Жүктіліктің 11-ші аптасы: ұрықтың дамуы
11 аптадан бастап ұрық өте жылдам дами бастайды. Оның кіп-кішкентай денесі осы уақытта айтарлықтай түзеле бастайды. 7 күннің ішінде ұрықтың ұзындығы 5,9 см құрайды. Басы әрине өте үлкен, бірақ жақын арада ол да өзгереді. 11 аптада аяқтары белсенді түрде дамиды. Қазір аяқтарының саусақтарына жұп-жұқа тырнақтар шығуда. Бала бет аузын тыжырайтуды үйренеді – осылайша ол бетінің бұлшықеттерін дамытуды қалыптастырады. Баланың көзі қабағымен жабулы, бірақ қазірдің өзінде нұрлы қабықшасы дамып келеді.
Енді баланың ішегі өз қызметін бастайды. Бауырда өт жиналып, бүйректер де белсенді қызметін бастайды. Өмір сүруге арналған өнімдер қазір тек анасының ағзасы арқылы келуде, бала қалай өмір есігін ашады, солай өз бетінше бөлек ағза болып қалыптасады. Ал әзірше Сіздің бүйрегіңіздің екі адам үшін қызмет атқаруына тура келеді.
Қызықты сәт: жақында ғана дүниеге келген бала сулы ортаға тез үйренеді деген пікір қалыптасқан. Бұл табиғи нәрсе, себебі су – олар үшін қалыпты орта. Анасының ішінде жатқан да олар қағанақ суын жұтады. Мамандардың айтуынша бұл шарананың дұрыс дамуына қажет.
Шамамен 11 аптаның соңына қарай баланың лимфоциттері өндіріле бастайды. Бұл балада лимфа жүйелері қалыптасып жатыр дегенді білдіреді. Осы уақытта айырша безі қалыптасады.
Ер балаларда жыныс бездері ер адамдардың жыныстық гормоны – тестостерон өндіре бастайды. Жүктіліктің осы аптасында Сіздің балаңызда тиімді гормондық теңгерімге жауап беретін жүйе қалыптасады. Ол гипоталамус-гипофиз деп аталады. Оның пайда болуы тікелей ХГЧ гормондарымен байланысты, ол Сіздің ағзаңыздағы жүктіліктің 2 аптасынан бастап өндіріледі. Тура 11 аптада қалқанша безінің қалыптасуы басталады.
Осы уақытта дәрілік заттарды аса мұқият қабылдау керек, себебі ол гормондық жүйенің дамуына қауіп төндіруі мүмкін. Сіз күйзелістен аулақ болуыңыз шарт – кез келген жағымсыз жағдайлар балаға жаман әсер етеді.
Отбасының жаңа мүшесінің өмірге келуіне дайындық
Жүктілігіңізді бақылайтын акушер-гинеколог дәрігер, болашақ аналар мектебіне барғаныңызды қалайды. Сабаққа қатысу кезінде (барғысы келсе күйеңіздің де) медицина қызметкерлері босану кезінде қалай дұрыс тыныс алу керектігін үйретеді, босанудың барлық сатылары және баланы қалай дұрыс емізу керектігі туралы айтады. Әдетте жүкті әйелдердерде күдік басым болады, сондықтан мұндай сабақтарға барған дұрыс. Егер бұл бірінші босануыңыз болмаса, Сіз не істеу керектігін және өзіңізді қалай ұстауды жақсы білесіз, бұл үлкен пайда, себебі сабаққа қатысып уақытыңызды жоғалтпайсыз. Тек босану кезінде эмоцияға берілмеңіз:егер қорыққаннан бұлшықеттеріңіз қатып қалса, ауыру сезімдері одан да қатты болады. Ал керісінше - денеңізді бос ұстасаңыз бұл жеңіл әрі аурусыз босануға септігін тигізеді.
Осы мерзімдегі жаңа сезімдер
Әдетте 11 аптаға қарай жүкті әйелдердегі токсикоз артта қалады, ал енді Сіз бүкіл денеңізде әлсіздік сезінесіз – бұл қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда демалып алуға мүмкіндік табыңыз: жүктіліктің қауіпті кезеңі артта қалды, бірақ осындай екен деп өз жағдайыңыз туралы ұмытып кетпеңіз. Дұрыс тамақтаныңыз, ұйықтау мен серуендеу ережелерін сақтаңыз, қатты қимылдап, болмашы нәрсе үшін уайымдамаңыз.
