар мен зеңдер пайда болады. Пайдалы бактерияларды енгізе отырып, ағзаға көмектесу керек.
Алғашқы УДЗ-ден не көруге болады
7 аптадағы бірінші УДЗ-ден эмбрионның қолдары мен аяқтарын көруге болады. Ол бақаның баласына ұқсайды. Көздің орны қалыптасып келе жатқан басты анық көруге болады.
Шарана өт қабықшасынан қорек алады, кейін оны кіндіктен алатын болады.
Алғашқы УДЗ-ге жолдасыңызсыз баруға болады, себебі баланың жыныстық ерекшеліктері әлі көрінбейді.