Баланың жөтелуі – сауығуға арналған реакция. Ол тыныс алу жолдарын тазалайды және баланың еркін тыныстауына мүмкіндік береді. Кеңірдек пен өкпенің тыныс алу бұлшықеттері булығып қысқарғанда жөтел пайда болады. Бұл қысқарулар тыныс алу жолдарында жиналып қалған шырышты жоғары көтеріп, шығарып тастауға көмектеседі.
Өкпе мен кеңірдекке бөгде денелер түсіп кеткенде немесе ол жерде қақырық көп жиналып қалған жағдайда оларды тазарту қажет болады. Қақырық бөлу әрекеті оның құрамының өзгеруімен бірге жүреді. Ауырып жатқан кезде ол қою, сары-жасыл, иісі жағымсыз және патогенді бактериялармен болады. Мұндай шырышты өкпеден міндетті түрде жөтеліп шығарып тастау керек.
Қабыну болған кезде тыныс алу жолдарындағы шырыш үнемі пайда болып тұрады. Үнемі жөтеліп жүрудің себебі қандай? Баланы қате емдеу арқылы оған зақым келтірмес үшін, жөтелдің пайда болу механизмін дұрыс түсіну маңызды.
Жөтелдің пайда болуы және оны тоқтату
Қабыну әрекетін тоқтатуға байланысты жөтел тамақ жөтелі, кеңірдекті және бронхтық болуы мүмкін. Баладағы тамақ жөтелі жұтқыншақ мен тамақтың қабыну аурулары кезінде пайда болады. Оны емдеу қақырықты түсіретін препараттарды пайдалануды қажет етпейді, өйткені жоғарғы тыныс алу жолдары ашық және бос болады. Қақырықты түсіретін заттардың әсері жөтел рефлексін күшейтеді, бұл тамақ жөтелі кезінде керек емес. Сондай-ақ терапия үшін қақырықты сұйылтатын заттар да қажет болмайды. Егер тамақ жөтелі кезінде өкпе қуысындағы қақырықтың пайда болуы мен сұйылуын дамытатын болсақ – нәтижесінде баланың жөтелі күшейіп, сырқаты асқынады.
Кеңірдекті жөтел бронхтың жоғарғы бөлігі – кеңірдектегі қабыну әрекеттерін тоқтату кезінде пайда болады. Бала кеудесінің және арқасының жоғарғы жағының ауырғанын сезуі мүмкін. Мұндай жөтел кезінде жөткіріну және қақырықты сұйылтатын дәрі-дәрмектер берілуі ықтимал.
Бронхты жөтел бронхтардың қабынуы және төменгі тыныс алу жолдарындағы инфекцияларды жою кезінде пайда болады. Сонымен қатар мұндай жөтел өкпенің – терең және жіңішке өкпе альвеолдарының қабынуында орын алады. Мұны емдеу үшін қақырықты сұйылтатын мен жөткірінуді тудыратын дәрілер қажет. Бірақ обструкция мен түйілу болмаған шарты бойынша іске асуы қажет.
Ескертпе: бронхты-өкпе бұлшықеттерінің тартылуы бірнеше себепке байланысты пайда болады. Соның біреуі – қақырықты бөліп шығаратын дәрілерді қабылдау нәтижесінде қақырықтың көп мөлшерінің бөлінуі. Яғни – өздігінен жөтелу кезінде және қақырық соншалықты қою болмаған жағдайда олардың түсуін белсенді ететін дәрілерді тағайындау міндетті емес.
Тамақ жөтелі, кеңірдекті, өкпе-бронхты жөтелдер – қабынуды тоқтату белгілері бойынша балаларда кездесетін жөтел түрлері. Олардан басқа, медицина қызметкерлері пайда болған қақырықтың болуы мен қоюлығы дәрежесіне қарай, жөтелді құрғақ және ылғалды деп бөледі.
Жөтел түрлері: ылғалды және құрғақ
Балалардағы жөтел түрлерін, құрғақ және ылғалды жөтелді емдеу ерекшеліктерін сипаттайық.
