Жүктіліктің 38 аптасындағы баланың дамуы
Жүктіліктің 38 аптасы – бұл мәре. Босану сәтті өтуі үшін, бала жақсы дамыған. Егер осы мерзімде босанатын болсаңыз, бала уақытына жетіп туылады, оған арнайы күтім мен инкубаторға жату қажет болмайды. Алайда, табиғат бәрін шешеді, егер бұл аптада босанбасаңыз, ешқандай қауіп жоқ.
Бұл уақыттағы баланың салмағы мен бойының ұзындығы кейбір жаңа туған нәрестенің салмағы мен ұзындығына сәйкес келеді. Салмағы 3000 грамға сәйкес не одан көп, ал ұзындығы 50 сантиметр. Баланың осы уақыттағы дамуына жүктіліктің қалай өткендігі ғана емес, тұқым қуалаушылық, баланың жеке морфологиялық сипаттары да қатысты екенін ұмытпаңыз.
Диаметрлері де негізгі өлшемдерге сәйкес. Денесіне қарағанда баланың басы пропорционалды түрде үлкен болатындықтан, бастың диаметрі кеуде мен іштің диаметрінен 4-8 мм кіші болады. Демек басы шамамен 91 мм, кеудесі шамамен 95, ал іші 99 мм (денеге қатысты үлкен, бірақ бұл табиғи норма). Сонымен қатар басы бойының ұзындығының төрттен бір бөлігін құрайды.
Май қабаттарына қатысты, кеуде ұшындағы ареолалардың пайда болуына, шеміршектердің қалыңдауына (мысалы, құлақтардағы), алғашқы шаш түктерінің пайда болуына, табандарының иірімдеріне қатысты ұсақ-түйектердің дамуында баланың қалыптасу жоғарылығы айқын көрінеді.
Адам ағзасындағы ең күрделі жүйе жыныс жүйесі бұл аптада қалыптасқан деп есептелінеді.
Бұл уақытта балада туғаннан кейін қажет болатын кейбір рефлекстер қалыптасқан, мысалы сору рефлексі.
Анасының денесі жақында жүктіліктің аяқталатынына дайындалады: бала жолдасы кішірейеді, анасының ағзасынан балаға қоректік заттар аз түседі. Шындығында, бала анасының денесінен бөлек шығуға ақырындап дайындалады.
Жүктіліктің 38 аптасындағы ананың сезімдері
Алғашқы босанатын ана үшін уайымшыл кезең. Себебі бұл уақытта босанудың жақындағаны тіпті физикалық тұрғыдан білінеді, ол тек физикалық жайсыздық ғана емес, эмоционалдық жайсыздық та тудырады. Сол себепті әсіресе анасының эмоционалдық жағдайына дұрыс көңіл бөлу керек, себебі оған баланың жағдайы байланысты болады.
Бұл сатыда әйел ішінің кішкене төмен түскенін байқайды, бұдан қорқудың қажеті жоқ – бұл физиологиялық норма. Сонымен қатар жатыр түбі де төмен түседі, осылайша диафрагмаға аз қысым түсіреді, физикалық жағдайыңыз біразға жақсарады. Алайда жүктілік деген оңай кезең емес, сондықтан мұндай жеңілдеудің орнын баланың басының шатқа қысым түсіруімен ауысады, себебі бала ақырындап төмен түсіп келеді.
Кеудеңіз де біраз мазасыздық тудырады, себебі оның қызметі емізу тәртібіне толықтай өткен, сол себепті мұның да қалыпты жағдай екенін ұмытпаңыз. Кеуде айтарлықтай ауырлайтындықтан, оның тамырлары қатты көрініп тұрады. Ұштарының қара қоңырланып, олардан кішкене тамшылар ағатыны да қалыпты.
38 аптадағы жағындылар
Жағындылардың болуы ол табиғи нәрсе, олар мүлде жоқ болса уайым тудырады. Құрғақтық микрофлораның бұзылуын білдіреді. Алайда жағындылардың сапасын мұқият қадағалаған жөн, олардың ауытқуы патология бар дегенді білдіреді.
Қалыпты жағындылар: түссіз, көмескі тартпаған, кішкене ағарған, кішкене қышқылтым иісті жағындылар.
Қалыптан ауытқыған жағындылар: егер жағындылар арасында қан кездессе, бұл дәрігерге бару немесе жедел жәрдем шақыруға себеп болады, себебі бұл бала жолдасының ажырап кеткендігін білдіреді.
Жағымсыз иісті және түсі жаман жағындылар келген кезде де дәрігерге қаралу керек, бұл инфекция түскенінің белгісі.
Босану жолдарынан қанша көлемде болса да су кетуі дәрігерлердің шұғыл араласуын қажет етеді.
Жүктіліктің 38 аптасында қалай тамақтану керек
Босану алдындағы диета алдыда күтіп тұрған босану күніне әйелді дайындау үшін тазалайтын, жеңіл болғаны дұрыс. Босану кезінде бала шығып келе жатқанда АІЖ мен ішекке түсетін қысым өте жоғары болады, сол себепті асқорыту жолдарын осы сынаққа дайындау қажет.
- Ішекті тазалауға мұқият көңіл бөлу керек, яғн ағзаның сіңіруіне қиындық тудыратын (бұршақ тұқымдастар, саңырауқұлақтар және т.б.) ауыр тамақтан бас тартқан дұрыс.
- Ал жеңіл ақуызды өнімдер пайдалы: майсыз балық, сүт және ашыған сүт өнімдері.
- Көп жеміс, шикі көкөністер жеген маңызды.
- Босану алдындағы жақсы жеңіл тағам – бұл айран мен алма.
Алайда қатты диета ұстап, ашығуға болмайды – бұл ана мен бала денсаулығына жайсыз әсер етуі мүмкін.
УДЗ
38 аптада УДЗ жасаудың аса қажеттілігі жоқ, тек дәрігердің арнайы айтқан нәрселері болмаса жасамай-ақ қою керек. Біраз уақыт бала қатты белсенді түрде өсіп жатқан жоқ. Ол осы уақытқа дейін өте жақсы қалыптасты, барлық нормаға дейін өсті (2700 - 3200 грамм). Енді оның осы жағдайды ұстап тұрғаны маңызды, бұған баланың көп энергиясы кетеді.
Егер УДЗ жасау қажет болса, бұрынғыға қарағанда жатырға өте жақын орналасқан, толық дамыған нәрестені көруге болады. Ол жарық дүние есігін ашуға толық дайын.