Жүктіліктің 22 аптасы: ұрық қалай дамуда, оның қозғалысы мен салмағы
Жүктіліктің жиырма екінші аптасы келіп жетті. Баланың бойының өсуі айтарлықтай жоғарылаған (шашамен 28 см жетеді), сонымен қатар салмағы да өскен (шамамен жарты килограмм). Оның өскенін білдіретін классикалық көлемдер де өзгерген. Мысалға, басының диаметрінің көлемі 53,2 мм, ал кеудесі мен іші – 53,4 и 54,1 мм-ге сәйкес келеді. Сонымен бірге бас миының да көлемі өсуде (оның салмағы 100 гр жеткен). Жүйке жүйесі күрделене бастаған. Ол тек аяқтары мен қолдарын ғана қозғалтып қоймай, басын бұрып, қозғалыстар жасай бастайды. Сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелері дамиды. Жүрек салмағы өседі. Сүйектер мықты болып (оларға кальций көп жиналады), ал омыртқада омыртқалар мен сіңірлер анық байқала бастайды.
Егер қандай да бір жағдайларға байланысты бала уақытынан бұрын туылып қойса, 22 аптада оның өмір сүруге деген мүмкіндігі болады. Статистика мен өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, дәрігерлер баланың салмағы 500 грамм болса, оны күтуге болады дейді. Ал бұл салмаққа бала тура 22 аптада жетеді. Бұл тәжірибеде бірен-саран кездеседі, бірақ шұғыл жағдайлар орын алса, өмір сүруге мүмкіндік бар.
Егер бала шала туылса, оны оттегі аппаратының астына жатқызды, тамақты зондпен ішкізеді, ал жалпы жағдайы аппарат көмегімен анықталатынын есте сақтаңыз. Шала туылған балалар қашанда өмір үшін күреседі.
Жүктіліктің 22 аптасы: әйелдің сезімдері
Соңғы екі-үш аптада қатты салмақ қосқаныңызға қарамастан, сіздің белсенділігіңіз еш төмендеген жоқ. Соның өзінде 22 аптада Сіз өзіңізді икемсіз сезінесіз. Жатыр күннен-күнге өсіп, көлемі ұлғая береді. Жатырдан шат сүйегіне дейінгі аралық 22 см құрайды. Кей кездері ішіңіз төмен тартып, аяқтарыңыз қақсап және ұйқысыздық мазалауы мүмкін (күндіз ұйықтап алыңыз).
Денеңіз ісінуі мүмкін. Әсіресе кешке киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешкенде бұл қатты байқалады. Себебі – гестоздың дамуы. Ісіктердің тек сыртта ғана емес, іште де болатынын есіңізде сақтаңыз. Ішкі ісіктер – жүкті әйелдердегі шемен ауруы. Стереотипке сүйенсек, мұндай жағдайдан тек су ішпеу арқылы құтылуға болады. Бірақ бұл дұрыс емес. Сұйықтықтан бас тартқан жағдайда, ауру белгілері тек жоғарылай береді.
Ісіктер қантамырларға қысым түсіріп, ол бала жолдасына барады. Тура осы жерде балаға қоректік заттар бөлінеді. Гестоз кезінде баланың қозғалысына аса назар аударыңыз. Егер қозғалыс болмаса – жедел дәрігерге барыңыз!
Жүктіліктің 22 аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Жыныс жолдарынан ағатын жағындылар түссіз немесе сүт тәрізді және қалыпты мөлшерде болуы керек. Егер түсі, жағындылардың сипаты өзгерсе, дәрігерге жүгінген абзал. Ал еген қансырау ашылып кетсе, шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған дұрыс. Мұндай жағдай жүктілікті тоқтатуға, уақытынан бұрын босануға немесе баланың зақымдануына әкелуі мүмкін.
Жүктіліктің 22 аптасы: жүкті әйелдің тамақтануы
Егер қандай да бір тағамдарға қарай алмайтын болсаңыз, уақытша оларды тұтынудан бас тартыңыз. Көп әйелдер пісірілген еттің, кейбіреулер балықтың иісіне төзе алмайды. Дәрумендер мен минералдар ағза үшін қажет екенін есте сақтаңыз, сол себепті оларды дәрумендік кешендермен алмастырыңыз. Өз бетіңізбен дәрумендер ішуге болмайды. Бұл үшін емдеу дәрігеріне барыңыз, ол қандай кешенді пайдалану керектігін айтып береді. Егер дәріханалық препараттар ішкіңіз келмесе, етті жай ғана бұршақ тұқымдастарына алмастыруға болады. Сонымен бірге балықтың немесе теңіз өнімдерінің, сондай-ақ сүт өнімдерінің орнын алмастыратын өнімдер тізімін қарап шығуға болады. Еш уаймдамаңыз, тіпті болашақ ана вегетариан ұстанымында болса да, ол дені сау баланы көтеріп, өмірге әкеле алады. Ет жүктілік кезінде аса қатты рөл ойнамайды.
УДЗ:
Әр әйел УДЗ кезінде үнемі таңқалысын жасырмайды. 22 аптада баланың миының салмағы жүз грамға дейін жетеді және ол өз эмоцияларын түсініп, тіпті күлуге тырысады. Сіздің әр күлгеніңізге, әрбір тамшы жасыңызға бала дәл сол кезде жауап қайтарады. Дәрігер баланың жағдайын нейрондар мен жүйке жүйесінің толық дамығанымен түсіндіріп береді.
22 аптада ультрадыбыстық зерттеу маманы баланың диафрагмасын, сонымен бірге қалыптасқан омыртқасын көрсетеді. Бала мен анасын байланыстырып тұрған кіндікті маман қарап шығуы керек. Ол қалыпты болуы шарт.