Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасындағы темірдің (Fe) негізгі қызметтері

Темір адам ағзасында өмір үшін маңызды болып табылатын қызметтерге жауап береді, сондықтан оның қорын әрдайым толтырып отыру қажет, ал оның қалыпты мөлшері әйелдер мен ерлер үшін әртүрлі боладыТемір адам ағзасында болатын негізгі микроэлементтердің бірі болып саналады.Оны әртүрлі нәруыздардан, гемоглобиннен және одан бөлек әртүрлі мүшелерден табуға болады.Ендеше, темірдің адам ағзасы үшін маңызын және оның қандай қызметтер атқаратынын қарастырайық.

Адам ағзасында темір неге жауап береді?

Темір адам ағзасында бірден бірнеше маңызды рөлдерге ие болып табылады. Ол қышқылдану, қайта қалпына келу сондай-ақ тыныс алу және қан түзу үрдістеріне қатысады.Бұдан бөлек бұл қанның, нәруыздың, кейбір ферменттердің құрамында болатын маңызды микроэлементтердің бірі саналады. Темір қандағы оттегі қорының құрылуына жауап береді, яғни оның нәтижесінде адам бірнеше уақыт ауасыз тұра алады, мысалы судың астында тынысын ұстап тұруын айтсақ болады.Бұл зат жасушаға энергия жинауға мүмкіндік береді және оларды зиянды әсерлерден қорғайды.

Темірдің қандағы қалыпты мөлшерінің арқасында, ісік жасушалары сияқты патологиялардың пайда болуын төмендетеді. Сондай-ақ бұл микроэлемент метастазды жою арқылы туындаған онкологиялық аурулармен күресуге қабілетті.

Темірдің негізгі қызметтері:       

  • өмір үшін маңызды мүшелерге оттегін жеткізеді;
  • микробтармен күреседі;
  • ісік жасушаларының белсенділігіне кедергі жасайды;
  • интерферон синтезі — вирусты инфекциялардың және олардың көбеюін жоятын нәруыз;
  • иммундық жүйені нығайтады.

Ағзада темір қалыпты мөлшерде болса, бірде-бір вирусты инфекция күрделі ауруларға жалғаспайды, ал иммунитетіңіз ішкі қауіптерден қорғануға әрдайым дайын болады.Бұл микроэлемент германиймен жұптасқан күйде жұмыс істейді, біреуінің жеткіліксіздігі болған кезде, екіншісінің жеткіліксіздігі байқалады.

Темірдің жеткіліксіздігі кезінде не болады?

Адамдар темір тапшылығынан жиі зардап шегеді. Бұл жағдай дұрыс тамақтанбау нәтижесінде, созылмалы қан кетуде және де ағзаның кейбір ерекшеліктерінде байқалады.

Темір жеткіліксіздігі кезінде төмендегі симптомдар айқындалады:

  • гипоксия;
  • тері атрофиясы;
  • ауыз бұрыштарындағы және саусақтардағы тілінулер;
  • шаштың құрғауы және сынуы, түсуі;
  • жиі салқын тиіп ауыру.

Темірдің созылмалы жеткіліксіздігі, остеопороз, теміртапшылықты анемия сияқты ауруларға әкелуі мүмкін, сондай-ақ қатерлі ісіктің туындау мүмкіндігі жоғарылайды.Бұл микроэлемент әсіресе алғашқы етеккірі басталған жасөспірім қыздарға аса маңызды болып табылады.

Бұл симптомдардан бөлек келесі белгілер анықталуы мүмкін:

  • қалқанша безі қызметінің бұзылысы;
  • неврологиялық бұзылыстар;
  • барлық дененің, әсіресе жүрек тұсының сыздап ауыруы;
  • геофагия — яғни топырақ, құм, бор т.б. жей бастау, кішкентай балаларда жиі кездеседі.

Темір – бұл сау организмнің негізін қалаушы фундамент іспеттес. Оның жеткіліксіздігі кезінде барлық ағзада физикалық және психикалық тарапты қозғайтын ауқымды бұзылыстар орын алуы мүмкін.

Микроэлементтің қорын қалай толтырамыз?

Темір жетіспеушілігіне тап болмау үшін келесі өнімдерді тұтыну қажет:

  • малдың немесе құстың еті;
  • тауық жұмыртқасының саруызы;
  • шошқаның бауыры;
  • сиырдың бүйрегі,бауыры және жүрегі;
  • жаңғақтар;
  • бұршақ тектестер (асбұршақ,бұршақ,);
  • жасылжапырақты көкеністер;
  • картоп, асқабақ, қылша;
  • дәндер (қарақұмық,сұлы);
  • кептірілген саңырауқұлақтар;
  • інжір, мейіз, шабдалы және алма.

Темірдің күнделікті қалыпты мөлшері төмендегіні құрайды:

  • ерлерде — 10 г;
  • әйелдерде — 15-20 г, бірақ бұл көрсеткіш жасына және физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Темірдің құрамы қан кетумен жүретін (сызаттар, кесіп алу, сынық, теріастылық қан кетулер) физикалық жарақаттар әсерінен төмендейді. Мұндай жағдайға көбінесе балалар тап болады, сондықтан олар бірінші орында осы микроэлементке мұқтаж болып келеді.

Темірдің табиғи көзі Доромарин

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыздың темір тапшылығынан зардап шекпеуін қаласаңыз, онда созудың керегі жоқ, Доромарин ішуді бастау қажет.Ол әртүрлі ауруларды емдеу үшін және алдын алу мақсатында қолданылатын толықтай табиғи өнім болып табылады. Doromarine балаңызды берік иммунды жүйемен қамтамасыз етеді, вирусты инфекциялар мен зиянды бактериялар шақыратын жағымсыз зардаптардан қорғайды.

 Доромарин балаңызға мектепте үлгерімін арттыруға көмектеседі, психикалық және физикалық белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бұл өнім аздаған жүктемеден кейін болатын шаршағыштықтан арылтады, сондай-ақ тамақтану режимінің бұзылысынан болатын жетіспеушілікте ағзаны толық дәрумендер кешенімен қамтамасыз етіп, орнын толтырады. Doromarine –де өсіп жатқан ағзаға қажетті темірдің күнделікті қалыпты мөлшері болады.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу