Жүктіліктің 42 аптасы: мерзімінен артық жүктілік пе?
Дәрігерлер жүктіліктің 42 аптасына жеткен әйелдер жүктілік мерзімінен асып кеткен жоқ деген ортақ пікірде. Алайда болашақ аналардың тек 1/10 ғана осындай мерзімге дейін жетеді екен. Қандай себеппен бала дүние есігін ашуға асықпайды? Сол күнді асыға күтіп жүрген әйелдердің басында осы сұрақ туындайды. Мүмкін, баланы көтеріп жүрген мерзімде бір нәрсе дұрыс болмаған болар. Кей жағдайларда қағанақ суының аздығы себеп болса, басқа кездері – ағза жұмысының ақауларынан болады. Көбіне 30 жастан кейін босанатын әйелдер осы мерзімге дейін жүреді.
Гинеологияда босануды ынталандыратын дәрілер анасы үшін де, бала үшін де еш қауіп тудырмайды. Шығыс медицинасының жақтаушылары мұндай мәселелер От энергиясы жеткіліксіз болғанда туындайды деп есептейді. Бұл теорияны ұстанатындар жүкті әйел ащы немесе ыстық тамақ жеу керек деп айтады. Бұл жақын уақытта босану әрекетінің басталуына мүмкіндік береді.
Осы мерзімде баланың бойының ұзындығы 53 см жетеді, ал салмағы 3500 гр асады. Бала анасының ішінде қатты өскен. Қоректік заттардың жеткіліксіздігінің себебінен бала жолдасы бар күшімен жұмысын істей алмайды.
Соңғы айлардың ішінде құрамы кальцийге бай өнімдерді қабылдамай жүрсіз. Бұл дұрыс: оның мөлшері шамадан артып кетсе, бас сүйегі жұмсақтығы мен иілгіштігінен айырылады. Ал босану кезінде ол ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Балаға анасының ішінде орын тар және ыңғайсыз болса да, ол белсенділік танытуда. Қозғалыстарын санауды ұмытпаңыз.
Сезімдері
42 аптада Сіз гинекологтардың қатаң бақылауында шығарсыз, себебі мерзімнен асып кету балаға да, өзіңізге де зиян тигізуі мүмкін. Босану әрекеті басталғанша күтіп, отыра берудің қажеті жоқ. Жатырды ынталандыруға арналған рұқсат етілген тәсілдерді қолдану керек. Босанудың кеш болуы жатыр мойнының әлсіздігінен туындауы да мүмкін, сол себепті дәрігерлер оны ашатын препараттар береді.
Тамақ үлесі
Тамақ үлесіңізде еш өзгеріс болмауы керек. Құрамында кальциі көп өнімдерді тұтынуға тиым салынады. Егер гинеколог кесер тілігі арқылы босанытыңызды айтса, кейбір азық-түліктерді жеуге де тиым салынады. Олардың тізімін гинеколог береді.
УДЗ
42 аптада жүкті әйелді допплерография мен УДЗ жасатуға жібереді. Мұндай диагностикалық шаралар бала мен бала жолдасының жағдайын бақылауға, қағанақ суының сапасы мен көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер гинеколог дәрігерлер үшін өзгерістер динамикасын анықтауға көмектеседі.
Табиғи босану әрекеттері басталу үшін тағы біраз уақыт керек болады. Алайда дәрігерлер белгілі тәсілдердің көмегімен жатыр тонусын жақсартуға кеңес береді. Мысалы, алғашқы толғақ белгілері бастала салысымен, жүкті әйелдердің кеудесінің ұшына массаж жасаған дұрыс. Бұл жатырдың жиырылуына әсер ететін гормон – окситоциннің өндірілуіне ықпал етеді. Ароматерапия да көмектеседі. Жүктілік кезінде тиым салынған майлар, бұл кезеңде өте жақсы көмектеседі, бұл жатыр тонусының жоғарылауына көмектеседі. Дәрігерлердің кеңесіне құлақ асыңыз, қарапайым тәсілдердің өзі жақсы әсер береді.
Абыржудың қажеті жоқ екенін естен шығармаңыз. 42 аптада дүниеге келген балаларда ешқандай ауытқу болмайды. Өз жағдайыңызды бақылап отырыңыз, жағдайыңыз нашарлап бара жатса, бірден ауруханаға жетіңіз. Бала жолдасы тез тозады, ол балада оттегі тапшылығы орын алуы мүмкін. Қорқыныш пен уайым болмауы керек, бастысы – жақын арада болатын босану әрекетіңізге жағымды әсермен аттаныңыз.