Жүктілік кезіндегі сода: пайдасы немесе зияны
Аяғы ауыр кезеңде келіншектер өз ағзасындағы өзгерістерді бастан кешіреді. Әр нәрсені тез қабылдайтын және эмоционалды болашақ аналарда жүктіліктің бірінші аптасынан-ақ токсикоз, гормондық ақаулар пайда болады, көңіл күйлері бірден өзгереді. Өсіп келе жатқан шарана ақырындап несеп қуысына және асқазанға күш түсіреді. Қыжыл, дәретке жиі бару жүкті әйелдің серігіне айналады.
Жағымсыз белгілермен күресуге арналған танымал заттардың бірі ас содасы болып табылады. Оның құрамында уыттар жоқ, үнемі қолыңыздың астында. Алайда зиянсыздығына қарамастан, шарананың денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны туралы да ойлану керек пе?
Жүктілік кезінде бұл дәстүрлі зат мына мәселелерді шешу кезінде қолданылады:
- қыжыл;
- кандидоз;
- тамақ ауруы;
- тіс ауруы;
- жүктілікті анықтау үшін.
Қыжыл кезінде қолдану
Жүктілік кезіндегі қыжыл – жиі болатын көрініс. Қыжылдау сезімі, аузыңыздағы қышқыл дәм көптеген болашақ аналарға таныс. Мәселені жылдам шешу және жағымсыз белгілерден құтылуға сода ерітіндісі көмектеседі.
Кеудеңіздегі өрттің негізі болып табылатын қышқылды бейтараптандыратын дәстүрлі зат қыжыл әсерін басады. Бірақ жүктілік кезінде оны қолдану қауіпті емес пе? Жоқ!
Натрий бикарбонаты, ағзаға жиналып, ісік тудырады, ішектің шырышты қабатын қоздырады. Дәстүрлі тәсілді анда-санда қолданған жөн.
Емдік сусынды дұрыс дайындау қажет: бір стақан сүтке ас содасын бір-екі шымшымдап қосасыз. Одан кейін оны ішу керек. Дәстүрлі тәсіл қыжылды бірден басады. Алайда бұл жай ғана жеңілдеу.
Кандидоз кезінде қолдану
Кандидоздың пайда болуы — әрбір болашақ ана үшін жағымсыз тосынсый. Дәрілік заттармен емделуге болмайды. Көмекке ас содасы келеді. Емдік ерітіндінің көмегімен кандидоздан құтылу мүмкін емес, алайда қатты қышуды баса алады. Мұндай тәсіл балаға еш зиянын тигізбейді, сол себепті оны сенімді түрде қолдана берсеңіз болады.
Бүркіп жуу үшін: 1 шай қасық соданы жылы қайнақ судың 200 мл еріту керек. Алайда қолданар алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
Тамақ аурулары кезінде қолдану
Аяғы ауыр кезде болашақ ананың иммунитеті әлсірейді. Сол себепті тұмау, ЖРВИ, суық тию ауруларымен ауыру қаупі жоғары болады. Дәрілік заттардың көбін ішуге тиым салынған. Ауруды емдеуге арналған ең жақсы жол сода ерітіндісі болып табылады. Мұндай тәсіл тек пайдалы болып табылады, сол себепті оны сенімді түрде қолдана беріңіз.
Емдік ерітіндіні дайындау үшін, 250 мл жылы қайнатылған суға ас содасының 1-2 шай қасығын қосу керек. Осы дайындалған ерітіндімен баспа, көмейдің қабынуы, жұтқыншақтың қабынуы, ауыздың ойылуы кезінде ауыз қуысын шаюға болады.
Емдеуді бастар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Тіс ауруы кезінде қолдану
Жүкті әйелдер көп соқтығатын мәселе – тіс ауруы. Ең бірінші жасайтын нәрсеңіз – стоматологтың қабылдауына жазылу. Бірақ мұндай мүмкіндік әрбір болашақ анада бола бермейді. Жайсыздықтан құтылуға дәстүрлі зат көмектеседі.
Туындаған мәселені шешу үшін ерітінді дайындап алу керек: 1 стақан жылы қайнаған суға 2 шай қасық ас содасын қосамыз. Жайсыз белгілер жойылғанша алынған ерітіндімен ауыз қуысын шаю қажет.
Тіс ауруының пайда болу қаупін төмендету үшін, әйел адам ауыз қуысының гигиенасын мұқият сақтауы керек. Бірақ тіс ауруы болашақ анаға да, баласына да зиянын тигізбейді , тек жүкті әйелдің эмоционалды жағдайына кері әсер етеді.
Жүктілікті анықтау тәсілі
Дәстүрлі тәсілдің көмегімен үй жағдайында жүктілікті анықтауға болады. Бұл үшін таңғы несебіңіздің 100 гр жинаңыз. Содан кейін оған ас содасының 1 шай қасығын қосыңыз. Көпіршіктер, көбіктер, быжылдау болса, жүкті емессіз дегенді білдіреді. Егер ұнтақ түбіне тұнып қалса, жүктілік бар деген сөз.
Сода ерітіндісінің зияны
- Сода ерітіндісін жүктілік кезінде ішуге болмайды. Ол ішектің шырышты қабатын қоздырып, ісік пайда болуына әкеледі.