Жүктіліктің 23 аптасы: ұрықтың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Бұл мерзімде бала ағзасында маңызды өзгерістер орын алады: тыныс алу жүйесі дамиды және енді жүктіліктің соңына дейін сурфактант өндірілетін альвеол қалыптасады. Бұл кейін бала тыныс алғанда альвеолдардың жабысып қалмасы үшін қажет. Егер туылған кезде сурфактант өте аз болса, баланың тыныс алуы қиындайды.
Бұл уақытта бала өмір сүруге дайын десек болады: ол жұтуды үйренді, жүрегі қалыпты қарқынмен соғады, несеп жүйесі жақсы жұмыс істеуде, ал жүйке жүйесі қалыптасуын аяқтап қалды. Әр он минут сайын болашақ ана баланың тебісін сезеді. Баланың бөлу жүйелері белсенді түрде жұмыс істейді, сондықтан несеп қағанақ суына түсіп тұрады. Ең жалғыз қауіп – бұл қағанақ суына баланың алғашқы нәжісінің түсіп кетуі. Бұл болашақ баланың денсаулығында мәселелер тудыруы мүмкін.
Ал әзірге бала ақырындап өсіп, дами береді. Бала жолдасы одан әрі қалыңдап, бұл мерзімде 24,52 мм жетеді. Баланың салмағы жарты килограмнан көп, ал ұзындығы 29 см жетеді. Басқа да өлшемдері айтарлықтай өзгерген: егер басының диаметрін өлшейтін болсақ, ол 56,3 мм, кеудесі - 56,5 мм, ал іші - шамамен 57,6 мм құрайды.
Жүктіліктің 23 аптасы: жүкті әйел не сезінеді?
Жүкті әйел бұл мерзімде өзін жақсы сезінеді, алайда ішінің өсуі белі мен арқасын ауыртуы мүмкін. Оларды жеңілдету үшін, арнайы жаттығулар жасаңыз. Оларға міндетті түрде көп күш пен уақыт кетірудің қажеті жоқ, бірақ өзіңді жақсы сезіну үшін күніне аздан-аздан жасау міндетті болып табылады. Әр апта сайын салмағыңыздың жарты килограмға өсіп жатқанын байқайсыз. Ісіктердің пайда болғанын көресіз, бірақ олар қатты болмаса еш қауіп жоқ деген сөз. Егер қатты ісіктерді байқасаңыз, емдеу курсын алуыңыз керек, себебі бұл шемен ауруы болуы мүмкін. Бұл ауру кезінде ісіктер сыртта ғана емес, іште де пайда болады, осылайша қантамырларына қысым түсіреді. Бұл баланың денсаулығына кері әсер ететінін түсінетін шығарсыз. Сонымен бірге несеп талдауларын өткізуді ұмытпаңыз: егер одан ақуыз шықса, онда сізде кеш токсикоз бар деген сөз, бұл аяқтардың тартылып қалуы арқылы білінеді.
Әйелдерге кеңес беру бөлімінде дәрігеріңізге барғанда жүктілік мерзімі сіздікімен бірдей аналарды кездестіресіз. Сіздердің сезімдеріңіз әртүрлі болады: біреуіңіздің балаңыз белсенді түрде қозғалады, кейбірінде керісінше. Бірақ еш уаымдамаңыз, баланың белсенділігі оның темпераменті мен жағдайына байланысты екенін дәрігер түсіндіріп береді. Сондықтан басты фактор – ол Сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз. Егер бала бұрынғыға қарағанда қатты қозғалып кетсе, дәрігерге жүгініңіз. Бірақ өз балаңызды басқалармен салыстырудың қажеті шамалы, себебі басқа әйелдердің қалай тұратынын, не тамақ ішіп, қандай өмір салтын ұстанатынын білмейсіз. Тек өз жағдайыңызбен ғана салыстыруға болады. Бұл балаңыз өскенде оған қандай тәрбие беретініңізге де қатысты.
Жүктіліктің 23 аптасы: жағындылар қандай болуы мүмкін?
Бұл мерзімде жүктілік уақытында жағындылар неше түрлі болатынын білдіңіз, сондықтан бір нәрсе өзгерсе, оны бірден байқайсыз. Егер осындай мәселе туындаса – бірден талдау жасатыңыз.
Алайда ең басты нәрсе: егер жағындылар арасынан қан іздері байқалса, шұғыл түрде «жедел жәрдемге» хабарласаңыз. Бұл жатыр тонусының жоғарылауынан, бала жолдасының бөлініп кетуінен болады. Сонымен бірге бұндай кезде қансыраумен бірге, іш төмен тартып ауырады.
Жүктіліктің 23 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Егер шемен ауруының белгілері пайда болса, Сіз суды аз ішкіңіз келеді. Бірақ бұл қате шешім. Плазма негізі – ол су. Шемен ауруы белгілерінде көп әйелдер су аз ішуге тырысады. Бірақ осы қате. Қанның басты құрамдас бөлігі болып табылатын плазма негізі, бұл су. Сондықтан күніне 1,5 литрден көп су ішу керек. Керісінше жеп жүрген тұздың мөлшерін азайту қажет. Егер тұзсыз тамақ жеуден қиналсаңыз, оған соя тұздығын салып, орнын ауыстыруға болады.
УДЗ:
Бұл мерзімде баланың басында кішкене түктер көрінеді. Сонымен қатар сүйектерін, буындарын, бұлшықеттері мен омыртқасын көруге болады. Бірақ бала салмақ қосып жатқандықтан, суретке ол толық симайды, алайда бетін, қолдары мен аяқтарын жақсылап көруге болады. Тіпті ішкі органдары мен аортасы анық көрінеді. Бұл уақытта бала жатысын жиі ауыстырады, оны да бақылап отырған қызық.