Жүктіліктің 36 аптасы: баланың дамуы, оның салмағы, қозғалалуы
Тағы бір апта өтті. Енді Сіздің балаңыздың салмағы 2,8 кг, ал бойының ұзындығы ең аз дегенде тағы бір сантиметрге өсті. Көлденеңінен де бала едәуір өсті. Енді басының диаметрі - 87,7 мм, кеуде қуысы - 91,8 мм, ішінің көлемі - 94,8 мм құрайды. Баланың туылғанда қандай болатыны қазірден белгілі. Салмағына қарап отырып та баланың: әкесіне ме не анасына ұқсайтыны білініп тұр.
Баланың өзі домалана бастады, ал терісі – тегіс және алқызыл түсті. Бұрынғы айларда оны қоршап тұрған алғашқы майлары, тек іші мен кішкентай қыртыстарында қалған. Шаштары, кірпіктері мен қастары бар және шашының түсі анықталған. Баланың уақытына дейін жеткенін білу үшін оның шеміршектерінің қалыңдығын бағалау ғана қалды. Отыз алтыншы аптада шеміршектер толық қалыптасып біткен, құлағын да дұрыс қалыпта.
Баланың қозғалысына келетін болсақ, бұрынғыдай оны белгілеп отырыңыз. Оның нормасы бірнеше апта бұрынғыдай болып қалады: әр он бес минут сайын бір-екі қозғалыс. Бұл күндері балаңыз белсенді болмай қалғандай сезілуі мүмкін, бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ: бұл оған күн сайын іштің тар болып жатқанын білдіреді. Бала қазір туылатын кездегідей, яғни басымен төмен қарап жатыр.
Баланың жүрек соғысы біздікіне қарағанда жиі – минутына 140 рет соғады. Барлығы баланың туылуына дайын: қантамырлар жүйесі, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі де. Альвеолдар жинайтын сурфактант бала үшін қажетті мөлшерде жиналған.
Бала жолдасы кебуін жалғастыруда. Ол бұрынғыдан да қалыңдай түсті, оның қалыңдығы 35,59 мм құрайды. Бірақ қорқудың қажет шамалы, себебі ол өз қызметін әлі де атқаруда: қоректік заттар мен оттегі балаға қажетті мөлшерде барып жатыр. Ал егер бала жолдасының қан айналымы күрт нашарласа, бала оттегі тапшылығынан зиян шегуі мүмкін. Сол себепті үнемі баланың қозғалысын бақылап отырған дұрыс: ол тек баланың белсенділігін ғана емес, сонымен қатар оның жағдайын да білдіріп отырады.
Жүктіліктің 36 аптасы: жүкті әйел не сезеді?
Қазір өздігіңізден тұрып, үй тіршілігін жасау Сізге қиындық тудыратынымен келісесіз ғой. Алайда жүктілік – бұл ауру емес, бірақ Сіздің қабілетіңіз бен физикалық белсенділігіңіз шектеулі.
Өз жағдайыңызды бақылап, босануға психологиялық тұрғыда дайынсыз. Бірнеше апта бұрын болған қорқыныш та жоқ.
Босану әрекеті және босануды жеңілдету үшін Сіз және балаңыз не істеу керектігі туралы жақсы білесіз. Тіпті босану түрін де таңдап қойдыңыз: жалғыз барасыз ба немесе қасыңызға серіктес аласыз ба. Жақында орын алатын нәрсе – бұл табиғи және одан ешқайда құтылмайтыныңызды түсінесіз.
Ал кересінше, егер жақында босанатыныңыз туралы уайыммен жүрсеңіз немесе түнде ұйқысыздықтан зардап шексеңіз, жағымды бір нәрсеге көңіл бөліңіз: кітаптар, фильмдер не жақындарыңызбен араласыңыз. Қазір шаршап, солып қалған түрмен жүрмеңіз – жақын арада Сізге барлық күшіңіз қажет болады.
Ісіктерді қадағалаңыз. Егер серуендеп келгеннен кейін немесе кешке қарай аяқтарыңыз іссе, бұл қалыпты. Ал егер демалыстан кейін де ісіктер қайтпаса бұл шемен ауруының белгісі. Аяқтардың ісіктерін қайтару оңай: аяқтарыңызды жоғары көтеріп, астына көрпеше не жастық қойып жатыңыз. Ал шемен ауруында бұл көмектеспейді. Оның белгілері білінісімен, дәрігерге тексеріліңіз.
Баланың салмағы үлкен болғандықтан қозғалу қиын. Бірақ қозғалыс саны алдыңғы аптадағыдай болып қалуы тиіс: күніне ең аз дегенде он рет.
Аяқтарыңыз бен қолдарыңыздың тартылуы секілді белгілерді байқайсыз. Аяқтарыңыз ұйып, беліңіз төмен тартып ауырады. Алайда босануға дейін аз уақыт қалды, енді кішкене шыдай тұру керек. Жатыр қантамырларына қысым түсіруін жалғастыруда, сол себепті жиі геморрой асқынады. Бұл қауіпті емес – жергілікті ем көмектеседі, бірақ оны дәрігер тағайындайды, себебі жүкті әйелдердің барлық препараттарды қолдана беруіне болмайды. Бұл басқа медициналық препараттарға қатысты. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Жүктіліктің 36 аптасы: жағындылар қандай болуы мүмкін?
Бұрынғыдай, қан аралас жағындылар – тез арада дәрігерге баруды қажет етеді, сол себепті шұғыл жедел жәрдем шақырыңыз. Мұндай үлкен мерзімде әрбір күдікті белгі маңызды, себебі балаңыздың өмірі мен денсаулығы осы белгілерге байланысты. Сонымен қатар жағындыларды мұқият қадағалаңыз, олар іш ауруымен қатар жүрсе ол тіпті қауіпті.
Қағанақ суына қатысты да осылай. Уайымдамаңыз, стандартты жағындылармен оларды шатастыру мүмкін емес. Су айтарлықтай көп мөлшерде ағады және сұйық болады, оның түсі – ақ немесе сарғыштау. Егер уайымдап жүрсеңіз, толық ақпаратты дәрігеріңізден аласыз.
Жүктіліктің 36 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Отыз алтыншы аптада белсенді өмір салты деген мүмкін емес. Аз уақыт ғана серуендейсіз, демек, энергияңыз да аз кетеді. Кешке дейін тамақ жей беруге де болмайды, себебі бұндай жағдайда артық салмақ жинап алуға да болмайды. Алайда дәрігерлер жиі тамақтануға кеңес береді, бірақ тамақтың калориясы көп емес, жеңіл болғаны дұрыс.
Балаға тек іште жатқанда ғана емес, сонымен бірге туылған кезде де оны бірнеше ай бойы дәрумендер мен қоректік заттардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз ететін тағамдар жегеніңіз дұрыс.
Бұрын жеп көрмеген тамақтарды жемеңіз, экзотикалық тағамдардан да бас тартыңыз. Ол тамаққа аллергияңыз бар екенін білмейсіз, ал жүктілік – мұны байқап көретін уақыт емес. Бұрын жеген және жақсы көретін тамақтарыңызды ішумен шектеліңіз. Шикі сүт пен шикі су – ойланып көретін мәселе. Ең дұрысы күдікті өнімдерден мүлдем бас тартып, тамақ таңдауда мұқияттылық танытқаныңыз жөн.
Жүктіліктің 36 аптасы: босануға қалай дайындалу керек?
Қазір босануға дайындалатын кез! Сіңірлеріңізді создыратын жаттығулар жасаңыз, ол бөксеңіздің жақсы ашылуына көмектеседі. Майларды қолдана отырып, шатыңызға массаж жасасаңыз да болады.
Жалған толғақтар орын алуы мүмкін – бұл босану алдында Сіздің дайындалуыңыз үшін қажет. Толғақтың жалған екенін қайдан білуге болады: олар бір рет қана болады және тез қояды. Күніне бір рет қайталанады, одан көп емес.
УДЗ:
Жүктілік бойы жатырыңыз 20 есеге үлкейген! Ал бала одан әрі өсіп, дамып жатыр. Қазір ол жатысын өзгертпейді және ол босанғанда да осы қалыпта болады. Қаңқасы қалыптасқан: сүйектері дамыған және босану кезінде жарақат алып қалмас үшін иілгіш болады. Бала қозғалған кезде, Сіз қабырғаңыздың асты мен жатыр астының ауырғанын сезесіз. УДЗ кескіндерінен баланың өкшесі мен табан иірімдерін оңай көре аласыз. Олар айқын білінсе, бала уақытына жеткен деп саналады.