Құрғақ жөтел
Құрғақ жөтел аллергиялық реакция немесе вирустық инфекцияның басында пайда болады. Оны өнімсіз деп атайды, себебі өкпе бұлшықетінің тартылуы өкпе қуысынан сұйықтықты шығармайды. Көбінесе өкпеде шығарып тастайтын сұйықтық болмайды. Ал жөтелу рефлексі ұлпалардың вирустармен немесе аллергендермен тітіркенуінен болады.
Бұл қылқынып жөтелетін үрме жөтел болуы мүмкін – бала бронхтардың қысылу себебінен жөтеле алмай қалады. Не тоқтаусыз құрғақ болады – бұл аллергенді немесе басқа улы затпен тыныс алғанда орын алады.
Құрғақ жөтелді емдеу оның себебіне байланысты болады. Егер бұл аллергиялық реакция болса – аллерген әсерін тоқтатып, жөтелуді қойдыру керек. Бұл үшін жөтелді басатын дәрі-дәрмектерді пайдаланады.
Маңызды: мұндай препараттарды балаға тек дәрігердің кеңесін алғаннан кейін ғана, дәрігердің тағайындауы бойынша беру керек. Себебі, диагнозды қате түсініп қалған жағдайда, жөтелге қарсы препараттар ауыр асқынуға дейін жеткізіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Егер құрғақ жөтелдің себебі – өкпе бұлшықеттерінің тартылуы болса – оны босаңсыту керек. Көбіне балаларға беродуал немесе эуфиллині бар тамақ ингаляциясын тағайындайды.
Егер құрғақ жөтелдің себебі – өкпедегі қақырықтың жеткіліксіз пайда болуы болса – оны сұйылту қажет. Бұл үшін сұйықтықтың бөлінуін белсенді ететін дәрі-дәрмектер жазып береді. Бұлардан бөлек, көп су ішуді әдетке айналдырған абзал.
Ескертпе: балада құрғақ жөтел шырышты қабаттардың «құрғауынан» болады. Бұл температура жоғары болған кезде орын алады. Сондықтан жөтелдің алдын алу үшін балаға жылы шай, қантсыз компот, минералды су көп беру керек.
Ылғалды жөтел
Ылғалды жөтел құрғақ жөтелден өкпеге қақырықтың толуымен ерекшеленеді. Ол өнімді деп саналады, себебі тыныс алу қуысынан улы патогендерді шығаруына мүмкіндік береді. Ылғалды жөтел сұйықтықтың түрлі мөлшерімен бірге жүреді. Сұйықтық көп болған жағдайда баланың жөтелуі қиындайды. Сондықтан балаға жөтел тудыратын заттар жазып беруі мүмкін.
Қақырықтың бөлінуі кей жағдайларда қатты болмауы мүмкін. Мұндайда, бала қақырықты «жөткірініп» шығарып, бронхиттен құтылуы ықтимал. Дәрумендер кешенін толық қабылдайтын, иммунитеті күшті балаларда қақырыну әрекеті антибиотиктер қабылдамай-ақ сәтті өтуі мүмкін. Ал егер бала жиі ауыратын болса, онда бактерияларға қарсы дәрі-дәрмектерді инфекцияны басу үшін қабылдау қажет.
Кез келген ауруды жұқтырған кезде баланың иммундық жүйесі өз қызметін басқаша құрады. Ол белсенді түрде антиденелер, макрофагтар, киллер жасушалар, инфекциялар жайпауыштарын түзеді. Иммунды денелер түзу биологиялық белсенді заттар – минералдардың, ферменттердің, энзимдердің, дәрумендердің үлкен шығынын қажет етеді. Олардың қоры жеткілікті болса, ағза аурумен өз бетінше күресе алады. Минералдар мен дәрумендер жеткіліксіз болған жағдайда – бала ұзақ уақыт бойы ауырып, күшті антибиотиктердің көмегінсіз жазыла алмайды. Міне сондықтан да балаларға арналған дәрумендер – иммунитет пен денсаулықтың кепілі дейміз.
