Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасындағы калийдің (K) рөлі мен қызметі

Мазмұны: [Көрсету]

Калий – оқымыстылар ашқан ежелгі микроэлементтердің бірі. Ол көптеген пайдалы қасиеттерге ие және ағзадағы ерекше қызметтер қатарын атқарады.

Калий адам ағзасындағы көптеген қасиеттер мен қызметтерді атқарады. Соның арқасында бұлшық еттер қалыпты жұмыс істейді,  жүйке импульстерінің берілуі орын алады, сонымен қатар қан тамырларларының тұтастығы қамтамасыз етіледі. Ендеше, калийдің қандай қызмет атқаратыны және оның жетіспеушілігінің салдары қандай болатыны туралы сөз қозғайық.

Адам ағзасындағы калийдің қызметі

Калий жақсы зерттелген микроэлементтердің қатарына жатады, себебі ол ежелгі заманнан бері белгілі элемент. Бұл зат өте күшті у – цианид жасау үшін пайдаланылған,  ал адам денесіндегі атқаратын қызметтері мүлде басқа.

Төмендегі жағдайларда калий қажет болады:

  • Жүрек бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұру үшін;
  • Метаболизм ауытқуы кезінде миокардты қоректендіру үшін;
  • Артық сұйықтықты шығару үшін;
  • Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті ұстап тұру үшін;
  • Сулы-тұзды зат алмасуды реттеу үшін;
  • Кан тамырлары мен жасушалардан натрий тұзын шығару үшін.

Осының бәрінен басқа калий беріш зардабына қарсы микроэлемент ретінде де рөл атқарады. Ол қан тамырлық және артериялық қысымды ұстап тұрады, сондай-ақ жүрек бұлшық етіне жүйке импульстерінің келуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге калий кейбір ферменттерді белсенді етіп,  глюкозаның гликогенге айналуына жауап береді.

Калий жетіспеушілігінің зардаптары

Калий микроэлементтердің іргетасы болып табылады,  бүкіл ағзаның  жұмысы оның қалыпты қызмет аткаруына тікелей байланысты.  Оның жетіспеушілігінің салдарынан төменде көрсетілген жағдайлар орын алуы мүмкін:

  • Асқазан мен ішек жарасы;
  • Миокард жиырылуындағы ауытқулар;
  • Шырышты қабаттарда, сонымен бірге жыныстық органдарда болатын жаралар;
  • Артериялық кысымның бұзылуы.

Калий жетіспеушілігінің созылмалы түрінде иммунитет бұзылып, бұл жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің жұмысын бұзып, соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Мынандай белгілер білінгенде калий жетіспеушілігі орын алған деген сөз:

  • Тері құрғақтығы;
  • Тыныс алудың жиілеуі;
  • Жиі зәр шығару;
  • Тез шаршау;
  • Лоқсу және құсу;
  • Қоршаған ортадағы нәрселерді қабылдау сезімінің бұзылуы;
  • Бұлшық ет аурулары, тіпті талма ауруына дейін болады.

Калий әсіресе өсіп келе жатқан ағзаға қатты қажет, себебі ересектерге қарағанда балалар калий жетіспеушілігінен көп зардап шегеді.

Микроэлементтің орнын калай толтыруға болады?

Ағзадағы калийдің қорын үнемі толтырып отыру қажет. Әмбебап сауда орындарынан жылдам табылатын түрлі азық-түліктер түрін қабылдай отырып, біз мұны оңай жасай аламыз. Олардың ішінен төменде көрсетілгендерді бөліп айта аламыз:

  • Картофель;
  • Нан;
  • Шай және кофе өнімдері;
  • Жидектер, жемістер және цитрус өнімдері;
  • Соя бұршақтары;
  • Сүт өнімдері;
  • Сиыр еті;
  • Теңіз өнімдері (балық, ламинария және т.б.).

Аталған микроэлементті ағза айтарлықтай жақсы сіңіретінін айта кету керек, осылайша адам денесіне азық-түлік құрамының 90-95% түседі. Тәуліктік қажеттілік 2000 мг шамасында ауытқып тұрады, алайда бұл көрсеткіш жас ерекшелігіне, ағзаның өзгешелігіне және өмір сүру салтына тікелей байланысты. Мысалы, физикалық жаттығулармен айналысатын адамдар басқаларға қарағанда, 500 мг артық қабылдаулары керек.

Күйзеліске түскенде, ұдайы көп салмақ түсу кезінде және шығару жүйесі органдары жұмысының бұзылуы орын алғанда калийдің құрамы төмендеуі мүмкін.  Аталған микроэлементті рубидий, цезий, натрий және таллий сияқты элементтер жойып жіберуі мүмкін,  сондықтан әр элементтің тепе- теңдігін дұрыс ұстау қажет.

Калийдің табиғи көзі - Доромарин

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыздың дұрыс дамуы мен өсуі үшін күнделікті қажетті нәрсенің бәрін алып тұрсын десеңіз, онда балаларға арналған Доромарин дәрумендерін ішудің уақыты келді. Ол толықтай табиғи өнім болып табылады,  құрамында төмендегі өнімдер кездеседі:

  • Қиыр шығыс ламинариялары – калийдің, кальцийдің, түрлі топтардағы дәрумендердің және басқа да пайдалы микроэлементтердің қайнар көзі;
  • Теңіз кальциі – баланың сүйегін берік қылады, сол себепті бала әртүрлі ойындардан өзін шектемейтін болады;
  • Теңіз қиярының сығындысы – құрамында С, В және РР дәрумендерінің көп мөлшері бар.

Өнімнің негізінде табиғи жеміс шырыны бар, сондықтан Доромариннің құрамы тек пайдалы ғана емес, дәмі өте жағымды.

Төменде көрсетілген жағдайлар байқалса, балаңыз Doromarine ішуі керек:

  • Ылғи ауырады және аллергиядан зардап шегеді;
  • Тұқымқуалаушылық ауруларына бейім;
  • Оқу материалын игеріп үлгермейді;
  • Ағзаға физикалық күш түскеннен шаршап қалады;
  • Кестесі тым көп болса, тек оқу материалдары емес, спорт секцияларында да сабақтары бар.
  • Көп уақытын қозғалыссыз – компьютердің немесе теледидардың алдында өткізеді;
  • Ағзаның ерекшелігіне немесе күн тәртібіне байланысты дұрыс тамақтанбайды.

Доромарин бала ағзасының әр жүйесінің жұмысын жақсартады, иммунитетті күшейтеді, көздің көруін жақсартады және ағзаны улы заттар мен тұнбалардан тазалайды. Өнім толықтай табиғи, сондықтан жағымсыз әсерлер тууына себепші болмайды. Ал ең бастысы, Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жеткізу толықтай тегін.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу