Фосфор — адам ағзасының барлық жасушасының қызметін қалыпқа келтіретін басты микроэлемент, сондай-ақ ол сүйек тінін нығайтады. Бұл зат табиғатта кеңінен таралған, сондықтан оның көзін табу қарапайым нәрсе, соған қарамастан бәрібір оның жеткіліксіздігі туындап отырады. Ендеше фосфордың адам ағзасында неге жауап беретінін және оның жеткіліксіздігі неге алып келетінін қарастырайық.
Фосфордың негізгі қызметтері және қасиеттері
Фосфор жасушада болатын өзіндік құрылыс материалы болып табылады. Ол энергия синтезіне қатысады, сондай-ақ басқа да микроэлементтермен белсенді түрде өзара әрекеттеседі, мысалы кальциймен. Соңғы жағдайда ол кальций фосфаты деп аталатын байланыс түзеді, яғни сүйектің, шеміршектің, басқа да тіндердің қаншалықты мықты болатыны осыған байланысты.
Фосфор сондай-ақ келесі қызметтерді атқара отырып, адам ағзасында болып жатқан көптеген үрдістерге белсене қатысады:
- жас жасушалардың бөлінуі мен өсуі;
- жасуша мембранасының құрылымының бүтіндігін қамтамасыз етеді;
- энергия қорына жауап беретін АТФ молекуласының синтезіне белсенді қатысады;
- көмірсу мен нәруыздың қалыпты қайта өңделуін қамтамасыз ете отырып, метаболизм қызметін бақылайды;
- жүйке импультарының ағынының жылдамдығына жауап береді;
- B және D тобының дәрумендерінің қызметін белсендіреді, сондай-ақ С дәруменімен белсенді түрде өзара әрекеттеседі.
Осы микроэлементтің арқасында бас миының және бұлшық ет тінінің қалыпты жұмыс істеу қабілеттілігі қамтамасыз етіліп отырады. Ағзада оның болмауынан, яғни денеде арнайы фосфорлық байланыстар синтезделмейтін болғандықтан, адам қозғала да алмай қалады, Фосфор сондай-ақ бұлшық еттің және бас миының қалыптасуына жауап береді және тісті қалыпты эмальды жабындымен қамтамасыз етеді.
Фосфор жеткіліксіздігі және оның зардаптары
Адам ағзасы әрдайым фосфорды қажет етеді, сондықтан сау адамдарда да оның жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл микроэлементтің жеткіліксіздігі мыналардан болуы мүмкін:
- ағзаның белсенді өсуі;
- оның азық-түлік құрамында жеткіліксіз болуы;
- магний, кальций және алюминий іспеттес элементтермен артық қосылыстар түзгенде;
- созылмалы аурулар;
- эндокринді жүйенің және бүйректің аурулары.
Фосфор жетіспеушілігі жасанды тамақтандырылатын жаңа туған нәрестелерге тән болып табылады. Бұл кезеңде бала барлық пайдалы микроэлементті ана сүті арқылы алады, яғни ол осы уақытта әртүрлі қаспалармен алмастырылса, мейлі ол табиғи өнім болса да, ағза бұл заттың негізгі қажетті мөлшерін бәрібір ала алмайды.
Бұл жағдай одан кейінгі кезеңдерде де туындауы мүмкін. Бала ағзасы өсіп жатқанда ол нәрлі заттардың маңызды мөлшерін қабылдайды. Сондықтан да өсуі қаншалықты тез болса, соншалықты фосфорға қажеттілік те көп болады.
Фосфордың жеткіліксіздігі келесі симптомдармен көрінуі мүмкін:
- әлсіздік және тұрақты ұйқышылдық;
- тәбеттің төмендеуі, тұрақты арықтау;
- сүйектердің ауыруы және аяқтардың ұюы;
- бас ауруы;
- миокард бұзылысы дамиды;
- шырышты қабықтың және терінің бөртуі анықталады.
Фосфордың созылмалы жеткіліксіздігі иммунды жүйенің қызметінің бұзылысына әкеледі, сондықтан аурушаңдық әсіресе маусымаралықта едәуір артады. Сонымен бірге микроэлемент жеткіліксіздігінен баланың жүйке жүйесі де зардап шегеді. Бұл психикалық мәселелерге алып келеді, сондай-ақ таным белсенділігінің әрекеті болмайды. Осы барлық симптомдардың нәтижесінде баланың қабілетсіздігі байқалады, оның сабақтағы жаңа материалды меңгере алмауы ғана емес, жалпы ақыл-ой дамуының бұзылысы болып табылады.
