Жүктілік кезінде ағзада түрлі әрекеттер жүріп жатады, олар өзгерістерге әкеледі. Әйел адам бала күтіп жүргенде, оның дәм артықшылықтары мен көңіл күйі жиі өзгеріп отырады. Айналаңыздың бәрінен аяғы ауыр әйелдің біртүрлі қылықтарын естуге болады. Олардың айтқанын орындауға мәжбүр болатын байғұс күйеулері туралы көптеген қалжың әңгімелер ойлап табылған. Мұның барлығы негізсіз емес.
Бала күтіп жүрген келіншек, көбіне, белгілі бір өнімге оқыста махаббаты ашылады, бұрын оған мән де бермейтін. Шемішке де осылардың қатарына жатады. Көптеген жүкті әйелдер бүкіл жүктілік уақытында қара дәндердің пакетін құшақтап жүруі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар ма? Қауіпсіз бе? Осы мақалада талдайық.
Ата-аналарымыз зиянды дейді!
Егде тартқан адамдар кұнбағыс дәнінің жүктілік кезінде қарсы көрсетімдері бар дейді. Оны шағып отырғаныңызды көрсе, енеңіз сізге ұрсып, өткен өкпелерін еске алуы мүмкін. Тәрбие туралы, бала көтеру және басқалар жайлы өзінің тәжірибелі сөздерін алға тартуы ықтимал.
Осы жайсыз сөздердің бәрін естігеннен кейін, шемішкені шаққыңыз да келмей қалады. Ал енеңіз оның жанама әсерлері мен түсік тастау қаупі туралы айтуын жалғастыра береді. Денсаулығына осылай дұрыс көңіл бөлмеу салдарынан, журналдан баланың ақыл есінің кемдігі мен сыртқы көрінісінің өзгерістері туралы оқығанын айтады.
Мұндай ақпаратты рас деп ойлап қалмаңыз. Бұл ғылым мен шындыққа еш жанаспайтын сенім ғана. Енеңіздің сөзінің бір жері ғана дұрыс, ол - күнбағыс дәндерінің баланың шаштарының өсуіне тигізетін әсері. Олар тырнақтары секілді қалың және қатты болады. Оның барлығы пайдалы майлардың арқасында болады.
Жүктілік кезінде, керісінше, осы дәндерді жеуге кеңес беріледі. Әрине, шамалы мөлшерде. Олар асқорытуға жайлы әсер етеді, іш қатуына қарсы көмектеседі, қыжылды басады. Фармацевтикалық препараттармен салыстырғанда, шемішке қауіпсіз.
Артықшылығы және пайдасы
Күнбағыс дәндерінің құрамында көптеген пайдалы құрамдас бөліктер бар: полиқаныққан май қышқылдары, ақуыз, фолий қышқылы. Сонымен қатар калий, кальций, фосфор және дәрумендер. Бұл өнім жүктілік кезінде пайдалы. Шемішкелер денсаулық жағдайын жақсартады, ұлпалардың қалпына келу әрекетін жылдамдатады, жарақаттарды жазады, сілтілік теңгерімді реттейді.
Пайдалы қасиеттері тек кептірілген өнімінде сақталады. Егер шемішке қуырылған болса, олар өз артықшылықтарын жоғалтады. Сонымен бірге дәндерін қабықтарынан ажыратып жеу керек, бұл соқыр ішек қаупін төмендетеді.
Шемішке зиянды болу мүмкін бе?
Барлығының шегі болғаны дұрыс. Егер азық-түлік өнімдерін шектеусіз тұтына берсеңіз, ағзаға зиян тигізуіңіз ықтимал. Егер өте көп шемішке шағып қойсаңыз, ішіңіз қатып, ішіңізде ауырлық туындайды. Шемішке мөлшерін күніне жүз грамға дейін шектесеңіз, ол тек пайда әкеледі. Сондай-ақ бұл өнімнің құнарлылығы өте жоғары және көп мөлшерде шақсаңыз артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
Жүктілік кезінде шемішкелердің тазалығын қатаң бақылаңыз. Сол себепті оларды шикі күйінде сатып алған дұрыс. Мұқият жуып, кептіресіз. Егер, қандай да бір себептерге байланысты, сіз мұндай шемішке ала алмасаңыз, онда кептірілгендерін іздеңіз. Өндірушіге жақсылап көңіл аударыңыз - ол өзін нарықта танытқан және өз өніміне жақсы көңіл бөлетін адам болуы керек.
Аяғыңыз ауыр кезде, тамаққа аса көңіл бөлу және кеңес алу мен тексерілу үшін уақытында дәрігерге барып тұрғаныңыз дұрыс. Егер барлық ережелерді сақтайтын болсаңыз, жүктілік жеңіл өтеді.