Жүктілік әйелді өз денсаулығын, өмір салты мен тамақтануын бақылап отыруға міндеттейді. Болашақ аналар өздерінің ұнататын тағамдарынан бас тартуға мәжбүр болады. Пиязды зиянды өнімдер тізіміне қосуға бола ма? Мұны түсіну үшін аяғы ауыр келіншектің ағзасына көкөністің тигізетін пайдалы және зиянды әсерін егжей-тегжейлі зерттеу көмектеседі.
Неге пиязға құмарлық артады?
Жүктілік кезінде пайда болатын гормондық өзгерістер дәм талғамына әсер етеді. Ағза баланың дамуы, оның денсаулығы мен анасының денсаулығы үшін қандай заттар жеткіліксіз екендігі туралы хабар береді.
Пиязды жеуге деген құмарлық төмендегі мәселелердің туындауынан болуы мүмкін:
қалқанша безінің дисфункциясы
- темір тапшылығы анемиясы
- суық тию немесе вирустық аурулар
- гельминтоз
Егер пиязға деген құмарлық денсаулықтың нашарлығымен байланысты болса, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Пияздың пайдасы мен зияны
Бұл көкөніс дақылының құрамына ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттыратын дәрумендер, минералдар, эфир майлары кіреді. Пияздың құрамындағы фолий қышқылы жүктіліктің сәтті өтуіне ықпал етеді. Оның жетіспеушілігі ұрықтың туа біткен ауытқушылығына және мерзімінен бұрын босанудың даму қаупімен бірге жүреді.
Пияздың ерекше құрамы ағзаға біраз жағымды әсерлер береді.
- Токсикоздың қаупін азайтады.
- Тәбетті ашады және асқорытуды жақсартады.
- Қан түзіліміне оң әсер етеді.
- Жеңіл несеп айдатқыш әсері бар.
- Ұйқыға пайдалы және оның ұзақтығына жақсы әсер етеді.
Жағымды әсерлерінің көп болғанына қарамастан, пиязды шамадан тыс жеуге болмайды. Пиязды көп тұтыну мынадай жағдайлар тудыруы мүмкін:
- іш ауруы
- қыжыл
- гастрит пен асқазан жарасының асқынуы
- қысымның жоғарылауы
- ішектегі газдар
- астма ұстамасы.
Сақтық шараларын сақтау жағымсыз белгілердің пайда болуынан құтылуға көмектеседі. Болашақ аналар үшін пияз нормасы тәулігіне 100 грамға дейін. Екінші триместрде оны 70 грамға дейін төмендеткен жөн.
Пияз – дәрілік зат ретінде
Көптеген дәрі-дәрмектерді жүктілік кезінде ішуге тыйым салынады. Бұндай жағдайда емделу үшін қол жетімді және танымал көкөністі пайдалануға болады. Халықтың кеңестер бірқатар қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
- 200 мл туралған пияздың сүтке қосылған қайнатпасы жөтелден құтылуға көмектеседі. Екі мөлшерге бөліп, оны күнделікті ішіп тұру қажет.
- Түймедақ қайнатпасы қосылған пияз мен лимон ұнтағынан ингаляция жасау - бұл суыққа қарсы ең жақсы ем.
- Пияздың бір басын толық сығып, шырынын ішу геморройды емдеу үшін қолданылады.
- Пияз сақиналарымен бетті ысқылау терінің пигментациясын азайтады.
- Аш қарынға тұтынылатын пияз, қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді.
- Пияз маскасы сынғыш және түтіккен шаштың сау көрінісін қалпына келтіреді.
- Ас қасық балдың сұйылтылған көкөніс шырыны қосылған қоспасы, мұрынның бітелуін жояды.
Пайдалануға болмайтын кездер
Осы артықшылықтарына қарамастан, барлық адам шикі пиязды жей алмайды. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының қабынуынан зардап шегетін және метеоризмге бейім әйелдердің аталған көкөністі жеуіне болмайды.
Астма және гипертониямен ауыратындар пияз жегенде сақтық танытулары керек. Ащы тағамдар шабуылды ұстаманың орын алуына себеп болады және қысымды арттырады. Бұл өт қабының, бауырдың және бүйректің созылмалы аурулары бар әйелдерге де қатысты.
Жетекші дәрігермен кеңесу жағымсыз жанама әсерлердің алдын алуға көмектеседі. Дәрігер сізге болашақ анаға қолайлы мәзірді құрып, диета кезінде пиязды қалай қолдану керектігін айтады. Жүктілік кезінде бұл көкөністі пайдалануға ешқандай қарсы көрсетілім жоқ.