Бұл уақытта шарана жүйке жүйесін қаттырақ дамытуға тырысады. Оның бас миы мен жұлыны қалыптасты, мишығы пайда болды. Жүйке жасушалырының саны жылдам өсіп жатыр. Сопақша ми да белсенді түрде дамуда.
Шарана өзінің титтей басын бұруға тырысады, сегізінші аптада оның басы денесінен кішкене кішірек болады. Қабағы пайда болмаған көздері, құлақтары мен мұрнын бетінен жақсы ажыратып алуға болады.
Денесінің басқа мүшелері де айтарлықтай жылдам дамуда. Қолдарының саусақтары білінеді, шынтақ буындары қалыптасқан.
Эмбрионның жынысы анықталған. Ер немесе әйел белгілері білінеді. Y-хромосома аталық жасушалардың, қуықалды безінің, несеп шығару жолдарының түрлерін және басқа органдарының қалыптасуы туралы белгі береді. Егер кішкентай адам – қыз бала болса, сегізінші аптада оның аналық жасушалары қалыптасады.
Жүкті әйелді мүлде мазасыздандыруға болмайды деген сөзді әрбіріңіз де естіген шығарсыздар, бірақ елдің бәрі мұндай кеңеске құлақ түре бермейді. Күйзеліс жағдайларының болашақ бала анасына гормондық жағынан кері есерін беретінін түсіну маңызды. Себебі эмбрионның жүйке жүйесі қалыптасуын бастайды, ал кез келген уайым артынан ауыр зардаптар орын алады. Күйзеліс әсіресе жыныстық органдарға әсерін тигізеді, сөйтіп ол дұрыс дамымай қалуы мүмкін.
Жүктіліктің 8 аптадағы белгілері
8 аптада болашақ ана жоғарғы эмоционалдығымен және қатты ашушаңдығымен ерекшеленеді. Жүкті әйел сыртқы келбетінің өзгерістерін іздейді, өз сезімдерін тыңдайды, денсаулығына аса мұқият болғысы келеді.
Шарана анасының жағдайын өте қатты сезеді, ал азғантай болса да уайым не күйзеліс кішкентай адамның дұрыс жолмен дамуына кері әсерін тигізеді. Жүктілік кезінде сабырлық сақтауға тырысып, кез келген жағдайда жақсы ойлауды қалыптастырыңыз.
Кішкентай адам өсіп жатыр, бірақ бұл анасының мүсінінен әлі біліне қоймаған. Тек омырауыңыздың үлкейгені ғана бұл белгіні білдіреді. Бұл қалыпты жағдай, себебі сүт жолдары кеңейіп жатыр.
Бұл кезеңде әйел адам өз денсаулығына қамқор болып, иммунитетін нығайту керек, себебі ол барлық күшін ұрықтың өмірін қамтамасыз етуге салады. Анасы суық тиіп ауырып жүрген туыстары мен достарынан алысырақ болуы, сонымен қатар дәрігердің кеңесінсіз ешбір дәрі ішпеуі керек. Инфекциялар мен дәрілер бірдей деңгейде болашақ бала үшін қауіпті және патологиялардың салдары болуы мүмкін.
Жүктіліктің сыртқы белгілерінің болмауына қарамастан, әйелдің ішкі жағында белсенді түрде өзгерістер жүріп жатады. Жатыр 8 см дейін өскен, жатыр мойны ұзарған, бірақ ол әлі ұзақ уақыт бойы қатты жабылып тұрады.
8 аптадағы сезімдер
Анасы өз жағдайына көңіл бөліп, дәрігермен кеңесіп, қажетті сараптамаларды өткізуі және кез келген жағымсыз жағдайларға мұқият болуы керек.
Токсикоз қатты ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Егер құсу кішкене қалыпты болып, лоқсу сезімдері күніне екі-үш рет болса бұл орынды, уайымдаудың қажеті жоқ. Салмақты жылдам жоғалту, бастың айналуы және жиі құсу орын алса, медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Токсикоз анасына ыңғайсыздық тудырады, алайда бала үшін ол одан да қауіпті.
Дәретханаға бару деген жүкті әйелдерде жиі болады. Уайымдаудың қажеті жоқ, себебі жатыр несеп қуысына қатты қысым түсіріп жатыр. Егер несеп шығару кезінде жағымсыз сезімдер немесе ауыру сезімі болса, цистит болып қалмас үшін немесе оны емдеу үшін дәрігерге барыңыз.
8 аптада жыныс жолдарындағы жағындылар
Қалыпты жағындылар түссіз болуы және қышқылды иіспен болуы керек. Жүктілік кезінде олар түсін немесе құрылымын өзгертпейді. Егер әйел өзгерістерді немесе ыңғайсыздықты байқаса, гинеколог дәрігердің көмегі қажет болады.
8 аптада жүкті әйелдің тамақтануы
Болашақ ана өзінің ас мәзірін жақсылап қадағалауы тиіс. Тұрып қалған азық-түліктер аса қатты қауіп төндіреді. Уланып қалудың зардаптары ауыр және баланың жағдайына кері әсерін береді. Тамақ үлесіңізден саңырауқұлақты, зарарсыздандырылмаған сүтті, сонымен қатар шикі ет пен балықты шығарып тастаңыз. Олар аса қауіпті болып саналады.
Құрамында тұзы көп тамақтарды, қақталған өнімдерді, какаоны, кофені және шоколадты шектеңіз. Әрине, кейде кеңес берілген мәзірмен жүкті әйелдің тәбеті сәйкес келмеуі мүмкін. Өз ағзаңызды тыңдаңыз, бірақ шектен шығып кетпеңіз.
Аяқтарыңыздың ісінуіне аса мән беріңіз, егер сондай жағдай орын алса, тұзды азайтыңыз және күннің екінші жартысынан ары қарай көп сұйықтық ішпеңіз.
УДЗ нәтижелері
8 аптадағы эмбрион бұршақтан үлкен емес. Оның денесі мен басының көлемі бірдей. Денесі мен мойны ақырындап түзеле бастады. Баланың қолы кеуде қуысына қарай бүгілген, ал олардың арасында кіп-кішкентай жүрегі соғып тұр. УДЗ-ден оны кішкентай дақ секілді болып тұрғанын көруге болады.