Бала көтеру кезеңі болашақ ана үшін ең жауапты кезең болып саналады. Жүктіліктің ағымдағы аптасы туралы ақпаратпен танысу мүмкін болатын ауытқуларды біліп, уақытында дәрігерге көрінуге көмектеседі. 16 апта туралы айтайық.
Жүктіліктің 16 аптасындағы ұрықтың дамуы туралы
Осы аптадан бастап 20 аптаға дейін баланың алғашқы қозғалысы пайда болады. Егер жүктілігіңіз бірінші болмаса, сіздің ішіңіздегі тағы бір өмір өзін жақсы сездіре бастайды. Бұл атаулы күн тек эмоционалдық жағынан ғана маңызды болып саналмайды. Алғашқы қозғалған күнін міндетті түрде есте сақтаңыз, бұл дәрігеріңіздің балаңыздың өмірге келетін күнін нақты есептеуіне көмектеседі.
Жүктілік мерзімін соңғы етеккір келген күннен бастап санайды. Әрине, эмбрионның жасы есептік аптадан екі апта кейін жүреді. 14 апталық шарананың сүйектері кальцийге толған, бұлшықеттері күннен күнге мықты болып, физикалық тұрғыдан өте белсенді болады. Бұл сатыда баланың ымдау белгілері жақсы дамыған. Бала қасын түйеді, аузын ашады, сору қозғалыстарын жасайды. Қолдары мен аяқтары айтарлықтай жақсы қозғалады. Қантамырларының өте жақын орналасуынан терінің қызаруы байқалады. 16 аптада қабақ бөлініп, бала көзін ашады.
Егер баланың қозғалысын әлі байқамасаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Белсенділік деңгейін қатты қозғалыстардан кейін сезінетін боласыз. Кейінірек әр 10 минут сайын бала қозғалысын сезетін боласыз. Бала тынышталып қалған кезде үрейлене бермеңіз. Бірақ ұзақ қозғалыссыз қалса, бұған бей-жай қарауға да болмайды. Қыз баланың да, ер баланың да жыныстық органдары қалыптасқан. Сондықтан УДЗ-ден балаңыздың жынысын біле аласыз.
17 аптаның басына қарай баланың басы 32 мм дейін, кеуде қуысы – 31,9 мм, іші – 31 мм дейін өсуі мүмкін. Бала жолдасының қалыңдығы +/-18,5 мм құрайды.
Жүктіліктің 16 аптасында әйел не сезеді
Бұрын ана болу бақытына ие болғандар, бала қозғалысын қазірден сезе алады. Алғашқы жүктілікте бала қозғалысы 16-20 апта аралығында білінеді. Келесі аптаға дейін бала өсіп, күшті болатындықтан, ол өзін міндетті түрде сездіреді.
Жатыр мойнының биіктігі 16 см жетті. Іш дөңгеленіп, күнделікті істерді атқару кішкене қиындық тудыра бастайды. Бұл жеңіл физикалық жаттығулардан бас тарту керек дегенді білдірмейді. Физикалық жаттығулар іш қатуына қарсы жақсы тәсіл болып табылады. Егер ішіңіз қатты қататын болса, тамақ үлесіңізге өзгеріс енгізіңіз. Кейбір азық-түліктер іш жүргізетін қасиетке ие. Іш қатуымен осылайша күресу дәрі ішкенге немесе шөп тұнбаларын қабылдағанға қарағанда тиімдірек болады.
Кей кездері гормондық өзгерістер бүйрек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Несеп-жыныс жолдарының жағдайын бақылауда ұстау үшін жүкті әйел әр ай сайын несеп талдауын өткізіп тұруы керек. Бұл гинекологтың уақытында пиелонефрит және басқа да инфекциялық ауруларды анықтауына көмектеседі. Мұндай аурулар жүктілік кезінде асқынып кетсе, кейін созылмалы түрге айналады.
Жүктіліктің 16 аптасындағы жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Түссіз және сүтті жағындылар қалыпты болып есептеледі. Ақ түсті болса жоспардан тыс гинекологқа қаралып, қосымша талдаулар өткізу қажет болады. Мұндай жағдайларда дәрігердің кандидоз немесе басқа инфекцияларды табуына көмектеседі.
Қанды жағындылар мен іштің ауыруы медициналық көмекке шұғыл жүгіну керектігін білдіреді. Көбінесе кішкене емделу курсы жағдайды орнына келтіреді. Жүктілік кезінде жатыр өте жұмсақ және созылмалы болатынын гинеколог дәрігер түсіндіріп береді. Тіпті аздаған байқаусыз қимыл жарақат алудың себебі болуы мүмкін. Кей кездері қанды жағындылар жатыр мойнының жарасының кесірінен болады. Қалыптан тыс кез келген ауытқулар жайлы дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
Жүктіліктің 16 аптасында тамақтану бойынша кеңестер
Гинеологтың қабылдау бөлімінде болашақ аналар бір-бірімен түрлі ақпараттармен бөліседі. Жақында өзінің жағдайына қарамай, вегетариан ұстанымдарын ұстанатын әйелмен таныстыңыз. Әрине, Сізде бұл балаға зиянын тигізбейді ме деген сұрақ туындады. Жатыр ішілік дамудың барлық сатысында балаға көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар қажет болады.
Гинекологтардың барлығы: вегетариандық, сүт өнімдерін және жұмыртқаны шамалы қолдануға болады деген пікірде. Жүкті әйелдерге көбіне дәрумендік кешендер беріледі. Егер толықтай жануарлар ақуыздарынан бас тарту туралы сөз қозғалса, бұл кейбір аминқышқылдарының тапшылығын тудырады, бұл баланың дамуына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Болашақ аналардың диета мен ораза ұстауларына тиым салынады. Діни көзқарастарының қандай болғанына қарамастан, жүкті әйелдерге үнемі жеңілдік беріледі. Анасының тамақтану тәртібі бала денсаулығына тікелей байланысты.
Ет және сүт өнімдері – бұл ақуыздың қайнар көзі. Бұған қосымша жаңғақ, шемішке және бұршақ тұқымдастары арқылы ағзаға ақуыз түседі. Соның ішінде жармаларға, көкөністерге және жемістерге ерекше орын беріледі. Жүкті әйелдің тұзды көп қабылдауына кеңес берілмейді, себебі оның шамадан тыс мөлшері ағзаның шаршауына және ісіктердің пайда болуына әкеледі. Көбіне йодталған тұз пайдаланған дұрыс. Оның орнын соя тұздығы баса алады.
Су мөлшерін де ұмытпаған дұрыс. Таза газдалмаған судың ең аз дегендегі мөлшері 1,5 литрді құрайды.
Жүктіліктің 16 аптасында УДЗ аппараты не көрсетеді?
Бұл сатыда дәрігер баланың өкпесі мен бұғанасын жақсы көре алады. Бала өте белсенді және өз бетімен қозғалатыны анық көрінеді. Көбіне бала ата-анасының көңіліне қарамай теріс қарап жатып алуы да мүмкін. Немесе керісінше, рахатта созылып, өз-өзін көрсетеді.