Магний (Mg) және оның бала ағзасы үшін маңыздылығы

Мазмұны: [Көрсету]

Магний (Mg) және оның бала ағзасы үшін маңыздылығы

Магний күйзеліске қарсы табиғи макроэлемент болып табылады, оның басты әрекеті жүйке жүйесіне таралады. Аталған заттың жетіспеушілігі түрлі жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Ендеше, бала ағзасы үшін магний қаншалықты маңызды және оның жетіспеушілігі кезіндегі зардаптар туралы сөз қозғайық.

Магнийдің негізгі қызметтері

Магний ересек адамның және баланың ағзасында да көптеген маңызды рөлдерді атқарады. Ол тыныштандыру қасиетіне ие - ашушаңдықты басады, жүйке импульстерін жылдамдатады, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіреді. Бұл зат сонымен қатар қантамырлар қабырғаларына, ішек бұлшықеттеріне түйілуді басатын әсер береді және ішкі бас сүйек қысымын төмендетуге мүмкіндік жасайды.

Магнийдің арқасында біздің денеміздегі әрбір жасуша барлық пайдалы заттарды қысқа уақыт ішінде алады, себебі ол метаболизм жиілігін жоғарылатады. Сонымен бірге магнийдің аллергияға қарсы қасиеті бар, ағзаның сыртқы және ішкі қоздырғыштар көзіне сезімталдығын төмендетеді.

Макроэлемент жетіспеушілігінің зардаптары

Бала ағзасындағы магний жетіспеушілігі психологиялық және физикалық қызметтермен байланысты көптеген жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Ең бірінші жүйке жүйесі зардап шегеді,  соның салдарынан ұйқы бұзылып, қатты ашушаңдық пайда болады. Нәтижесінде, нашар ұйқы мен үнемі ашуланып жүру селқостыққа әкеліп, күнделікті ісіңізге қызығушылығыңыз жойылады.

Егер физиологиялық ауытқулар жайлы айтатын болсақ, бірінші кезекте жүрек-қантамыр жүйесінің мәселелерін анықтап алу қажет. Тіпті жас кезде де ырғақсыздық (аритмия), экстрасистолия, тахикардия пайда болып, қысымның бірде жоғарылап не төмендеп отыруы да болады. Қан аздықтың даму тәуекелі пайда болады, ал қан қоюлана береді.

Магний жетіспеушілігі жұмсақ бұлшықеттерге қатты әсер етеді - физикалық күш түспеген жағдайда да балада тырыспа немесе жүйке тартулары секілді бұлшықеттердің еріксіз тартылуы орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, магний инсулиннің өздігінен түзілуіне де жауап береді, ал оның жетіспеушілігі кезінде қант диабетінің пайда болу мүмкіндігі жоғары болады, осылайша бала өмірінің соңына дейін тамақтану үрдісін үнемі қадағалап немесе әртүрлі дәрі-дәрмектер қабылдап жүреді.

Магнийдің орнын қалай толтыруға болады?

Кез келген пайдалы макроэлементтер сияқты магнийдің негізі де тамақ өнімдері болып табылады. Оның көп мөлшері кебектерде, күріште, бидайда және сұлы жармаларында болады. Сондай-ақ бұл затты бұршақ тұқымдастардан табуға болады, олардың ішінде асбұршақ пен баданада бар.

Магнийдің көп мөлшері асқабақ дәндерінде, орман және бразилия жаңғақтарында, бадамда және күнжіт дәндерінде кездеседі. 100г өнімде магний құрамы тең болады, сондықтан олардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ - бәрін араластырып жей беруге де болады.

Егер көкөністер, жемістер және жидектер туралы айтатын болсақ, қарбызға ерекше назар аударған жөн, алайда химикаттар қосылмаған, тек табиғи жолмен өсірілгендерін жеу керек.

Көкөністі де естен шығармау қажет - оны түрлі тағамдар дайындауда қолдануға болады, ол бала ағзасындағы макроэлементтің қажетті мөлшерін үнемі ұстап тұруға көмектеседі.

Сүт өнімдері қаншалықты пайдалы болғанмен де мұнда магний мүлде жоқ. Теңіз тағамдары туралы да осыны айтуға болады. Тек құныс балықтың түйір уылдырығы болмаса, алайда оған әр адамның қолы жете бермейді.

Магнийдің жетіспеушілігі өте көп болғанда арнайы медикаментоздық дәрі-дәрмектерді қабылдауға болады, бірақ оны маманның қатаң бақылауымен жасау керек,  өйткені олар улы және кері әсер берулері мүмкін.

Магнийдің табиғи көзі — Доромарин

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыздан магний жетіспеушілігі белгілерін байқасаңыз, Доромаринді ішетін уақыттың жеткені. Ол толықтай табиғи, құрамында бала ағзасы үнемі қажет етіп тұратын пайдалы макро- және микроэлементтердің көптеген түрлері бар.

Төменде көрсетілген жағдайлар орын алса, Сіздің балаңызға Doromarine керек:

  • Физикалық және психологиялық күш түспесе де, үнемі шаршап жүрсе;
  • Оқуда үлгермей, енжар өмір салтын ұстанатын болса;
  • Бас ауруына шағымданса, жылына 2 реттен көп ауырса;
  • Түрлі инфекциялар мен аурулардың тасымалдаушылары болатын басқа балалармен жиі араласса;
  • Көру қабілеті нашар болса.

Доромарин шаршататын дайындықтардан кейін шаршау белгілерін жоя отырып, балаңыздың өмірін айтарлықтай жақсартатын, сондай-ақ ақыл-ес белсенділігін жоғарылататын емдеу- алдын алу өнімі болып табылады. Бұл өнім иммундық жүйені нығайтып, сонымен қатар түрлі бактериялар мен инфекцияларға қарсы тұру қорғанысын күшейтіп ағзаны болашаққа дайындайды. Өзінің бірегей қасиеттеріне қарамастан, Доромарин тек дәрумендердің орнын толтырып қана қоймай, өте жағымды дәмге ие, өйткені оның негізінде табиғи шырындар бар.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу