Жүктілік кезеңі әйел ағзасындағы гормондық өзгерістермен сипатталады. Айналадағы адамдар оның тамақ таңдауындағы орын алатын өзгерістерге таңданбайды: бүгінде жүкті әйел ботқа мен котлетті жақсы көрсе, ертең - көкөніс пен жаңғақты жегісі келуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Жүктілік кезінде ағза көптеген түрлі қоректік заттарды қажет етеді. Олар әйелдің күш-қуатын сақтай отырып, болашақ нәрестенің үйлесімді дамуы үшін қажет. Өйткені, жүктілік - ағза үшін оңай сынақ емес.
Тамақ үлесінің әртүрлілігі – жүкті әйел денсаулығының негізі
Бала мен болашақ ананың денсаулығы үшін пайдалы өнімдер - жаңа піскен көкөністер мен жемістер болып табылады. Өсімдік тектес өнімдер алуан түрлі, олардың құрамында дәрумендер мен минералдар бар. Жемістер мен көкөністердің құнарлылығы аз болады, олар дайын тәттілерді, кондитерлік өнімдердің орнын жақсы алмастырады.
Жүкті әйелдің тамақ үлесін әзірлеу - бұл жауапты мәселе. Өнімдерді таңдау әйелдің жеке таңдауын, дәрігердің көрсеткіштерін, тәулігігіне қанша құнарлылық қажет екенін ескере отырып жүзеге асырылады.
Банан: керемет дәм және денсаулық үшін пайда
Бүгінгі таңда сатылымда көптеген жемістер мен көкөністерді көре аламыз. Ең көп таралған жеміс-жидек пен көкөніс базарларының ішінде ерекшеленетіні – банан. Бұл өте қымбат емес өнім, дүкендер әр түрлі пісу деңгейіндегі банандарды ұсынады.
Жемістің сипаттамаларын біле отырып, оның болашақ ананың денсаулығы үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінуге болады. Күнделікті мәзірде оны қандай мөлшерде қолданған дұрыс.
Банан несімен пайдалы
Тамақ үлесіне осы хош иісті жемісті қосу, дайын тағамдарды байытады, биологиялық құндылығын арттырады. Табиғи осы дәмді өнім тәттіні жақсы көретіндер үшін қолайлы: жеміс құрамындағы көмірсулар, белде немесе жамбаста май қоры түрінде сақталмай оңай сіңеді.
Банандардың өзін жеке және тамаққа қоспа ретінде пайдалануға болады. Тәттілерге, салаттарға, коктейльдер мен смузилерге қосу дайын тағамның мәнін арттырады: дәрумендер мен пайдалы құнарлылықтар артып, дәмі жақсарады. Мұндай құрамдас бөлігі бар тағамдардың сіңімділігі жоғары болады.
Жемістің сипаттамаларын біле отырып, оның болашақ ананың денсаулығы үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінуге болады. Күнделікті мәзірде оны қандай мөлшерде қолданған дұрыс.
Дегенмен, жүктілік кезінде тамақ үлесін дайындауға мұқият қарау керек. Дәрумендердердің негізі денсаулыққа қандай артықшылықтар мен зиян әкелуі мүмкін екенін қарастырайық.
Денсаулық үшін пайдасы
Талшықтардан артық суды шығару қабілетінің арқасында банандар бүйрек ауруымен ауыратын адамдар үшін пайдалы. Ісіну жүктілік кезінде жиі байқалатындықтан (аяқтың, қолдың білектері), бұл жеміс пайдалы деп есептеледі.
Пайдалы қасиеттеріне төмендегілер жатады:
- құрамына кіретін пиридоксин. Бұл дәрумен әйелдің репродуктивтік жүйесінің қалыпты жұмысын жақсартады;
- ананың да, баланың да жүйке жүйесіне оң әсер етеді;
- жабысқақ талшықтар диарея белгілерімен күреседі (бар болса);
- калий жүрек жүйесіне көмектеседі;
- атеросклероздың алдын-алады;
- банан жеген кезде ағза серотонинді белсенді өндіреді, бұл бақыт гормоны деп аталады.
Аллергиясы болмаса, жүкті әйелдің күніне 1 бананнан жеуіне болады.
Денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін
Жемістің жоғары құнарлылығы(100 г 200 ккал) оны тамақ мәзіріне аса көп мөлшерде қоса беруге мүмкіндік бермейді. Шамадан тыс жесеңіз, артық салмақ жинап алуыңыз мүмкін. Күніне 1-2 бананнан артық жегенде, ол іш қатуын тудыруы ықтимал.
Қанның тұтқырлығының жоғарылауы және тромбофлебит қаупі - бананды шамадан тыс қабылдаудың салдары болып табылады.
Сонымен, жүкті әйелдің тамақ үлесіне бананның орташа мөлшерін енгізу пайдалы. Пайдасы ана мен балаға келетін зияннан асып түседі. Олардың дәмі мен түрлі мәзірлерге арналған кең мүмкіндіктері - хош иісті жемістерді жеген кезде қосымша бонустар болып табылады.