Жүктіліктің 33 аптасындағы ұрықтың жатысы, дамуы және көлемі
Бұл мерзімде бала «ұрық» қалпында жатады. Басы кеудесіне тығылып, қолдары мен аяқтары денесін бойлай орналасады. Енді бала «өз үйшігінде» созылып жата алмайды – орнын ауыстыру мен аударарылуға орын тарлық көрсетеді. Бала басы шығатын жолға жамбасқа қарай түседі, ал жамбас сүйегі жоғарыда қалады. Егер бала дұрыс келмесе, оның басы анасының ішін сипап көргенде жоғарыда тұрады, мұндай жатыс бөксемен келу деп аталады. Замаманауи медицинаның арқасында кәсіби дәрігер бұл мәселені шеше алады.
Баланың көлденең келетін кездері де болады. Мұндай жағдайда анасының да баланың да өмірін сақтап қалуға жоғары мүмкіндік беретін кесер тілігі отасы жасалады. Егер босану дәл осы мерзімде орын алса, баланың тірі қалу мүмкіндігі жоғары болады. Туғаннан кейін қосымша күтім қажет болады, баланы күш жинағанша шала туған нәрестелерге арналған бокстарға жатқызады.
Баланың шеміршектері мығым бола бастайды, тырнақ қабаттары толықтай қалыптасқан. Жүрегі дамыған және қан айналым ағысымен өз бетінше жүргізе алады. Ең алғашқы тыныс алу кезінде альвеолдардың жабысып қалмауына ықпал ететін зат - сурфактант мөлшері өкпеде қажетті мөлшерде қалыптасқан.
Баланың ұзындығы шамамен 44 см, кеудесінің көлемі – 85 мм, іші – 87,4 мм, басының диаметрі – 82 мм. Ішкі органдарының көлемі мен дамуына қарамастан, медицина қызметкерлері бұл мерзімде босану көп қиындық тудыратын айтады.
33 аптада жүкті әйелдің өзін сезінуі
Енді әйел жағымды сезімдер де, сонымен қатар жайсыздық тудыратын жағдайларды да басынан өткереді. Босану күні жақындаған сайын, жүктіліктен шаршау сезімдері жинала береді. Сонымен қатар босану алдындағы қорқыныш сезімдері туындайды.
Бұрын жүкті әйелді іштегі мәселелер уайымдатса, енді іш қатуы мен қыжыл мазалайды. Кей кездері ішек жұмысының бұзылуына байланысты іштің төменгі жағы тартып ауырады. Әйел адамды түнде аяқтарының тартылуы уайымдатады. Бұл мәселені шешу үшін, дәрігерлер көбіне кальций жазып береді.
Жүктілік кезеңінде іштің терісіне күтім жасауды жалғастыра беру керек. Медицина қызметкерлері қатты сүлгімен немесе жөкемен массаж жасауды ұсынады. Терінің созылуының алдын алуға арнайы жақпа майлар мен табиғи майлар көмектеседі. Бұл заттарды абайлап таңдау керек, құрамын мұқият оқыңыз – аллергиялық реакция беруі мүмкін. Дәрігерлер тек көшеге шыққанда ғана емес, үйде де бандаж киіп жүруге кеңес береді. Жүрген кезде бандаж белге түсетін салмақты едеуір азайтады.
Іштің жоғары орналасуы демікпе тудырады, себебі өкпе бар күшімен жұмыс істей алмайды. Оттегі тапшылығы сезімінен арылу үшін таза ауада жиі серуендеу және тыныс алуға арналған жаттығулар көмектеседі. Кеуде қуысын кең ашып, иығыңызды жоғары көтеріңіз – осылайша өкпеге оттегі көп барады. Шамамен бір айдан кейін жатырдың түбі төмен түседі, сол кезде демікпе кетуі мүмкін.