Балалар жөтелінің себебі
Жөтел ауру белгісі болып табылады. Бұл өздігінен пайда болатын сырқат емес. Бұл – бронхтың, өкпенің, тамақтың, көмейдің қабынуынан туындайды. Мұны ауруды емдеу кезінде есепке алу керек. Жөтелді емдемеу керек, оның қабынуын тудырған себебін емдеу қажет. Қандай аурулар жөтелдің себебі болуы мүмкін?
- Тамақтың, көмейдің, жұтқыншақтың қабынуы – суық тию немесе вирустық инфекция, ТЖА және ЖРВЖ, баспа, фарингит.
- Жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының қабынуы – кеңірдек, кеңірдек қабынуы.
- Төменгі тыныс алу жолдары ауруларының қабынуы – бронхит, соның ішінде обструкциялық, демікпелі бронхит.
Ескертпе:обструктивті бронхит кезінде жөтел қылқынып шығатын үрме жөтел болуы мүмкін – бала бронхтардың қысылу себебінен жөткірінгісі келеді, бірақ жөтеле алмай қалғандай көрінеді.
Терең тыныс алу жолдарының қабынуы – өкпе қабынуы деген атқа ие болған өкпе альвеолдары.
- Көкжөтел.
- Туберкулёз.
Сонымен бірге балалар жөтелінің себебі болып төмендегілер табылады:
- Тыныс алу жолдарына бөгде денелердің түсіп кетуі, көбіне – шаңның ұсақ бөлшектері.
- Уландыратын немесе аллергиялық заттарды иіскеу, ата-аналардың темекі шегуі.
- Жүрек аурулары.
- Ішекқұрттарының кей түрлері. Мысалы, өздерінің даму циклынының бірінде олар өкпе қуысына еніп кетеді. Осы кезде балада қақырықты түсіретін, сұйылтатын заттармен емдеуге келмейтін құрғақ жөтел пайда болады.
Балалар жөтелін емдеу
Жөтел терапиясында әдетте мынадай әсері бар препараттарды жазып береді:
- Инфекцияға қарсы заттар – антибиотиктер, антимикотиктер, вирусқа қарсы препараттар.
- Тыныс алу қуысындағы қақырықты (шырышты) сұйылтатын заттар.
- Қақырынуды белсенді ететін заттар.
- Кез келген қабынудың дамуына әкелетін уыттардың шығуын тездететін заттар.
Ал енді, түрлі препараттардың әсерлеріне толығырақ тоқталайық және де балаларға арналған дәрумендер, ауруды оңай көтеру мүмкіндігі немесе мүлде ауырмау туралы да сөз қозғайық.
Инфекцияға қарсы заттар: антибиотиктер
Антибиотиктерді бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданады. Егер патоген инфекция болса, қоздырғыштың бактериялық негізі табиғи болған кезде оның әсері тиімді болады. Мысалға - хламидия, стафилококк, пневмококк, дифтериялық таяқша.
Бактериялық инфекция – көбіне өкпе мен бронх шырышты қабатының қабынуының себебінен туындайды. Оны емдеу үшін антибиотиктер таблеткалар немесе ине түрінде тағайындалады. Препаратты таңдау патогенді микроағзалар түріне байланысты. Ол тыныс алу жолдарындағы және өкпе альвеолдарындағы патогенді бактерияларды өлтіреді. Қабынудың дамуы немен шектеледі? Бактерияларға қарсы заттарды тағайындау кезінде нені білу маңызды?
Негізі барлық антибиотиктер «жаппай» талқандау қаруы болып табылады. Олар патогенді және достық қатынастағы бактериялар үшін де қауіпті. Сондықтан бактерияға қарсы терапиядан кейін балада дисбактериоз пайда болады.
Ол түрлі қуыс органдардың сыртқы шырышты қабаттарындағы микроағзалар теңгерімінің бұзылуынан орын алады. Бұл олардың иммунитетін төмендетеді және инфекцияның қайта пайда болу мүмкіндігін тудырады. Сонымен қатар асқорытуды бұзады, өйткені баланың ішегі тағамды сіңіретін және қорытатын бактерияларынан айрылады. Дисбактериоз белгілері – іштің өтуі, бұзылуы, метеоризм және құсу.
