Жүктіліктің 18 аптасы: ұрықтың даму ерекшеліктері
Болашақ баланың салмағы бұл аптада 200 гр, ал бойы 20 см жетеді. Ұрықтың дұрыс дамуы туралы осы мерзім үшін маңызды болып табылатын басқа да өлшемдер бар: басының диаметрі шамамен 39,5 мм, кеуде қуысының көлемі – 39,4 мм, ішінің көлемі – 39,5 мм тең. Баланың қолдары, аяқтары және ондағы саусақтары бұрынғыға қарағанда толық және пропорционалды қалыптасқан. Баланың табан сүйегінің ұзындығы шамамен 2,5 см жетеді.
18 аптада бала жолдасының қалыңдығы 21,2 мм құрайды. Әйел ағзасына жүктілік жағдайын ұстап тұруға көмектесетін гормондарды белсенді түрде бөлуге көмектеседі. Бала жолдасының гормондары жатыр тонусын төмендетеді, жатыр мойнының жолдарын жауып тұруға ықпал етеді.
Бұл аптаның тағы бір ерекшелігі осы мерзімде көптеген аналар баланың алғашқы қозғалысын сезеді. Ол кішкентай балықтың жүзгені немесе жеңіл тебіс секілді сезіледі.
УДЗ және болашақ баланың жынысы
Бұл аптада нақты түрде баланың жынысын анықтауға болады. Ұрықтың жыныстық органдары сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да толықтай қалыптасып біткен. Баланың ұл не қыз екенін нақты білудің жолы – бұл ультрадыбыстық зерттеу жасату.
Баланың жынысын білудің, УДЗ-ден басқа көптеген халық арасындағы тәсілдері (іш формасына, анансының сырт келбетіне қарай және т.б.) бар. Оларға сену не сенбеу – әр жүкті әйелдің өзінің жеке шешімі.
УДЗ тәсілімен жүктіліктің 18 аптасында мына көрсеткіштерді де бағалауға болады:
- 2 -ге бөлінген ми сыңарлары бар баланың миын;
- екі камералы жүрегін;
- толықтай қалыптасқан бетін. Баланың басының көлемі бұл аптада шамамен 130-160 мм тең.
Жүктіліктің 18 аптасындағы болашақ ананың сезімдері
Бұл мерзімде анасы баласының алғашқы жеңіл қозғалыстарын сезе бастайды. Алғашқы кезде оны ішектің жиырылуымен шатастырып алуға болады, алайда баланың дамуы мен өсуіне қарай әйел адам оны басқа нәрселерден ажырата алатын болады.
Жүктілікте маңызды рөлді салмақтың өсуі алады. Гинекологтардың пікірінше, аптасына 0,5 кг салмақ қосылса, бұл дұрыс болып есептелінеді. Болашақ ананың салмағы жатырдың өсуіне және ондағы баланың да өсуіне қарай артады: қағанақ суының көлемі көбейеді, бала тері астындағы заттарды ұлғайтады. Осы аптада алғаш рет терінің созылуы байқалуы мүмкін – көбіне жүкті әйелдердің іші мен кеудесі созылады.
Жүктіліктің 18-аптасында кейбір аналарды белінің ауыруы секілді жағымсыз белгілер мазалауы мүмкін. Жатыр өсіп жатқандықтан, бел тұсына түсетін салмақ көбейеді, ауырлық орталығы өзгереді. Беліңіз ауырса, дәрігерлер жүкті әйелге тізе мен шынтаққа тұруға кеңес береді – бұл жаттығу омыртқаға түскен салмақты жеңілдетеді.
Бұл аптаның тағы бір жағымсыз тұсы – аяқтардың ісуі. Бірақ бұл барлық әйелдерде кездесе бермейді. Бүйрек ауруларымен сырқаттанған әйелдер, тәуекел тобына жатады. Ісік пайда болған жағдайда тұз қаблыдауды шектеңіз, себебі ол ағзада суды ұстап тұрады. Киімдердің кеңдеу түрлерін таңдаңыз, оларда қысып тұратын резеңкелер мен түймелер саны аз болғаны дұрыс.
Кейбір әйелдерде жүктілік кезінде көзінің көру қабілеті жағынан мәселелер туындайды. Бұндай жағдай орын алса – бірден офтальмолог дәрігерге жүгініңіз. Жүктілік кезінде көздің көруі нашарласа дәрігерлер табиғи жолмен босануға тиым салып, кесер тілігі арқылы босануға жібереді.
Жүктіліктің 18 аптасында жыныс органдарынан бөлінетін жағындылар
Жүктіліктің 18 аптасында әйел өзінде әдеттегіге қарағанда шырышты жағындылардың қаттырақ келіп жүргенін байқауы мүмкін. Бұл жағдай прогестерон гормонының шамадан тыс бөлінуімен түсіндіріледі. Бұл жағындылардан қорқудың қажеті жоқ, себебі прогестерон қынаптың қорғаныс бөгетін жоғарылатады, жыныс жолдарына инфекцияның түсіп кетуінен сақтайды.
Егер жағындыларда ірің немесе шырыш кесектері пайда болса дереу дабыл қағу керек. Жүкті әйел міндетті түрде гинекологқа тексеріліп, кольпит немесе басқа қабынуларды анықтау үшін талдаулар өткізуі керек. Жүктілік кезінде сонымен бірге кандидоз пайда болуы мүмкін: ол емдеуді қажет етеді.
Кез келген әйел жүктіліктің бесінші айында қансыраудың пайда болуынан сақтандырылмаған. Көбіне бала жолдасының төмен орналасуы бұған себеп болады. Жатыр тонусы жоғары болса, ол түсік тастауға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда әйел сақтануға жатып, тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болғаны дұрыс – тіпті түсік тастау қаупі сейілгенше.
Жүкті әйелдің 18 аптадағы тамақтануы
Бұл аптада жүкті әйелдің тамақ үлесіне бұрынғыдай кальцийдің жоғары мөлшері мен оның сіңірілуін жеңілдететін (D дәрумені, фосфор) өнімдер кіруі керек. Дәрумен жетіспеушілігі кезінде болашақ анаға қосымша дәрумендік кешендер қабылдауға кеңес беріледі. Олардың мөлшерін дәрігер тағайындайды.