Натрий біздің ағзамызда ең көп таралған микроэлементтердің бірі. Оның негізгі көзі түрлі тағамдарға пайдаланылатын қарапайым ас тұзы болып табылады. Ағзада натрийдің атқаратын рөлі және оның жетіспеушілігі неге әкеледі? Ендеше, осы мәселелер бойынша сөз қозғайық.
Ағза үшін натрийдің маңыздылығы
Натрий адам ағзасындағы сұйықтықтың теңгеріміне жауап беретін бірден бір реттегіш. Ол асқазан сөлінің пайда болуына жауап береді, сонымен қатар бірнеше қызметтер атқарады, олардың ішінде:
- Орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді:
- Артериялық қысымды реттейді;
- Асқорыту әрекеттерін ынталандырады — асқазан сөлінің пайда болуына жауап береді, сонымен қатар денеде таралған түрлі жасушаларға глюкоза тасымалдайды;
- Қышқылды-сілтілік теңгерімді ұстап тұрады.
Сүйек ұлпаларының мықтылығы мен өсуіне жауап беретін кальцийдің сіңірілуіне де натрий көмектеседі.
Натрий жетіспеушілігі және оның зардаптары
Натрий жетіспеушілігі айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс және көбіне диета сақтайтын немесе ағзаның жалпы жұмысында ақаулары бар адамдарда болады. Микроэлементтің тәуліктік мөлшері 4-6 грамм, ал ағзаның қажеттілігі температура жағдайына байланысты жоғарылауы мүмкін.
Натрий жетіспеушілігі төменде көрсетілгендердің салдары болуы мүмкін:
- Дене салмағының төмендеуі;
- Құсу және лоқсу;
- Асқорыту органдарында газдың жиналуы;
- Бұлшық ет тартылуы;
- Невралгия.
Микроэлемент жетіспеушілігі оның сіңірілуіне көмектесетін D және K дәрумендерінің жетіспеушілігінен немесе калий мен хлордың шамадан тыс артуынан да пайда болуы мүмкін. Сондықтан ағзада түрлі микроэлементтердің теңгерімі сақталғаны өте маңызды.
Микроэлемент қорын қалай толтыруға болады?
Біздің ағзамыз сіңіретін натрийдің 80%-ы денемізге қарапайым тұзбен бірге түседі. Бұл қайнатпа өнімдері және дайын тағамдар болуы мүмкін. Табиғи көкөністер мен жемістерден де натрийді табуға болады, олардың ішіне мыналар кіреді:
- балдыркөк;
- сәбіз;
- теңіз орамжапырағы;
- теңіз өнімдерінің әртүрі;
- қызыл қызылша.
Егер мал өнімдері туралы айтатын болсақ, натрийдің көп мөлшері сиыр етінде және үй жағдайындағы мал бүйректерінде кездеседі, сондықтан сіздің ағзаңыз осы микроэлементті қажет етіп жатса, тамақтану тәртібі туралы уайымдамасаңыз болады.
Доромарин балаларға арналған дәрумендер кешені
Егер сіздің балаңыз дұрыс тамақтанып жүріп салмақ тастаса және бұл бұлшық ет тартылуларымен бірге жүретін болса, онда бала ағзасында натрийдің жетіспейтіні анық. Аталған микроэлемент жетіспеушілігінен арылу, сонымен қатар басқа да көптеген жағымсыз әсерлерден ағзаны қорғау үшін Доромарин ішу қажет. Ол бала ағзасының барлық жүйелерінің қызметін қалыпқа түсіруге көмектеседі, оқудағы үлгерімін жақсартады және дененің дұрыс өсуі мен қалыптасуына қажеттінің барлығын береді.
Doromarine құрамында мынандай табиғи құрамдас бөліктер бар:
Олардың әрқайсысының өзінің атқаратын рөлі бар және балаға қажетті барлық микроэлементтер мен дәрумендердің негізі болып табылады. Сонымен қатар негізгі құрамдас бөліктерінің бірі - ол жеміс шырыны, ол өнімге тек жағымды дәм беріп қана қоймайды, сонымен қатар қосымша пайда әкеледі.
Ал ең бастысы — Алматыда және Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына өнімді жеткізу толықтай тегін жүзеге асырылады және қабылдауды бастаған соң бірнеше күннен кейін-ақ балаңыздың жақсы жаққа өзгергенін байқайсыз.