Жүктіліктің 41 аптасы басталғанда әйелдер мазасыздана бастайды, босану процесі әлі басталмаған. Бірақ бұл сатыда жүктілік әлі уақытынан асқан деп саналмайды, 42 аптаға дейін – қалыпты шек. Сол үшін баланың дүниеге келмегенін ойлап уайымдаудың қажеті жоқ. Ол 39 немесе 40 аптада туған нәрестелерден денсаулығы жағынан еш артта қалмайды.
Баланың дамуы
Бала қазір туылуға дайын. Оның органдары мен жүйелері толық қалыптасқан және өз бетімен қызметін атқаруға дайын. Жүктіліктің 41 аптасында баланың салмағы шамамен 3,5 килограм, ал бойы – 53 см. Бұл көрсеткіштер тұқым қуалаушылыққа және басқа да факторларға байланысты.
Бұл аптада балада ерекше өзгерістер болмайды. Оның тек салмағы өсе береді, сол себепті ерте туған нәрестелерге қарағанда ірілеу болып дүниеге келеді. Баланың шаштары мен тырнақтары өсуін жалғастырады, тері асты майы жинала береді. Баланың ішегінде туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң сыртқа шығатын меконий болады.
Бала жолдасы бұл кезде қатты тозып, жіңішкеріп кеткен, ол өз қызметін орындамайды, балаға қарсы денелер анасының қаны арқылы беріліп отырады.
Әйелдің сезімдері
Әйелдің іштің қатуы, жиі дәретке бару, ұйқының бұзылуы, жалған толғақ секілді нәрселерден мазасы қашады. Кей кездері іштің өтуі диареяға жалғасады, құсқысы келеді, асқазаны ауырады, асты жағы бұрап ауырады.
Баланың басы төмен түсе бергендіктен, жүктіліктің 41 аптасында әйелдер шатының аймағында жайсыз сезімдердің орын алғанын байқайды. Кейде ол жүйкенің бір талшығын қысып қалады, сол себепті арқаның, белдің, аяқтардың ауыруы болады. Мұндай жағдайларда дәрігерлер ешқандай дәрі жазбайды, себебі ол шұғыл босану қызметінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бала туылғаннан кейін жағымсыз жағдайлар жойылады.
Мынадай белгілер пайда болса, жақында босанасыз:
- Қағанақ суының кетуі. Кей кездері су мүлде білінбей кетуі мүмкін. Себебі кейбір әйелдер «бұтымызға жіберіп қойдық» деп ойлайды.
- Босану толғақтарының басталуы, ол ауыру сезімдерімен қатар жүреді және жиі болады.
Бос орын б олмағандықтан бала бұл мерзімде көп қозғалмайды.
Қиын сынақтан өтуіне көмектесетін, әйел ағзасында күйзеліс гормоны өндіріледі. Сонымен қатар қанның тұтқырлығын жоғарылататын әрекеттер орын алады.
Әйел адамның жағындылары
Жүктіліктің 41 аптасында әйелдің жағындылары бұрынғыдай – түссіз, кішкене қышқылтым иісті болуы керек. Бұл мерзімде шырышты қақпақ түсуі мүмкін, бұл жақын арада табиғи жолмен босанатыныңызды білдіреді. Сонымен қатар сулы жағындылар болуы мүмкін. Бұл үшін уайымдаудың қажеті жоқ, себебі көбіне су осылай бөлініп-бөлініп кетеді. Мұндай жағындылардың иісі болмайды. Егер қоңыр немесе жасыл түсті жағындылар болса, тез арада клиникаға баруыңыз керек.
Бірақ бұл мерзімде әйелдер әдетте перзентханада жатады, сол себепті мазаланудың қажеті жоқ. Мамандар әйелдің және баласының жағдайын бақылауда ұстайды.
Тамақтану
Бұл мерзімде жүкті әйелдің тамақтану тәртібі өзгермейді. Мысалы, балықта және сүт өнімдерінде кездесетін ақуыздарды тұтынуы керек. Сонымен бірге, тамақ үлесіңізге күрделі көмірсулар мен жасұнық кіруі тиіс.
Мамандар қарапайым шайдың орнына шөп қайнатпаларын ішуге кеңес береді. Қарақат жапырақтарының тұнбасы жатырды белсенді етеді деген сөз бар.
Жатырды белсенді ету
Нүктелі массаж арқылы жатырды белсенді ететін үш тәсіл бар. Егер босану әрекеттері кешіксе осыны қолданады. Массаж кейбіір нүктелерді ынталандырады:
- Бас бармақпен алақанға (LI 4).
- Бұғананың сыртқы жақтары (GB 21).
- Табан, кішкентай башпайдағы тырнақ қабаттарының аймағы (BL67).
Мұрын мен ерін айналасына массаж жасау да осындай әсер береді. Бұл жатырдың жиырылуына әсер етеді.
УДЗ не көрсетеді
Жүктіліктің 41 аптасында УДЗ бала жағдайын анықтау мақсатында жасалады. Бала басымен төмен қарап жатуы тиіс. Егер ол босану жолдарына аяғымен келіп тұрса, дәрігерлер әйелді кесер тілігі арқылы босандыруға жібереді, себебі табиғи жолмен босану кезінде бала жарақат алып қалуы немесе анасын жарақаттауы мүмкін. Сонымен қатар баланың кіндігі мойнына оралып қалған жағдайда да кесер тілігі арқылы босандырады.
Мамандар жүктіліктің 41 аптасында әйелдердің тек жақсы нәрсені ғана ойлауына кеңес береді, қорқыныш пен уайымнан арылу үшін пайдалы және сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Таза ауада серуендеу, қонаққа бару немесе жақын адамыңызбен сөйлесу жақсы шешім болып табылады.