Жүктіліктің 10 аптасы: ұрықтың дамуы
Сіз жүрегіңіздің астында шарананы көтеріп жүргеніңізге 10 апта болды, бірақ ұрыққа 8 апта ғана толды. Енді эмбрион ұрық деп аталады. Бұл мерзімде ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен жақын арада ұл немесе қыз туылатынын білуге болады. Бұл жаңа туатын сәбиге арнап киім ала беруге болады деген сөз. Ең қызық нәрсе, тіпті баланың қан тобын да анықтауға болады!
Ұрықтың жүйке жүйесі толық қалыптасып бітті. Алдында ғана эмбрионның миы орта және сопақша мидан тұрса, ал қазір ол белсенді түрде дамып жатыр. Басының көлемі кішкентай – оның диаметрі 1,7 см құрайтынына сену қиын. Ұрықтың ұзындығы да кішкентай, себебі жалпы оның көлемі 5 см құрайды. Осыған қарамастан ол аяқ-қолдарын қозғалтып, бас бармағын соруды үйреніп жатыр!
Ультрадыбыстық зерттеуден сары нүктенің ақырындап жоғала бастағанын байқауға болады. Жақын арада шарана бала жолдасы арқылы қоректенетін болады. Қазір оның қарқынды дамуы болып жатыр.
Босану жайлы ойланатын уақыт келді
Бұл уақыттың ішінде Сіз әлі қатты салмақ қосқан жоқсыз. Кішкене ғана ұлғайған ішіңіз әлі байқалмайды да. Айналаңыздағылар Сіздің «қызықты жағдайыңыз» туралы білмейді. Бірақ жақын арада өзгерістер орын алады.
Заманауи жұптар жүктілікті бақылайтын, сонымен қатар босануға қатысатын дәрігерді алдын ала таңдауды құп көреді. Оны мемлекеттік ауруханадан, не ақылы емханалардан табуға болады – бұл материалдық жағдайға байланысты. Өзіңіз сенім арта алатын гинекологты табу үшін, түрлі мамандарға қаралудан ұялмаңыз. Жақсы дәрігер отбасыңызда жазылмайтын сырқаттармен ауыратын адамдар бар ма деп сұрайды. Бұл балаға қандай патологиялар берілуі мүмкін екенін анықтау үшін жасалады. Бұл маңызды, себебі ата-аналары қосымша сараптамалар жасатуы керек болады. Дәрігер кеңестеріне бей жай қарауға болмайды, қажеттілік туындаса, алдын ала сақтанған жөн. Егер еш күдік болмаса, қалған айлардың ішінде балаңызды еш уайымсыз көтересіз.
Болашақ ананың сезімдері
Жүктіліктің 10 аптасында жатыр үлкейеді. Мұны шаттың қатты ауыру сезімдерінен байқауға болады. Қазірдің өзінде оны ақырын қолмен сипап сезуге болады. Осы кезде әйелдер жиі-жиі дәретке бару сезімдерін бастан кешіреді. Шыдаудың қажеті жоқ – мүмкіндік бола салысымен қуығыңызды босатыңыз. Сұйықтық ішуден бас тартуға болмайды, қазір ағзаға бұрынғыдан да көп таза су керек. Егер несеппен бірге қанды жағыныдалар, ауыру сезімдері пайда болса – инфекциялық ауру дамып келе жатыр деген сөз. Бірден кеңесу үшін гинеколог дәрігерге көрінген дұрыс, оны кейінге қалдыра бермеңіз.
Жүктілік кезінде өзіңізді күйзеліс жағдайынан аулақ ұстаңыз және жүйкеңізді тоздырмауыңыз керектігін есте ұстаңыз. Жағымсыз уайымдар мен ойлар балаға жаман әсер етеді. Егер мұндай жағымсыз әрекеттерден жалбыз шайын ішу арқылы құтыла алмасаңыз, невропотолог дәрігердің кеңесіне жүгініңіз. Ол өсімдік негізіндегі зиянсыз дәрілер береді, оны курс бойынша қабылдасаңыз, уайым мен қайғыдан арыласыз.
Жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар түссіз болуы керектігін ұмытпаңыз. Егер қалыптан тыс нәрсе байқасаңыз, бұған аса көңіл бөлген жөн. Мұндай жағдайлар қынапта қабыну орын алғанын, кандидоз және басқа патологиялардың пайда болғанын білдіреді. Мұндай нәрселерге мұқият қарамасаңыз, түсік тастау қаупі тууы мүмкін.
Іштің ауыру сезімдеріне де мұқият болған дұрыс. Ол бала үшін аса қауіпті болып саналады. Бұл жағдайда медициналық көмек аса қажет, себебі ағза қолдау мен көмекті қажет етеді. Бала көтеріп жүрген кезде жатыр өте жұмсақ болатынын көп адам біле бермейді. Сондықтан гинекологқа қаралғанда немесе жыныстық қатынасқа түскенде қанды жағындылар болуы мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ.
Жүкті әйелдің тамақ үлесі
Жүктіліктің бұл кезеңінде тамақ үлесіңізге құрамында мырыш бар тағамдарды қосыңыз. Бұл үшін тағам өнімдерін қайта қарастырып шығыңыз. Мырыш зат алмасуға қатысатындықтан, ағза үшін аса қажет. Мырыштың балаға тигізетін пайдасы орасан. Ол жұмыртқаның, геркулестің, жаңғақтардың және кептірілген өріктің құрамында болады. Гинеколог мырыштың пайдасы туралы әрине айтып береді. Мұны тек болашақ аналар ғана ескермеуі керек. Егер бұл элемент жетіспесе, бала көтеруге кедергі болады, түсік тастау қаупі болады, сонымен қатар шарананың жүрек ақауы болуы мүмкін.
Ультрадыбыстық зерттеу
Қазір Сіздің балаңызды эмбрион емес, бала деп атайды! Бұл жайдан-жай айтылған сөз емес, себебі жүктіліктің 10 аптасында кішкентай ағзада керемет өзгерістер орын алды! Ішінде кіп-кішкентай жүрек соғып тұр! Экраннан дене мүшелерін және ішкі органдарын қиындықсыз көруге болады. Қазірдің өзінде УДЗ дәрігері кіндігін көрсете алады.