Жүктілік (27 апта): ұрықтың өзгеруі, дамуы
Ұрықтың және оның органдарының қалыптасуы аяқталды. Енді бала дамитын саты келе жатыр. Даму – дені сау ағзаға қадам басу. Баланың бойы 35 сантиметр, ал салмағы бір килограмм. Көлемінде де өсу байқалады; кеуде қуысы 6,91 см, ал іші 7,05 см. басының көлемі де үлкейе береді: оның диаметрі 6,79 см құрайды. Бала толығымен дамыған, ағзасы өз қызметін атқаруда. Бұл мерзімде баланың жүрегі минутына 150 рет соғады. Тыныс алуы минутына 40 рет. Көрсеткіштері кішкентай баланың көрсеткіштеріне сай, енді ол туылғаннан кейін анықталатын көрсеткіштерге қарай өсуде.
27 апта — ағзадағы өмірлік маңызы бар алмасу әрекеттерінің қалыптасуына арналған кезең. Бұл болашақта адам денсаулығына әсер етеді, сондықтан өз жағдайыңызда орын алып жатқан ауытқуларға мұқият мән беріңіз. Бала қозғалмалы, сол себепті орнын ауыстырып тұрады. Қорқудың еш себебі жоқ, жақын арада ол туылуына ыңғайлы орынды таңдайды.
27 аптада әйел өзін қалай сезінеді
27 апта бойы келе жатқан жайсыздықтарға төзуге шыдамыңыз бен күшіңіз жетпейді. Әлі осы жағдайға шыдау керектігі алаңдатады. Жиырма жеті апта бойы қалыптасып қалған әдетіңіз Сізге көмекке келеді. Тағы біраз уақыт тәттілер мен жақсы көретін әдеттеріңізден бас тартуға тура келеді. Көп уақыт үй жағдайында отыруыңыз қажет болады.
Ойлануыңыз керек: теңізге барасыз ба әлде ауылға сүйікті туыстарыңызға қарай жол тартасыз ба? Мұндай қыдырыстарды тек жаз мезгілінде жасау керектігін есте сақтаңыз. Ішіңізді пыстыратын төрт қабырғадан демалу үшін қалай қауіпсіз сергу керектігін ойлануыңыз керек.
Қатты қамқорлық таныту қажет бала денсаулығы мен өз денсаулығыңызды күтуіңіз керектігін ұмытпаңыз. Бос уақытыңызды ғаламтор арқылы оқуға немесе бір жарыстарға қатысуға арнаңыз. Мұндай көңіл көтеру жақсы эмоциялар алуға көмектеседі, ал олар Сізге мына қиын да бір жағы жағымды кезеңде керек-ақ.
Сіз өзіңізді ерекше сезінесіз, жүрегіңіздің астында ерекше жанның жатқанын түсіну жағымды. Жатыр түбі шат сүйегінен 27 сантиметрге көтерілген. Жатыр қатты үлкейе береді, бұл іштегі су мөлшерімен (1,5 л дейін) түсіндіріледі. Су мөлшерін 3 литрге дейін көбейтетін инфекциялардың түсіп кетуінен сақ болыңыз. Басты белгісі – салмақтың күрт өзгеруі. Инфекция балаға өтіп кетіп, оған қатты зиян келтіруі мүмкін.
Кей кездері басқа мәселе туындайды – су мөлшерінің аз болуы. Егер қағанақ суы аз болса, бала көп қозғала бермейді, бұл оның жағдайына кері әсер етеді.
Қарапайым әрекеттерді орындауда қиындық тудыратын, демікпе пайда болады. Бұл жатырдың өкпеге түсіретінін қысымның әсерінен орын алады. Сіз өз ағзаңыздың органдарына түскен қысымды айқын сезесіз.
27 аптадағы жағындылар қандай болады?
Бұл аптада өз ағзаңыздың дұрыс жұмыс жасап жатқаны туралы жақсы білесіз, сондықтан қалыпты жағындылар қандай болатыны да Сізге мәлім. Басты қорқыныш – инфекцияның түсіп кетуі. Егер жағдайыңызда бір нәрсенің өзгеріп жатқанын байқасаңыз, тез арада дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Инфекция түсіп кеткен жағындылар қатты келеді және іріңге ұқсайды.
Басқа белгілерді қайта айта кетейік, оларды Өзіңіз де білесіз: олар қансырау, бөлінген су, сары түсті жағындылар. Бұл белгілер орын алса, ауыр ауытқулар пайда болғанын білдіреді.
Кей кездері бұл белгілер кезінде еш жеріңіз ауырмайды, бірақ бұл дәрігеріңізге қаралау керегі жоқ дегенді білдірмейді.
27 аптадағы дұрыс тамақтану
Жүкті әйелдің тамақтануы дұрыс және пайдалы болуы керек. Себебі Сіздің жегеніңіз бірінші кезекте балаға барады. Денсаулығыңызға зиян келтірмес үшін, соустар мен дәмдеуіштерге мұқият болыңыз. Тіпті қарапайым ақжелкенді де абайлап жеңіз, ол жатыр тонусына зиян келтіруі мүмкін. Кейбір дәмдеуіштер лактацияға әсерін береді.
Егер Сіз артық салмақтан зардап шегіп жүрсеңіз, дәмдеуіштерді абайлап қолданыңыз. Ағзадағы дұрыс теңгерімді сақтау үшін қабылдайтын тұз мөлшеріне де мұқият болыңыз. Көп көкөніс, жармалар, жемістер мен сүт өнімдерін пайдаланыңыз. Жүкті әйелдің тамақ үлесінде минералдар мен дәрумендер көп болуы керек.
Босануға қалай дайындалу керек?
Сіз болашақ аналар мектебіне барып, кейбір сабақтарды өттіңіз. Жүкті әйелдерге арналған біраз кітаптар мен еңбектерді оқып тастадыңыз. Босанатын клиникаңызды тауып, дайындап қойдыңыз. Пікірлер мен құжаттарға көңіл аударыңыз.
Осындай керемет сәтте қолдауды сезіну үшін кейбір босандыру клиникалары серіктес босануды ұсынады. Міндетті түрде жолдасыңызды алып кіру қажет емес, туыстарыңыздың біреуін шақырыңыз немесе жақын құрбыңызды алып кіріңіз. Босануға дейін Сіздің әлі көп уақытыңыз бар, сол себепті әлі бүге-шігесіне дейін ойланып үлгересіз.
УДЗ:
УДЗ көрсеткіштерінде кейбір өзгерістер орын алады: өкпе, бронхтары мен альвеолдар көрінеді. Диагноз қоюшы дәрігер бала денсаулығын дұрыс тексеру және жағдайын жалпы талдау үшін оның жүрегінің, қантамырларының және жүрек-қантамыр жүйелерінің қалпын тексереді.
Бұл мерзімде құрамында темірі көп өнімдерді тұтынуды жалғастырыңыз. Бұл осы аптада қан аздықтың орын алуымен түсіндіріледі. Өз денсаулығыңыздың жағдайына ұқыппен қарағаныңыз маңызды.