2-3 апта бойы лиофолизді сүт қышқылды бактериялары бар (кептірілген) препараттарды қабылдау кезінде дисбактериозды емдеу қажет болады. Олар достық қатынастағы флораны толықтырады және асқорыту үрдісін, жергілікті иммунитет жұмысын жақсартады.
Сондай-ақ антибиотиктер тағайындау кезінде, тек инфекцияларды жою ғана жеткілікті емес екенін түсіну маңызды. Ұлпалардың патогендермен уланған аймағындағы қабынуды жою қажет. Бұл үшін – сыртқа шығару реакциясын жылдамдататын, детоксикаторлар мен дәрумендер кешенінің көмегімен жасушалардан уытты заттарды шығару керек.
Вирустық аурулар және бактериялық инфекцияның қосылуы
Вирус жұқтырған кезде баланың жөтелуі басқа схема бойынша қалыптасады. Суық тию инфекциясы вирусының енуі (тұмау, ЖРВЖ) мұрыннан су сорғалауымен бірге жүреді. Жұтқыншақ пен кеңірдекке түскен сұйықтық рефлекторлық тамақ жөтелін және кеудеден жоғары жөтел тудырады. Ары қарай, егер бала иммунитеті іске қосылмаса, вирустар кеңірдектің, бронхтың немесе өкпенің қуысына қарай тереңдей түседі. Осы жерде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының жасушаларына енеді, оларды өздерінің көбеюі үшін пайдаланып, кейін оларды жойып жібереді. Зақымдалған жасушаларға адам ағзасында қашанда болатын бактериялық инфекция орнығып алады. Осылайша, екінші бактериялық зақымдалу орын алады.
Бактериялық инфекцияның вирустық инфекцияға қосылуы аурудың 3-4-күнінде байқалады. Мұндай жағдайда балалар жөтелін емдеу антибиотиктерді қажет етеді. Бактериялық инфекцияның қосылу ықтималдығы бала иммунитеті мен ыстықты түсіретін заттарды пайдаланумен анықталады. Өз кезегінде, адам иммунитеті күнделікті адам ағзасына түсетін дәрумендермен, минералдармен, жасұнықтармен анықталады.
Инфекцияларға жақсы қарсы тұру және аурудан тез айығу үшін балаға дәрумендер кешенін беру керек. Дәрумендерді күнделікті қабылдайтын балалар, көп ауырмайды және ауруды айтарлықтай жеңіл көтереді.
Вирустық ауру кезінде ағзаны жылдам айығуға интерферон арқылы ынталандыруға болады немесе фармацевтер шығаратын вирусқа қарсы заттарды қолдану керек. Алайда вирустардың көп бөлігіне қарсы айрықша дәрілердің әлі жасалмағанын түсіну маңызды. Сондықтан жылдам жазылу үшін үнемі дәрумендердің түсіп тұруы арқылы толығатын өз иммунитетіңіздің реакциясы маңызды.
Қақырықты сұйылтуға арналған заттар
Қақырық немесе патогенді сұйықтық бронх, өкпе немесе жұтқыншақ қуысында пайда болады. Өмір сүруге қабілетті патоген уыттар бөліп шығарады. Оларды сыртқа шығарып тастау қажет. Бұл үшін шырыш сұйықтық бөліп шығарады, ол уыттарды ерітіп, оларды тыныс алу жолдарынан ары шығарып отырады.
Жөтел кезіндегі қақырықтың түсі мен иісі әртүрлі болуы мүмкін. Оның құрамы патогендермен бөлінген уытты заттардың атауымен және мөлшерімен анықталады. Егер уыттар көп болса, қақырық жабысқақ, қою, сары немесе жасыл түсті, жағымсыз иісті болады. Баланың аузы сасиды – бұл ірің иісінің ауыз қуысына дейін көтерілуі. Мұндай қақырық қарапайым іріңді еске салады.
Егер өкпе қуысындағы патогенді бактериялар мөлшері көп болмаса, олардың бөлінуі – қатты болмайды. Аз қақырық түседі, оның түсі ақшылдау болады және қатты жағымсыз иісі болмайды.