33 аптаға қарай көбіне ісік пайда болады. Егер аяқтарыңызда аяқ киімнің іздері қалса, қолдарыңыздың саусақтары үлкейсе, демек ағзада сұйықтық мөлшері көп, оларды сыртқа шығару қажет. Тек дәрігер тағайындаса ғана арнайы дәрілер ішу керек, ал су ішуді қалай тоқтатамыз. Бүкіл жүктілік бойы су ішуді жалғастыру қажет, ал ісіктен құтылу үшін тұзды қолдануды шектеу керек. Тұз ағзадағы сұйықтықты айтарлықтай ұстап қалады, дұрыс тамақтануға көшу ісік пен жайсыздықтан құтылуға көмектеседі.
Жеңіл салмақ жүкті әйелге пайдалы болады – жүкті әйелдерге арналған йога немесе шиацу. Физикалық жағдайлар буындар мен бұлшықеттерді босануға дайындайды. Сауатты таңдалған жаттығу ауырлықты түсіріп, өз денеңізді қайта сезінуге ықпал етеді. Дайындықтар мен жеңіл жаттығулардан кейінгі сезімдер көңіл күйіңізді жақсартады, психологиялық және эмоционалдық салмақтан құтқарады.
Жыныс жолдарындағы жағындылар, жүктіліктің 33 аптасындағы инфекциялардың қаупі
Бұл мерзімде жыныстық инфекциялар аса қатты қауіп төндіреді. Гигиенаны дұрыс сақтау керек, кез келген жайсыз сезімдер орын алған жағдайда ауруханаға барыңыз. Жағымсыз иісті немесе түсі бұзылған жағындылар білінсе, ірің пайда болса – бұл қосымша тексеруден өтудің тағы бір себебі болып табылады. 33 аптадағы босану жолдарындағы инфекция анасына да, сонымен қатар баласына да қауіпті. Босануға дейін аз ғана уақыт қалды, соза бермей бірден емдеуді бастаңыз.
Бұл мерзімде анасы мен баласы үшін қансырау, қағанақ суының ағып кетуі, іштің төменгі жағының толғақ кезіндегідей ауыруы қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда жедел жәрдем шақырып, дәрігерге көріну керек.
33 аптадағы жүкті әйелдің тамақтануы
Жүктілік кезінде диетаны бұзу асқазанда жайсыздық тудырып, қыжыл орын алады. Тамақтану өнімдерін таңдауда және тағам дайындауда мұқият болу қажет – қуырылған, қақталған және ащы тамақтардан бас тартыңыз. Азық-түліктер жаңадан дайындалған болғаны дұрыс, ал дәрігерлер таныс емес және күнде жемеген тағамдарды тамақ үлесінен шығарып тастауға кеңес береді. Буға пісірілген тамақтарды пайдаланған жөн.
Егер қыжыл мазалайтын болса, дәстүрлі ем қолдануға болады, сүт немесе сілтілі минералды су ішіңіз. Қыжылға қарсы арнайы препараттарды дәрігердің тағайындағаны дұрыс.
Жүкті әйел тамақты аз, бірақ жиі жегені дұрыс. Түнде тойып тамақтануға болмайды, тамақтанып алғаннан кейін біраз серуендеп қайтуға кеңес беріледі.
Жүктіліктің 33 аптасындағы УДЗ
Бұл уақытта жүкті әйел кезекті жоспарлы УДЗ жасатуы қажет. Тексеру кезінде дәрігер баланың ішкі органдарын, олардың дамуын, қандай да бір патологияларының бар немесе жоқ екендігін қарайды. Сонымен бірге болашақ ана баланың сыртқы келбетін көре алады, оның кімге ұқсайтынын біледі. Экраннан баланың түрлі қозғалыстарын немесе қалай ұйықтап жатқанын көруге болады. Оқымыстылардың айтуы бойынша, бұл мерзімде балалар түс көре алады және түс көріп жатқанда олардың қарашықтары қозғалып жатады екен.
УДЗ кезінде міндетті түрде бала жолдасының жағдайын қарайды – бұл кезеңде ол баланы қорғауы мен қоректендіруін жалғастыра береді.