B3-PP дәрумені және оның бала ағзасы үшін маңыздылығы

Мазмұны: [Көрсету]

B3 дәрумені (ниацин)

B3 дәрумені (ниацин) – адам ағзасына дұрыс жұмыс жасау үшін қажетті бірегей микроэлемент. Оның қасиеттерінің арқасында медицина қызметкерлері бұл дәруменді дәрілік заттарға жатқызады.  Ниациннің басқа дәрумендерден ерекшелігі және ағзада оның жетіспеушілігінен орын алатын зардаптар қандай?

Неліктен Б3 дәрумені соншалықты маңызды?

B3-PP дәрумені, сондай-ақ никотинамид немесе никотин қышқылы деген атпен белгілі бұл зат, бала ағзасында көптеген қызметтер атқарады. Ол сан алуан ауру түрлерін ескертуге мүмкіндік береді, сонымен қатар түрлі ақуыздар, майлар, амин қышқылдары және көмірсулар бар пайдалы заттарды сіңіруге қатысады. Никотинамид тамақтың пайдалы микроэлементтерге ыдырауына көмектеседі, сонымен бірге ағзадағы холестерин деңгейін төмендетеді. Ал бұл сырқат соңғы кездері көптеген асқорыту жүйелері ауруларының себебі болуда.

Бұдан да басқа, Б3 дәрумені қантамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартады, бұл ішкі органдардың қоректік заттармен сапалы түрде толығуына мүмкіндік береді. Ниациннің мөлшері бала терісінің қандай болатынына және психикалық жағдайына әсер етеді.  Бұл микроэлементтің тыныштандыратын әсері бар, осылайша үрей, жабығу, ұмытшақтық және тіпті шизофренияның пайда болуына кедергі келтіреді.

Соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша, никотин қышқылының онкологиялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін төмендететін қасиеті де анықталған. Сонымен қатар кей жағдайларда бастапқы пайда болу кезінде рак жасушаларын жояды.

Балада ниациннің жетіспеушілігі

В3 дәрумені жетіспеген кезде бірінші кезекте асқорыту жүйесі зардап шегеді. Ағзаға түскен ас соңына дейін қорытылмай, өмір сүру үшін маңызды органдарға барлық қажетті микроэлементтер жеткізілмейді. Белсенді өмір салтын ұстанатын балалардың өзінде де тәбет төмендейді және қабылдаған аз ғана тамақтың өзі құсу мен диареяға әкелуі мүмкін.

Ағзада Б3 дәрумені жетіспеушілігінің негізгі белгілері:

  • Баланың іші өтеді;
  • Бастың жиі ауыруы;
  • Қандағы қанттың төмендеуі;
  • Аяқтардың дызылдауы;
  • Күн сәулесінің әсерінен терінің теңбілденуі;
  • Ақылдың нашар дамуы;
  • Баланың көзінің нашар көруі.

Сонымен бірге ұйқыдан да тыныштық кетуі мүмкін. Бала ұйқысыздығы эмоциялық жағдайдың тұрақсыздығынан пайда болады, бұл қоректік заттардың жетіспеушілігінен ағзаның қорғаныс әрекеті ретінде көрінеді. Дене дабыл қағуда, ал бірінші кезекте бас миы зардап шегеді.

B3 PP дәруменінің орнын толтырамыз

Б3 РР дәруменінің орнын толтыру өте оңай – оны фармацевтикалық сауда желілерінен сатып алуға да, қоректік өнімдерден де тұтынуға болады. Егер сіз никотинамидті дәрілік зат түрінде сатып алғыңыз келсе, алдын ала дәрігерден кеңес алыңыз. Ниациннің қауіпсіз екендігіне қарамастан, балаңыздың бауыры, асқазаны, ішек құрылысы немесе жүрегі ауыратын болса, оны таблетка түрінде қабылдауға кеңес берілмейді. Оның себебі – бір капсулада дәрілік заттың шоғыры өте жоғары болады.

Ал өнімдерге келетін болсақ, жағдай өзгеше. Бала ағзасы төмендегі азықтардан қажетті мөлшерді өздігінен жинақтап алады:

  • Құс және үй жағдайындағы мал етінен;
  • Балықтан (теңіз және тұщы су балықтары);
  • Тауық және бөдене жұмыртқаларынан;
  • Ірімшіктен, сүзбеден және басқа сүт өнімдерінен.

Сонымен қатар, В3 РР дәрумені картоп, қызанақ, бұршақ, брокколи сияқты көкөністерде және де сұлы мен бидайда, т.б. кездеседі.

Егер сіз балаңыз дәрумендердің күнделікті қажетті мөлшерін қабылдап, одан айтарлықтай рахат алсын десеңіз, онда Доромаринді қабылдайтын уақыт келді деген сөз.

Doromarine табиғи дәрумендік кешен

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Доромарин — бұл табиғи негіздегі дәрумендік кешен, оның құрамында микроэлементтер мен дәрумендердің толық мөлшері, сондай-ақ В3-РР дәрумені де бар. Бұл өнім ауыр сырқаттардың дамуын ескерте отырып, бала ағзасының барлық органдары мен жүйелеріне алдын ала әсер береді.

 Doromarine қабылдай отырып, балаңыз:

  • Күнделікті өмірде белсендірек болады;
  • Мектептегі нашар үлгерім мәселесін ұмытады;
  • Тіндердің жылдам қалпына келуіне әсер ететін пайдалы микро- және макроэлементтердің күнделікті мөлшерін қабылдайды;
  • Көру аппаратының нашарлауы мәселесімен ешқашан соқтығыспайды;
  • Айтарлықтай ұқыпты және жинақы болады;
  • Түрлі ауруларға қарсы тұратын күшті иммунитетке ие болады.

Сонымен бірге, Доромарин жүйке жүйесінің жағдайына жақсы әсер етеді, ал оған жалпы бүкіл ағзаның денсаулығы байланысты. Өнім дәрілік зат емес, ол емдеу-алдын алу өнімі болып табылады. Бұл оны кез келген мөлшерде ішуге болатынын білдіреді. Doromarine құрамында консерванттар жоқ және аллергияға қарсы әсерге ие. Ал жағымды дәмінің арқасында ол балаңызға міндетті түрде ұнайды.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу