Жүктіліктің 20 аптасындағы ұрықтың көрсеткіштері
Жиырмасыншы апта – бұл жүрген жолдың дәл ортасы, жүктіліктің өзіндік «экваторы». Енді шамамен екі аптадан кейін бала өз бетімен әрекет ете алады. Ішкі органдарының көп бөлігі, сонымен бірге эндокриндік жүйесі өз қызметін атқару үшін айтарлықтай көлемде қалыптасқан. Миы да дамуда: жаңа аймақтары мен қатпарлары пайда болып, қалыптасып жатыр. Жатырдан тыс қоректену қабілеті қалыптасуда – бала жұту қозғалыстарын орындап қана қоймай, жұта да алады. Дыбыстарды қабылдау мүмкіндігі пайда болуда.
20 аптада баланың қозғалысына аса мән беру керек. Олар жақсы сезілуі және үнемі болып тұруы шарт. Дамудың бұл сатысында баланың салмағы аз емес, ол шамамен 350 грамм, ал ұзындығы 26 сантиметр болады. Мұндай көлемде, іштегі қозғалыстың әрқайсысы сезілуі тиіс. Баланың белсенділігін есепке алып отыру қажет, бұл үшін оның сағатына қанша рет қимылдағанын санап отыру қажет. Орта есеппен 5-6 қозғалыс болуы тиіс, яғни 10-15 минутта бір қозғалыс. Егер «тынышталып» қалса, қорқудың қажеті жоқ, мүмкін бала жай ғана ұйықтап жатқан болар.
20 апта кезінде ана денсаулығы мен өзін сезінуінің маңызды көрсеткіші бала жолдасының қалыңдығы болады. Оның мәні 21,98 мм-ге жақын болғаны шарт. Осы мерзімде кей жағдайларда бала жолдасы жатырды жауып қалады. Жағдай өз бетімен қалыпқа келуі мүмкін, бірақ ешнәрсе өзгермесе, онда босану кезінде кесер тілігіне жібереді.
Сонымен қатар айтарлықтай өскен бала өз жолдасына қысым түсіріп, қансыраудың орын алуы мүмкін. Қансырау кезінде бірден дәрігерге жүгінген абзал.
20 аптадағы анасының физикалық жағдайы
20 апта — мерзімнің тура ортасы және айтарлықтай үлкен баланы көтеріп жүру кезеңі. Көбіне беліңіз, арқаңыз, иық тұсыңыз ауырады. Бірақ бұл патология емес, ол ағзаның тірек-қозғалыс жүйесінің шаршауына берген жауабы. Анасының терісі де бұзыла бастайды. Бұл сатыда іш айтарлықтай дөңгеленіп, семірумен еш байланысы жоқ ерекше формаға түсетіндіктен, кейбір жерлердің терісінде өзгерістер пайда бола бастайды. Терінің созылуы деп аталатын жарақаттар болуы мүмкін. Тері қабаттары дененің табиғи өзгерісінен болатын ерекшеліктерге бейімделе алмай қалады, сол себепті тыртықтарға ұқсайтын көрінетін белгілер қалып қоюы мүмкін.
Кеуде де айтарлықтай үлкейеді. Дұрыс төстартқыш таңдау маңызды. Кеуде енді тек қана үлкен емес, сонымен бірге ауыр және сезімтал. Сондықтан теріні жарақаттамас үшін, бауы ұзын және жалпақ, қалың және созылмалы, ауа оңай кіретін табиғи материалдардан жасалған төстартқыш таңдау қажет. Пуш-ап және шілтерлерден бас тартқан дұрыс, олар өзі де сезімтал кеудені одан ары тітіркендіруі мүмкін.
Ағзаға түсетін жағымсыз әсерлерді төмендету үшін, жүкті әйелдер үшін арқа мен белді нығайтуға арналған жаттығуларды орындап, арнайы массаждар жасатып көрген жөн. Массаждың теріге де пайдасы бар. Созылудан қорғайтын жақпа майларды іш, кеуде, бөксе аймақтарына массажды қозғалыстармен жаққан дұрыс.
Аяқтарда мәселе туындауы мүмкін, оның салдары сол баяғы дене салмағының күрт өсуіне байланысты. Бірінші кезекте бұл қантамырларының кеңеюі және ісіктер.
«Варикозды торлардың» пайда болуының алдын алу үшін, аяқты дене деңгейінен жоғары көтеріп, оларды демалту керек. Бұл үшін жастық жарайды, кейбіреулер диванның немесе төсектің арқасын аяқтарының астына тастайды. Сондай-ақ жаттығулар жасауға кеңес беріледі.
Салмақ өскен кезде, кішкене ісіктің пайда болуы табиғи нәрсе, онымен демалу немесе компресс жасау арқылы күресуге болады. Алайда ісік өте қатты болса, сондай-ақ тек аяқтарда ғана болмаса, бүйректерді тексерту және тамақтануды түзету үшін дәрігерге қаралу қажет.
20 аптадағы қынаптағы жағындылар
Жүктілік кезінде жағындылардың көбеюі қалыпты, ал олардың түріне аса назар аударған жөн. Түссіз және кішкене ақшыл түсті, иіссіз жағындылар қалыпты, іріңді немесе қан аралас болса – бірден дәрігерге жүгініңіз.
20 аптадағы тамақтану
Баланың үнемі жыбырлай беруі түсінікті нәрсе, себебі екі ағзаны қоректендіру қажет. Алайда тамақтануды үнемі бақылауда ұстау керек, салмақ жинау нормаларынан аспау қажет (аптасына 500 гр.). Егер шамадан тыс салмағыңыз өсіп кетсе, терінің созылу, аяқтардағы қантамырлардың шығу қаупі жоғарылайды.
УДЗ
Аорта, жүрекше және бала жүрегінің қалталары көрінеді.
Сонымен қатар күңгірт сопақша нәрсе көруге болады — бұл баланың асқазаны. Ол әзірге «өшіп» тұр, сондықтан қағанақ сұйықтығына толып тұр. Алайда, анасы екі ағзаны қоректендіретіндіктен, асқазанның жұмыс істемейтініне қарамастан, оның ішіндегі қағанақ суының құрамы өзгеріп тұрады. Оған анасының жеген нәрселері әсер етеді, сондықтан жейтін тамағыңызды үнемі бақылап отырыңыз.