Тыныс алу жолдарынан қақырықты шығару үшін бронхтың, өкпенің немесе жұтқыншақтың жұмсақ бұлшықеттері жиырылады. Осы кезде сұйық қақырық жоғары көтеріліп, тамаққа лақтырылады. Сұйықтық жөткіріну арқылы ауыз қуысына түседі.
Сұйықтықтың мөлшері оның жабысқақтығымен анықталады. Сұйық қақырық оңай шығады. Қою қақырықты шығару қиын болады. Сондықтан көп жағдайларда бронхит кезінде қақырықты сұйылтып, арнайы фармацевтикалық заттардың көмегімен жөткірінуді белсенді етуге тура келеді.
Қақырықты сұйылту үшін көп су ішу де маңызды. Бала көп мөлшерде су ішу керек – жылы күйінде, - шай, тәтті емес компот, жай су ішкені дұрыс.
Маңызды: бронхы қысылатын, обстукциясы бар балаға қақырықты сұйылтатын затты беруге болмайды. Мұндай жағдайда сұйылтылған қақырық жоғары көтеріле алмай қалып, баланың тыныс алуына байланысты мәселелер туындауы мүмкін.
Қақырықты түсіретін заттар
Бұл заттар тобы бронх пен өкпе бұлшықеттеріне әсер етеді. Ол бұлшықеттердің жиырылуына мүмкіндік тудырып, патогенді сұйықтықтың жоғары қарай бөлінуін жылдамдатады. Мықты бала көбінесе қақырықты өзі түсіреді. Мұндай жағдайда қақырық түсіретін заттардан бас тартуға болады. Алайда жалпы иммунитеттің әлсіздігіне және өз бетінше жөтелудің болмағанынан көп балаларға қақырықты түсіретін заттар жазып береді.
Ескертпе: ағзаның кез келген инфекцияға – бактериялық немесе вирустық инфекцияға реакциясы иммунды денелердің болуымен және олардың ағзадағы түзілу жылдамдығына байланысты. Көбінесе ол дәрумендердің түсуіне тікелей байланысты. Бала ағзасындағы дәрумендер қоры аурудың жеңіл өтуіне және жылдам айығуға кепілдік береді. Сондықтан инфекциялар, суық тию жиі болатын ауа райының суық кезінде балаға Доромарин дәрумендер кешенін беру керек. Сол кезде бала жөтелін емдеудің қажеті болмайды.
Балалар жөтелінің алдын алу
Бронх пен өкпе қуысында патогенді қақырықтың жиналуымен байланысты, ауру түрін ескерту алдын алу болып саналады. Бронхты-өкпе қабынуы көбінесе инфекцияның салдарынан туындайды. Олардың қоздырғышы әртүрлі, вирустық немесе қышыма түрінде болуы мүмкін. Патогеннің тыныс алу жолдарының шырышты қабатына ене алмауы үшін балалар мен ересектер арасында жөтелдің алдын алудың төмендегі шараларын қолдану қажет.
Бактериялық инфекцияларға қарсы тұру
Өкпенің бактериялық қабынуының себебі адамның шырышты қабаттарында кездесетін патогендер болып табылады. Кейбір ферменттердің түзілуі үшін пневмококтар, стафилококтар, стрептококтар қажет. Олардың мөлшері «достық флорасымен» бақыланады. Бұл – бала ағзасына ең алғашқыда ана сүті арқылы түсетін сүтқышқылды бактериялар. Одан кейін – тізбелер мөлшерін бөледі. Осылайша, жақсы иммунитет пен баланың жылдам жазылуы үшін осындай пробиотиктер – лиофолизді сүтқышқылды бактериялары бар препараттар керек.
Бактериялармен зақымдалудың тағы бірі ол – патогендердің сырттан енуі. Осылайша, шырышты қабат реакциясы ары қарайғы бактериялық инфекциялану мүмкіндігін анықтайды. Егер шырышты қабат ылғалды болса, бактериялар орналасқан жерде иммундық денелер жиналып, олардың көбеюін тежейді. Міне, енді инфекция ары қарай дамымайды, бала ауырмайды. Егер шырышты қабат құрғақ болса, сұйықтықтың әлсіз қозғалуына байланысты оның қорғаныс қызметтері зақымдалған. Сондықтан жергілікті иммунитеттің тиімді жұмысы үшін, суық тию мен инфекция жүру маусымдарында мұрынның ішін тұзды сумен жуу не шаю керек.