Микроэлемент жеткіліксіздігі рахит және пародонтоз сияқты ауруларда біртіндеп артады. Баланың тістері осал бола бастайды, эмаль жабындысы бұзылады. Сол сияқты сүйектерде - сыну, жарақат, созылулардың туындау қаупі артады. Жаңа туған балалардағы фосфор жеткіліксіздігі анасының жүктілік кезінде және одан кейін де тастамаған зиянды әдеттерінің әсерінен туындауы мүмкін.
Егер ағзада мырыштың, кальцийдің, калийдің артық мөлшері болғанда фосфордың қысымға ұшырайтынын есте ұстау керек. Барлық заттың үйлесімде болуы және оның тепе-теңдігінің сақталуы өте маңызы болып табылады.
Фосфордың қорын қалай толтыруға болады?
Фосфорды көптеген азық-түлік құрамынан табуға болады. Оның көп мөлшері нәруызды өнімдердің құрамында болады, мысалы етте, тауық жұмыртқасында, сүтте және астық тұқымдастарда болады. Олардың шамамен 60%-ы микроэлемент болып табылады. Жемістер және шырындардың құрамында шамамен 10%, 20%- астық тұқымдастарда, ал 7% әртүрлі сусындарда кездеседі. Микроэлемент дәнді өнімдерден нашар сіңіріледі. Ол фитингті байланысудың болуына байланысты. Фосфордың негізгі көзі теңіз өнімдері болып табылады – балық, теңіз балдырлары ( ламинария) және басқалары.
Дүкендерден табылатын кейбір өнімдердің құрамында химиялық қоспа түрінде фосфат болады. Бұндай қосылыстар сақтау мерзімін ұзарту үшін қолданылады және пайдалы емес зиян әкелетінін ұмытпау керек.Осындай өнімдердің тізімінде:
- газды сусындар (фанта, кола және т.б.);
- кептірілген шұжықтар, балық, ет;
- қоюлатылған сүт;
- ерітетін сусындар және қоспалар (кілегей, шәй, кофе);
- балқытылған ірімшік;
- консервілер;
- сары май және маргарин.
Өзіңізді және балаңызды фосфатпен қамту үшін құрамын мұқият оқуыңыз керек, құрамында E (340, 338, 343, 341, 342) тобының қосылыстары бар өнімдерді тұтынуды азайту қажет. Олар аммоний, магний, кальций фосфатын және фосфор қышқылын ұсынады, бұл яғни ерте жаста инфаркттың туындау мүмкіндігін және әртүрлі басқа да жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін арттырады. Зиянды қосылыстары бар өнімдерді қолданғанда тамырдың қабырғаларында табақшалар түзіледі және бүйрек жеткіліксіздігі дамиды.
Доромарин — фосфордың табиғи көзі
Егер сіз балаңыздың, оның ағзасы мұқтаж болып табылатын фосфордың күнделікті қажетті мөлшерін алуын қаласаңыз, онда Доромарин ішуді бастаңыз. Бұл өнімнің құрамында табиғи сығындылар мен компоненттер бар және химиялық қоспалар мен консерванттар болмайды. Доромаринді ішкеннен кейін балаңыздың тістері толығымен сау болады және сүйектерінің қалыптасуы ешбір патологиясыз жүреді.
Бұдан бөлек Doromarine төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- мықты иммунитет және әртүрлі бактериялар мен инфекцияларға қарсыластығы жоғары болады;
- сабақ үлгерімі жаксарады;
- ағзаға пайдалы микроэлементтер мен дәрумендердің түсуі;
- қалыпты зат алмасу;
- көрудің қырағылығы мен берік жүйке жүйесі.
Доромарин балаңыздың ағзасының әрбір жасушасының қызметін қалыпқа келтіреді, яғни оның құрамында қиыршығыстық ламинария және трепанг сығындысы болғандықтан, ал бұның барлығының негізі жеміс шырыны болып табылады. Осындай қосындыларды таңдау бірегей болып саналады және ол өсіп келе жатқан ағзаның қалыпты дамуын барлығымен қамтамасыз етеді.