11 аптаның аяғына қарай шарананың барлық органдары мен жүйелері қалыптасып болған, ал түсік тастау қаупі аса қатерлі емес. Бұл уақыттың тағы бір артықшылығы – Сіздің немесе балаңыздың қандай да бір ауыр мәселелерінің төмендегені. Бірақ қашанда мұқият болғаныңыз жөн және ағзаңыздың жұмысына құлақ түріңіз.
Көптеген әйел адамдарда жатыр көлемі ұлғайған сайын, іш домалана түседі. Осының салдарынан несеп қуысына қатты қысым түсіп, қайта-қайта дәретке бара беретін боласыз. Сонымен бірге тамырларыңыз бен іш қатуына қатысты мәселелер туындауы мүмкін.
Сондықтан да жалқаулық танытпай, қозғалу белсенділігіне аса көңіл бөлген жөн. Бұл жаяу жүру, қиын емес физикалық жаттығулар, саябақта жаяу серуендеу. Қозғалыс қанның ұйып қалуын болдырмайды, сонымен қатар ішек жұмысын жақсартады. Егер мұндай жағдайлар орын алса, уайымдамаңыз, себебі олар жүкті әйелдердің көбінде кездеседі. Оның себебі – қозғалыссыз өмір салты. Әсіресе егіз балалар күтіп жүрген аналарға қиын. Бірақ бұл кез келген нәрсе үшін уайымдап, өзіңізді тастап жіберуге себеп емес. Қозғалыстың - өмір екенін және белсенді түрде қозғалуды ешкім әлі жоққа шығармағанын есте сақтаңыз.
Қынаптан бөлінетін жағындылар
Жоғарыда айтқанымыздай, жүктіліктің бұл мерзімінде қауіп азайған. Қандай жағдайда да ауыру сезімдері мен қанды жағындылар пайда болса, тез арада дәрігерге жүгінген дұрыс. Қанның болуы жатырдың жұмсақтығын білдіреді, алайда маманның көмегінсіз мәселені шешу қиын. Қынаптан бөлінген іріңді жағындылар болса, дабыл қағу керек. Бұл балаға жағымсыз әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті жүкті әйелдер үнемі гинекологтың тексерісінен өтіп тұрулары қажет.
Жүкті әйелдің тамақ үлесі
Жүктіліктің ерте кезеңдеріндегідей, тамақтану толыққанды және дұрыс болуы шарт. Кішкене босаңсуға болады, егер қатты жегіңіз келсе, тамақ үлесіңізге аздап тұзды және кептірілген өнімдер қосуыңызға болады, өз рахатыңыздан бас тартпаңыз. Жүктіліктің екінші жартысында әйел адамдар күрт салмақ қосуды бастайды, осыдан кейін дәрігерлер диетаға отыруға кеңес береді.
Осы уақытта шарананың қалқанша безі белсенді түрде дамиды, тамақ үлесіңізге құрамында йоды көп өнімдер қосу қажет. Бұл тізімге барлық теңіз өнімдері кіреді. Теңіз қырыққабатында йод көп. Оны жеке тамақ ретінде де, одан салат жасап та жеуге болады.
Жүктіліктің 11 аптасында ауыр мәселе – қан аздықпен соқтығысады. Тамақ үлесін дұрыстап, дәрілер ішпеуге болатынын көп адамдар біле бермейді. Мәзірге көкөністер, алма, сиыр бауырын, анар қосыңыз, жақын арада қан талдауларының нәтижелері жақсы жағына өзгереді.
Зерттеулер мен талдаулар
Бұл мерзімде жүкті әйелдердің барлығын нақты босану күнін анықтау үшін ултрадыбыстық зерттеу жасауға жібереді, сонымен қатар шарана органдарының жұмысын қосымша тексеріп, қандай да бір патологияның бар не жоқтығын анықтайды.
Сіздің балаңыз өз бетінше жатырдан тебініп, кішкентай ғана басын көтере алатыны таңқалдыруы мүмкін. Жүктіліктің 11 аптасында баланың көзі толық қалыптасқан. Бас миы да жылдам дамиды. Шаранаңыздың жүрегі минутына 120-160 жиілікпен соғады. УДЗ жасау кезінде маманнан жүрек соғысын тыңдатуын сұраңыз. Бауыр әлі де қалыптасуын жалғастыруда, бүйректер бар күшімен жұмысын істеуде, ал бала жолдасы химиялық теңгерімді ұстап тұр.