Йод адам ағзасында болатын көптеген үрдістерге қатысады. Оған кейбір гормондардың синтезі, сонымен қатар зат алмасудың өту жылдамдығы байланысты.Бірақ йод бұдан басқа қандай қызметтер атқарады,оның жетіспеушілігі неге әкеледі?
Йод және оның адам ағзасындағы рөлі
Йод — бұл қалқанша безі өндіретін, гормондардың құрамына кіретін негізгі компонент.Олар метаболизм процессіне, тағамды энергияға айналдыруда және ағзалардың өсуі мен дамуында маңызды рөл атқарады.Бұдан бөлек,йод майдың сіңуін жылдамдатады,сонымен қатар ақыл-ой қабілетін белсендіреді.
Йодтың негізгі қызметтеріне төмендегілер жатады:
- энергия алмасу және дененің термореттеушілігі;
- биохимиялық реакциялар мен процесстердің өту жылдамдығы;
- нәруыз және май алмасу;
- әртүрлі топтағы витаминдердің синтезі мен сіңуі;
- жүйке-психикалық дамуы.
Йод концентрациясының негізгі орны - қалқанша безі.Бұл жерде 30% микроэлемент болады, ағзадағы қоры 20-30 мг құрайды. Қан плазмасы тироксин түріндегі барлық қордың шамамен 35% -ын құрайды,қалғаны басқа ағзаларға бөлінеді.
Денедегі дәл осы йодтың мөлшеріне,адамның артериалдық қан қысымы қалай болатыны,сонымен қатар ішкі және сыртқы тіндердің жағдайы байланысты болады.Сондай-ақ ,бұл элемент басқа тіндердің оттегімен қоректенуін жоғарлатады,яғни қызметінің жақсаруына жәрдемдеседі.
Йод жетіспеушілігінің жағымсыз салдары
Йод өмірлік маңызды микроэлемент болып табылады және оның тұрақты жетіспеушілігі ағза жұмысының қатты бұзылысына әкелуі мүмкін. Ал, кей жағдайларда өліммен аяқталуы да абзал. Жетіспеушілігі құрамында йоды бар тағамдарды аз қолданудан,микрокомпоненттерге аллергиядан,сондай-ақ оның утилизациясын нашарлататын әртүрлі консерванттарды қолданғанда болады.
Йод жетіспеушілігі мыналарға әкелуі мүмкін:
- қалқанша безінің ұлғаюы мен зобтың қалыптасуына;
- қалқанша безі қызметінің бұзылысына;
- термореттелудің бұзылысына;
- тұрақты іш қатуға;
- дене салмағының ұлғаюына;
- сезім мүшелері жұмысының бұзылысына;
- салдануға;
- бедеулікке.
Жаңа туылған балалар басқаларға қарағанда йод жетіспеушілігінен көбірек зардап шегеді,сондай-ақ микроэлементтің төмен көрсеткіші өлімге әкелуі мүмкін.Балаларда жетіспеушілігінің көрінісі ретінде кретинизмге ұшырататын және ой әрекетінің басқа да түрлеріне әкелетін гипотиреоз дамиды.
Егер сіздің балаңыздың тұрақты түрде тамағы жыбырласа,құрғақ жөтел анықталса, тұрақты бас ауруы маза бермесе - бұл йод жетіспеушілігінің бірінші көрінісі. Бұндай симптом кезінде баланың денсаулығы сіздің алдағы уақыттағы іс-әрекетіңізге байланысты болады.
Йод қорын қалай қалыпқа келтіреміз?
Йод — бұл адам ағзасындағы үйлестірілген микроэлементтердің бірі болып табылады,сондықтан оның қорын уақытылы мұқият қадағалау қажет. Оны қадағадау қарапайым қағидалардан тұрады:
- теңіз өнімдерін қабылдау:(балық, ас шаяны, ламинария және балдырдың басқа да түрлері) ;
- тағам рационына сүт және жұмыртқа саруызын қосу;
- тағамға дәмдеуіш ретінде кез-келген супермаркеттен оңай сатып алуға болатын йодталған ас тұзын қолдану;
Ағзамыз басқа да пайдалы микроэлементтерге мұқтаж болғандықтан, рацион тек құрамында йоды бар өнімнен ғана болмауы керек екенін есте ұстау керек. Сондай-ақ теңізден алынатын өнімнің заттық құрамы тікелей соңғы сипаттамаға байланысты.
Доромарин — йодтың табиғи көзі
Егер сіз балаңыздың денсаулығына алаңдасаңыз және ол йод жетіспеушілігіне мүлде тап болмауын қаласаңыз, Доромаринге тапсырыс берудің дәл уақыты келді.Ол уақытқа, қоршаған ортаға қарамастан, балалардың сау болуына көмектесетін ,құрамында көптеген сығындылар, дәрумендер және микроэлементтердің табиғи өнімдерін қамтиды.
Сіздің балаңыз Doromarine-ге мұқтаж, егер ол:
- оқу материалдарын меңгеру барысында үлгере алмаса;
- әрдайым шаршағыштық пен бас ауруына шағымдана берсе;
- мектепке немесе бала-бақшаға барып жүрсе;
- бос уақытының көп бөлігін теледидар немесе компьютер алдында өткізетін болса;
- жылына екі реттен көп ауырса;
- жануарлармен және бактериялардың зиянды көздерімен тұрақты контакт жасайтын болса;
- үйлесімсіз тамақтану режимі және өсіп келе жатқан ағзаға қажетті барлық өнімдерді қабылдамайтын болса.
Доромарин өнімінің арқасында,сіздің балаңыз ауыр дерттер мен жарақаттардан аулақ болады, өнім сүйекті қатайтады,тіндердің регенеративті қызметін жылдамдатады. Doromarine ой әрекетін жақсартады, неврологиялық реакциялардың өтуін тездетеді,бұл балаларға ең қиын деген тапсырмаларды орындай алуға көмектеседі.Қазақстан бойынша тегін жеткізу қызметі қамтылған,сондықтан Доромарин өнімін тұтыну әрі пайдалы, сонымен қатар тиімді. Doromarine – сіздің балаңыздың толық дамуына қажетті негізі 100% табиғи жеміс шырынынан және барлық дәрумендер мен минералдарынан тұратын,жағымды жеміс дәміне ие.