Жүктіліктің 19 аптасы: ұрықтың дамуы, салмағы және қозғалуы
Жүктіліктің жартысынан көбі артта қалды. Бала қазір қатты дауыстарды естиді және дыбыстарды жақсы сезеді. Ол айғайға басын бұрып қана қоймай, сонымен бірге қатты дыбыстан дірілдейді. Бала үшін анасының тыныш және үйлесімді ортада болғаны маңызды болып табылады. Бұған баланың тек көңіл-күйі ғана емес, денсаулығы да байланысты.
Бұл мерзімде болашақ ана классикалық музыка тыңдап, көңіл-күйді көтеретін бағдарламалар көргені дұрыс. Бала бәрін сезеді. Ол өз эмоциясын бет-аузын тыжырайту арқылы білдіреді. Бала қазір саусағын сора алады, бетін тыжырайтады және ықылықтайды. Оның бас миы күн сайын дамуда, жүйке жасушалары өзара әрекеттесіп, белгі беруді бастайды.
Баланың ішегі тоңғақ жинайды. Оның алғашқы нәжісі өлі жасушалардан тұрады, кейін олар қағанақ суына түседі. Баланың қызыл түсті тері қабаты қатпарлардан тұрады, олар ақырындап тартыла бастайды. Баланың тері астындағы майы қалыптаса бастайды. Қатпарланған тері ерекше майдан тұрады, оның көмегімен жылу сақталады. Баланың алақанында дактилоскопиялық суреттер пайда бола бастайды.
Баланың салмағы 300 грамм, бойы - 25 сантиметр. Баланың басының диаметрі - 43,1 мм құрайды. Бала жолдасының қалыңдығы 21 миллиметрден асады.
Анасының ішінде жатықан бала өте белсенді және қозғалмалы. Ол минутына екі жүзге дейін қимыл жасай алады. Әр апта сайын баланың тебуі мен итеруі күннен күнге күшті бола бастайды. Жақында болашақ анаға бұдан да қиын болары сөзсіз.
Жүктіліктің 19 аптасы: болашақ ананың сезімдері
Бұл аптада әйел адам баласының қозғалысын анық сезеді. Алайда кейбір аналар бала қозғалысын тек бір аптадан кейін ғана сезуі мүмкін. Егер әйел адам баласының тебінуін әлі сезінбесе, ол үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Біраз уақыттан кейін баланың қозғалысын анық сезесіз. Бала қозғалысының қай уақытта орын алғанын нақты түсіну үшін, жүкті әйел ультрадыбыстық тексерістен өтуі керек.
Бұл мерзімде әйелдер ішектерде туындайтын мәселелермен соқтығысуы мүмкін. Асқорытудағы ауытқулар, іш қатуы болашақ аналарда көп болады, бұл олардың жағдайына кері әсерін тигізеді. Тағам өнімдеріне аса мән беру керек. Қыжыл тудыратын майлы және қышқыл тағамдардан бас тартқан жөн. Егер ішектегі ауыру сезімдері ұзақ уақыт тұрып алса, дәрігерге қаралу керектігін есіңізде сақтаңыз. Бұл жүктілікті тоқтатуға әкелуі мүмкін.
Жатыр әйел адамның ішкі органдарына қысым жасай отырып, ақырындап өсе береді. Болашақ аналар жайсыздық сезінеді, ұйқылары бұзылады, аяқтары тартылуы мүмкін. Өсіп келе жатқан ұрық кальций мен дәрумендерді өзіне алады. Сол себепті жүкті әйел пайдалы және әртүрлі тағамдар жеуі керек, себебі ағзадағы фосфордың, магнийдің, мырыштың және басқа элементтердің орнын толтыру қажет болады.
Жүктіліктің 19 аптасы: жағындылар
Жүктіліктің бұл мерзімінде әйелдер жыныстық жолдарынан жағындылардың қатты бөлінетінін байқайды. Бұл физиологиялық әрекеттерге байланысты және қалыпты болып табылады. Алайда егер тітіркену мен қышу пайда болса, дәрігерге тексерілген дұрыс. Қатты келетін шырышты жағындылар күтпеген инфекциялар көзі болуы мүмкін.
Әйел өз жағдайын өте мұқият бақылап жүруі керек. Ішінің астыға тартып ауыруы, қынаптан қанның ағуы – бұл ары қарай баланы көтерумен байланысты мәселелердің туындағанын білдіретін белгілер. Болашақ ана тез арада медициналық мекемеге көмекке жүгінуі керек. Уақытылы және дұрыс ем қабылдау ауыр салдарлардан құтылуға септігін тигізеді.
Жыныс жолдарында қанның пайда болуы бала жолдасында ауыр мәселелер туындағанын білдіруі мүмкін. Бұл диагноз баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Түсік тастап қоймас үшін, бірден дәрігерге қаралу қажет.
Жүктіліктің 19 аптасы: интимдік өмір
Жүктіліктің бұл сатысында сексуалдық жақындастыққа еш қарсы көрсетілімдер жоқ. Алайда, көптеген жұптар балаға зақым келтіреміз бе қорқады. Бірақ дәрігерлердің пікірінше, интимдік жақындастық бала денсаулығына еш қауіп төндірмейді.
Жүктіліктің 19 аптасы: болашақ ананың тамақтануы
Әйел өзінің тамақ үлесін жақсылап қадағалуы тиіс. Ол аптасына 500 грамнан аса салмақ жинамауы керектігін есінде ұстағаны жөн. Артық тамақтану бала денсаулығы үшін қауіпті. Әйел құрамында жасұнық, көмірсулар, йоды көп тамақтарды тұтынуы қажет. Кальцийлік диета ағзаға жағымды әсер береді.
Жүктіліктің 19 аптасы: УДЗ
Ультрадыбыстық зерттеуден болашақ ана баласының бетін, оның аяқтары мен қолдарын көре алады. Саусақтарында тырнақтары көрінеді. Бала кәдімгі нәрестеге ұқсайды. Тыжырайған беті тартылып, бала саусақтарын сорады, ол белсенді түрде өсіп жатыр. Жүктіліктің бұл сатысында оны бақылап отырған өте қызық.
Баласын экраннан көрген әйел, босануға дайындалу керектігін түсінеді. Болашақ ана баласымен кездесуге тек моральды түрде ғана дайындалып қоймай, созылуға бағытталған және ағзаны нығайтуға арналған арнайы физикалық жаттығулармен де айналысқаны дұрыс.