Жүктіліктің алғашқы аптасы онша білінбейді: әйел ағзасындағы өзгерістер тіпті сезілмейді. Бірақ егер сіз өзіңізге мұқият көңіл бөлетін болсаңыз, оны байқау оңай. Баланы жоспарлау кезінде ұрықтың дұрыс өсуі мен дамуына қатысты кез келген нәрселерге назар аудару керек.
Ата-ана болуға дайындық
Кішкентай адам туралы жоспар құрғанда отбасы өз таңдауының барлық жауапкершілігін сезіне білуі тиіс. Бала бір жасқа келгенде дейін – бала өз талаптарын қоятын, ал ата-анасы оны қанағаттандырумен айналысатын жеке планета.
Жас отбасы бала жоспарлайтын болса, өмірлерінің түбегейлі өзгеретінін түсінулері қажет. Бұрын әйелі тек күйеуіне ғана көңіл бөлетін болса, енді оның бүкіл уақытын кішкентай баласы алатын болады.
Ата-ана болу үшін кішкене дайындық жұмыстарын жасап, оны тексеріп көруге болады. Туыстарыңызда немесе жолдастарыңыздың әлбетте баласы бар шығар. Олардың үйіне үнемі барып тұру арқылы, болашақ ата-ана өз тілектерін баланың пайдасына шешуге дайын екендігін сезеді. Егер осындай жағдай олардың көңілдерінен шығатын болса, онда сенімді түрде баланы жоспарлауға болады.
Алғашқы сезімдер
Жүктіліктің басталуы қашанда әйел ағзасындағы айқын өзгерістермен біліне бермейді. Көбіне болашақ ана өзінің «қызық жағдайда» екенін білмей, күнделікті өмірін жалғастыра береді.
Ал отбасы бұрыннан баланы жоспарлап жүрсе, әйел өзіндегі барлық өзгерістер мен сезімдерді қадағалап жүреді. Бірінші аптада аналық жасуша жатыр мойнынан шығып, жатырға келіп бекиді. Анасы сезінетін жалғыз белгі – іштің төмен тартып ауыруы ғана. Мұндай ауыру сезімдері цикл фазасының өзгеруін де білдіруі мүмкін.
Көбінесе қыздар иммунитеттің төмендеп кету салдарынан жоғары шаршағыштық пен енжарлықты айтады. Эмоционалдық жағдайы – қалыпты, байсалды болады. Бұл кездерде болашақ ана барлық нәрсенің тек жақсы жағын көреді, оның ойына жақсы нәрселер мен қызықты идеялар келеді.
Жас ана өзіне көп көңіл бөлуі керек: тамақтануын қадағалап, ұйқы мен демалыс тәртібін сақтауы, физикалық салмақ жиілігін бақылауы, таза ауада серуендеу уақытын ұзартуы тиіс.
Болашақ анаға арналған маңызды білімдер
Жүктіліктің алғашқы мерзімінде әйел ағзасына дәрумендер мен микроэлементтердің көп мөлшері түсуі тиіс. Бұған ұрықтың дұрыс қалыптасуы, оның өсуі мен дамуы байланысты.
Егер дәрумендер мен микроэлементтердің көп бөлігін тамақтану арқылы толтыра алатын болсақ, онда фолий қышқылын таблетка немесе капсула түрінде қабылдаған дұрыс. Ол бала жолдасының қалыптасуы мен ұрықтың жүйке түтікшелерінің қалыптасуы үшін қажет. Тіпті жүкті болмасаңыз да, оны қабылдау жалпы әйел ағзасына тек пайда әкеледі.
Дәрумендік кешендерді жүктілікті бақылайтын гинеколог дәрігер тағайындайды. Ол науқастың денсаулық жағдайы мен жасына қарайды. Бірінші аптада дәрумендік-минералдық кешендерді қабылдамауға да болады, тек ішетін тамақтың пайдасын арттыру жеткілікті.
Жүктілік кезінде не істеуге болмайды
Баланы жоспарлай отырып, мына ережені есте сақтау керек: «Жүктілік – бұл ауру емес». Егер әйел екіқабат болса, белсенділікті мүлде төмендетіп, ұйқы мен демалысты соза берудің қажеті жоқ. Айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, жас қыздың ағзасы өзінің қалпына үйренген, оны бұзу өзіндік теңгерімнің бұзылуына әкеледі.
Дененің тонусын ұстап тұру үшін («қызықты жағдай» кезінде де) көп қозғалған дұрыс. Үнемі секіру немесе қатты күш түсіретін жаттығулар жасау міндетті емес. Ұзақ жүру арқылы да қозғалыс белсенділігін арттыруға болады.
Маңызды! Секспен айналысу балаға еш қауіп төндірмейді! Гинеолог тарапынан қарсы көрсетілімдер болмаса, одан бас тартудың қажеті жоқ, себебі ол болашақ ата-ананың көңіл күйі жақсы болуы үшін маңызды болып саналады.
Ішкі өзгерістер
Бала бітер уақытта аналық жасуша жатыр мойнынан шығып, жатыр ішіне енуге тырысады. Осы уақытта қыз баланың гормондық фоны өзгеріске түседі: гипофиз бен гипоталамус іске қосылады.
Гомоналды өзгеріс кезінде жүкті әйел жылауық және сезімтал, жүйкесі сыр беріп, кейде ашушаң болып кетеді. Бұл өзгерістерді ол шаршағандық белгісі деп санайды.
Болашақ аналардың тамақтануына арналған кеңестер
Әр әйелдің тамақтануы дұрыс болуы шарт. Жүктілік дәрумендер мен микроэлементтер қажеттілігін арттырады. Бұл кезеңде дұрыс тамақтанған жөн, майлы, ашты және тұзды тамақтарды шектеу керек. Мәзірге көп ет, көкөніс және жеміс қосқан дұрыс. Сүт қышқылдары өнімдері мен астық дақылдарынан да бас тартпаған жөн.
Тамақтануды тәулігіне 5-6 ретке бөліп қабылдау дұрыс.
Маңызды! Жағдайыңыз жайлы қандай да бір күдік туындаса, тез арада әйелдер кеңесіне жүгіну қажет!