Жасушалық иммунитет – вирустардан тұрақты қорғаныс
Вирусты зақымдалуға ағзаның тұрақтылығы жасушалық иммунитетпен анықталады. Ол жасушалық қабықша – мембрананың мүмкіндігімен – жасуша ішіне вирустың еніп кетуіне кедергі болуымен анықталады. Зақымдалу қалай іске асады?
Ену кезінде тұмау вирусы немесе ЖРВЖ басқа түрінің вирусы мұрынның немесе көмейдің шырышты қабықшасына түседі. Осы жерде тірі жасушаға жабысып, оның цитоплазмасына енуге тырысады. Вирустың бұл шабуылы сәтті не сәтсіз болуы мүмкін. Шабуыл нәтижесіне байланысты – балада немесе ересек адамда ауру, инфекция пайда болады не болмайды.
Егер вирус жасушалық мембрананы бөліп өтсе, ол жасушалық ядроға еніп, жаңа вирустардың пайда болуына әкеледі. Осылайша, адамның шырышты қабықшаларының тірі жасушасы ауру тудыратын вирустарды өндіретін «фабрикаға» айналады.
Ауру дамуының басқа да түрлері бар. Егер жасуша мембранасы айтарлықтай берік мықты болса, вирус оның цитоплазмасына ене алмайды. Ол шырышты қабықтан «бөлініп», ары қарай зақымдауын тоқтатады. Жағдайдың бұлайша дамуы иммунитетке арналған толыққанды Доромарин дәрумендерін күнделікті қабылдап жүрген балаларда болмайды.
Ескертпе: автокөліктердің және өндірістік қалдықтар кесірінен және арамшөптерге қарсы жаппай химиялық заттарды пайдалану салдарынан болған экологиялық ластану нәтижесінде көптеген өнімдерде толыққанды дәрумендер кешені жоқ. Оларда минералдар жиі кездеспейді. Міне, сондықтан да шикі көкөністер мен жемістерді тұтыну бала ағзасын денсаулыққа пайдалы заттармен қамтамасыз етпейді. Заманауи балаларға дайын дәрумендер кешені мен оңай сіңірілетін минералдар түрін беру керек.
Доромарин табиғи дәрумендерін пайдалану жөтелмен және жиі суық тиюмен байланысты мәселелердің 90% шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, DoroMarine басқа ауру түрлерін ескертеді, ЖРВЖ жиілігін төмендетеді және ауырсаңыз да ұзаққа созылмайтындай етеді.
Доромарин – кез келген жастағы балаларға арналған дәрумендер
Бала өміріндегі, дамуындағы және денсаулығындағы дәрумендердің атқаратын рөлін анықтау қиын. Тағам түрлерінде олардың мүлде табылмайтынын және бала ағзасында жетіспейтінін ескере отырып, дәрумендер кешені әр адамға керек деген мәселе туындады.
Доромарин – кез келген жастағы жастағы балаларға арналған табиғи алдын алу-емдеу өнімі. DoroMarine – бала ағзасына пайдалы заттарды жеткізіп тұратын табиғи кешен. Оның құрамында – қиыр шығыс ангустат ламинариясы, теңіз трепанг сығындысы мен жеміс шырыны бар. Сондай-ақ, өсуді жылдамдататын және сүйек-бұлшықет жүйесінің саулығын, тістеу мен тістердің қалыптасуын қамтамасыз ететін теңіз кальциі бар. Осылайша, дәрумендер кешені баланың толыққанды дамуын қамтамасыз етіп, аурулардың алдын алады. Бұрын суық тиюден, бронхиттен және вирустық инфекциялардан құтыла алмай жүргендер де жиі сырқаттануын тоқтатады. Доромаринмен бірге – жөтел жоқ!