Әрбір жүкті әйел үшін дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Егер жүктілікке дейін нәзік жандылар ішіп жүрген тамағына аса мән бере қоймаса, енді аяғы ауырлаған сәттен бастап бұлай істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ішіңіздегі шарана дұрыс дамуы мен өсіп, барлық қажетті қоректік заттарды алуы үшін, әйел өзінің тамақ үлесіне жақсы көңіл бөлуі керек. Зиянды тамақтар мен сусындардан бас тартқан дұрыс, тамақ үлесіңізге пайдалы өнімдерді қосыңыз.
Болашақ ана үшін дәрумендердің таптырмас көзі жеміс-жидектер болып табылады. Кейбір жидектер жүкті әйел үшін де, баласы үшін пайда әкеледі, сондай-ақ кейбіреулері екеуі үшін де қауіпті болуы мүмкін. Егер тамақ үлесіңізге қара бүлдіргенді қосу жайлы ойланып жүрсеңіз, оның қауіпті болатыны не болмайтыны туралы сұраққа осы мақаланы оқып жауап табасыз.
Жүкті әйелдер үшін қара бүлдірген қауіпті ме?
Аяғыңыз ауыр кезде қара бүлдірген жеуге бола ма деген сұраққа бірден жауап бергім келеді, - иә, баланың денсаулығы үшін алаңдамай оны жей беруіңізге болады. Әйел адамдар бұл өнімді жеуге сақтықпен қарайды, себебі оларда баланың аллергиямен туылуына себеп бола ма деген күдік туындайды. Бұл форумдардан жауап іздеп отыратын, аса қамқор аналардың ойынан шығарған нәрселері. Дәрігерлер бұл жидекті бірінші және екінші триместрде де жей беруге болатынын айтады – ол ешбір зиянын тигізбейді, сонымен қатар керісінше бағалы заттардың таптырмас көзі болып табылады. Қара бүлдірген қауіпсіз жидектер қатарына кіреді. Бұл тамақ өнімдеріне таңдаумен қарайтын, дені сау бала көтергісі келетін жүкті әйелдер үшін таптырмас таңдау.
Алайда міндетті түрде мыналарға көз жеткізіп алғаныңыз дұрыс:
- Жеудің алдында жақсылап жуып алғаныңызға. Кірдің белгілері болмауы керек. Тек осылай ғана ағзаға микробтардың, зиянды заттардың және т.б. кіріп кетпеуінің алдын алуға болады. Мұқият жуу ғана жүктілік кезінде тамақтан уланып қалмауыңызға кепіл бола алады;
- Тек жаңа піскенін жегеніңізге көз жеткізіңіз, себебі көп уақыт тұрып қалған қара бүлдірген, асқазан ауруы мен улануға себеп болады.
Қара бүлдіргеннің құрамына кіретін пайдалы заттар:
Бұл жидек болашақ ана үшін аса қажет дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Төменде пайдалы заттардың тізімі және олардың массалық үлесі көрсетілген:
Қоректік заттар мөлшері (100 г)
- Көмірсулар — 10,2 г.
- Диеталық талшықтар — 5,3 г.
- Қант — 4,9 г.
- Ақуыз — 1,4 г.
- Майлар — 0,5 г.
- С дәрумені — 21 мг.
- Темір — 0,6 мг.
- Кальций — 29 мг.
Қара бүлдірген қандай пайда әкеледі
Қара бүлдіргендерді көп адамдар жидек деп қате айтады, бұл атау дұрыс емес. Ол жиынтық өнім болып табылады. Жүктілік кезінде ол анасы мен баланың денсаулығына да жағымды әсер етеді. Төменде олардың бірнешеуі көрсетілген:
- Асқорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі
Ол АІЖ органдарының жұмысына жақсы әсер етеді, соның арқасында ішілген тамақ оңай және жылдам сіңеді. Сонымен бірге ағзаның қорғаныс күштерін белсенді етеді, сол себепті жүкті әйел суық тию және вирустық ауруларға шалдықпайды.
- Баланың сүйек жүйесі үшін таптырмас өнім
Жидектің құрамына кіретін кальций, шарананың ағзасы үшін таптырмас өнім, себебі сүйек ұлпасының өсуі мен тістерінің қалыптасуы үшін бұл элемент өте қажет. Сол себепті осы жидекті үнемі тұтыну балаңыздың сүйектерінің мықты болуына кепіл бола алады.
- Жүрекке пайдалы
Егер болашақ ана қара бүлдірген жейтін болса, оның жүрегіне жақсы әсер беріп қана қоймайды, сонымен бірге баланың да жүрегі нығаяды. Жүрек ақаулары бар болашақ аналар үшін 9 ай бойы осы өнімді жеу, болашақта баланың да осы мәселенің алдын алуына көмектеседі.
- Көздің көруіне пайдалы
Бұл жидектің көздің көруін сақтауда пайдалы екенін көп адамдар біледі, бірақ көбі оның көздің көру қабілетін жақсартатынына ықпал ететінін біле бермейді.
- Босану жарақаттарының профилактикасы ретінде жүреді
Қара бүлдіргеннің құрамында фолий қышқылы бар, ол тері қабатының жағдайын жақсартады, осылайша босану кезінде баланың зақым алуына жол бермейді. Одан бөлек, бұл өнімді тұтыну түсік тастау ықтималдығын төмендетеді.
- Қанның ұюы үшін
К дәрумені қара бүлдіргеннің құрамында көп кездеседі. Оның қасиеттері қанның ұю сипатына жағымды әсер етеді, ал бұл босанудан кейінгі қан кетудің алдын алу үшін маңызды.
- Қан тамырлары үшін пайдалы
Болашақ аналар тұтынатын бұл өнімнің көп мөлшері қантамырларының жұмысына жақсы әсер етеді, сонымен қатар анасынан баласына берілетін қан айналымын қалпына келтіруге көмектеседі.
- Қатерлі ісіктің пайда болуының алдын алады
Қара бүлдіргендегі микронутриенттер қатерлі ісік жасушалырмен күреседі, ана мен бала ағзасын қатерлі ісік жасушаларынан табиғи жолмен қорғайды.
Жүкті әйелдер үшін қара бүлдіргеннің зияны - аңыз ба әлде шындық па?
Жүкті әйелдің тамақ үлесіне кіретін кез келген жеміс-жидектің кемшілігі де болады, қара бүлдіргенге қатысты да солай. Сонымен, бұл өнімді пайдалану кезінде:
Болашақ анада аллергия туындауына себеп болуы мүмкін;
Егер көп мөлшерде жеп қойсаңыз, диарея туындауы ықтимал.
Жүктілік кезінде бұл өнімді жеу қауіпсіз екендігіне қарамастан, АІЖ ауруларымен ауыратын әйелдердің бұл жидекті тамақ үлестеріне қоспағандары дұрыс. Себебі, созылмалы асқазан ауруы немесе тоқ ішектің қабынуы кезінде бұл аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін, ал жүктілік кезінде бұндай аурулармен ауырмаған жөн.
Болашақ аналарға арналған қара бүлдіргеннен жасалатын пайдалы рецепттер
Қара бүлдірген – мұздатылған, жаңа піскен, кептірілген, яғни барлық түрінде пайдалы. Бұл жерде барлығы дәміне байланысты. Төменде аяғы ауыр әйелдер арасында жақсы танылған рецепттер тізімі келтірілген:
- Жүктілік кезіндегі қант диабетінің терапиясы үшін:
2 ас қасық қара бүлдіргеннің кептірілген жапырақтарын алып, 500 мл. қайнақ су құю қажет. 0,5 стақаннан күніне 3 рет ішу керек.
- Асқазанның ойық жарасының терапиясы үшін:
Тамақтың алдында 30 минут бұрын жидектің 50 гр. жеу керек.
- Суық тию ауруларының терапиясы үшін:
Кептірілген қара бүлдіргеннің 2 ас қасығын алып, оны шыныаяққа салып, 200 мл. қайнақ су құю керек. Тұнбаны таңертең, түсте және кешке ішкен дұрыс.
Жүкті әйелдер жақсы тамақтанып, үнемі салмағын бақылап отырулары қажет. Бұл дені сау баланы көтеріп, денсаулығына қатысты мәселелердің алдын алуға көмектеседі. Жоғарыда айтылғандардан әйелдің жүкті кезінде қара бүлдірген жеу еш қауіпсіз екенін, қажетті мөлшерде тұтыну балаға да, анасына да еш зиян тигізбейтіні туралы логикалық қорытынды жасауға болады.
Бұл жидекті жеу кезіндегі қарсы көрсетілімдері туралы да естен шығармаған маңызды. Жағымсыз әсерлер туындамас үшін, дұрысы акушер-гинеколог дәрігермен кеңесу керек.