Жүктіліктің 21 аптасы: ұрықтың даму ерекшеліктері
Жүктіліктің 21 аптасы — мұқият көңіл аударуды қажет ететін уақыт. Дәрігерлердің айтуынша, тура осы уақыттан бастап бала толық өмір сүруге қабілетті болып саналады екен: тіпті уақытынан бұрын дүниеге келсе де ары қарай адам болып кетуі мүмкін.
Бұл аптаға қарай баланың барлық ішкі органдары толықтай қалыптасып біткен. Оның бойының ұзындығы шамамен 26 см, салмағы 400 г дейін жетеді. Басының диатемтрі 49,9 см тең, кеуде қуысы 50,1 мм, ал іші - 50,6 мм жетті. Баланың пішіні домалақтана бастайды, бұл тері астына майдың жиналуының арқасында болады. Ары қарай жақсы жылу теңгерімін ұстап тұру үшін май ұлпаларының маңызы орасан зор.
Баланың бас миының дамуы жалғасады. Оның қимылы өте анық және белсенді бола бастайды – анасы оның барлық тебістерін сезеді. Баланың белсенділік қарқыны күніне 10 ретке дейін өзгереді. Ұйықтап жатқанда бала тынышталады, оның жүрек соғысы баяулайды – оны арнайы аппараттың көмегімен бақылауға болады. Бала 18 сағатқа дейін тыныш жата алады. Ал енді баланың себепсіз және шамадан тыс қозғала беруі – жүкті әйел үшін дабыл қағу болып табылады. Анасының ішінде жатқан бала гипоксияға (оттегі жетіспеушілігі) ұшырауы немесе кіндігіне оралып қалуы мүмкін, бұл босану кезінде асқынуларға әкеледі.
Сондай-ақ осы аптада болашақ баланың тілінде бүртіктер пайда болады, сондықтан бір аптадан кейін бала қағанақ суының дәмін сезетін болады. Баланың қанында жақын арада алғашқы лейкоциттер пайда болады, ал олар оны инфекциялардан қорғайтын қосымша негіз болып табылады.
Бала жолдасы қалыңдай береді: оның қалыңдығы шамамен 22,81 мм-ге тең.
Жүктіліктің 21 аптасындағы әйелдің сезімдері
Жүктіліктің 21 аптасында болашақ ана баласының қозғалыстарын өте анық және жиі сезеді. Бала қозғалысын санау үшін Кардифф тәсілін қолдану қажет. Оның мағынасы мынадай: таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін 12 сағат бойы бала қозғалысын белгілеп отыру керек. Бір күннің ішінде әйел шамамен 10 қозғалысты байқауы керек – бұл ең аз дегендегі қалыпты сан болып табылады. Ал негізінде, дәрігерлердің айтуы бойынша бала бұл мерзімде 200 қозғалыс жасайды.
Тағы бір тәсіл бір сағаттың ішіндегі бала қозғалысын санау. Ола ең аз дегенде 4-еу болуы керек. Егер аз болып қалса, бірнеше сағаттан кейін қайта санау қажет. Егер бұл жолы да 4 қозғалыстан аз болып қалса, дәрігерге барып тексерілген дұрыс, себебі бұл жағдай бір нәрсенің дұрыс еместігін білдіреді.
Көптеген әйелдер жүктіліктің 21 аптасында жатыр аймағындағы бүлкілді сезінетіндерін айтады. Баланың жүрек соғысы осылай білінуі мүмкін. Оны нақты есту үшін арнайы аппаратты қолдану қажет.
Бұл мерзімде болашақ аналар өз жағдайының кейбір жағымсыз жақтарын айқын сезіне бастайды: іштерінің қыр жақтары созылады, жатырдың өсуінен ішкі органдарға қысым түседі. Жатыр әйелдің ішегіне қысым түсіріп, салдарынан іш қатуы орын алады – мұндай жағдайларда дәрігерлер тамақ үлесін түзетуге кеңес береді, оған құрамында жасұнығы көп өнімдер қосқан дұрыс.
Сүт бездері де өзгеріске түседі. Емшек ұшынан жағындылар бөлінуі мүмкін (кейбір әйелдерде бұл соңғы уақыттарда пайда болады). Кеудесі мен ішінің терілерінің созылуы болашақ ананың көңіл-күйін құртуы мүмкін. Олардың алдын алу үшін арнайы жақпа майлар пайдаланған дұрыс. Олар әрине, толықтай терінің созылуынан құтқармаса да (себебі бұл терінің тереңнен зақымдалуы), оларды байқатпай, жаңалардың пайда болуының алдын алады.
Жыныстық органдардан бөлінетін жағындылар
Бұл сатыдағы қалыпты жағындылар – ақ және ақшыл түсті, кішкене қышқылтым иісті болуы керек. Қынапта қанды жағындылар, ірің немесе кесектер пайда болса, жүкті әйел үшін дабыл қағу белгісі болып табылады – бұндай жағдайда дәрігердің кеңесі мен тексерісі міндетті түрде қажет.
Сулы жағындылар пайда болса да дабыл қағу қажет. Ол уақытынан бұрын босанудың белгісі болып табылады. Тез арада жедел жәрдем шақырып, сақтануға жату үшін перзентханаға барған жөн.
21 аптада болашақ ананың тамақтануы
Жүктіліктің 21 аптасында болашақ ана тамақтан пайдалының бәрін алып және күніне 3000 калориядан аз тамақ жемеу керек — бұл баланың дұрыс дамуы мен өсуіне арналған маңызды шарт болып табылады. Тамақта ақуыздар мен көмірсулар көп болғаны дұрыс, көмірсулар ақуыздарға қарағанда 4 есе көп болуы шарт. Аздан және жиі тамақтану қажет. Ұйықтар алдында мәселелер туындамас үшін, тойып тамақтанбаған дұрыс.
Жүктіліктің 21 аптасындағы талдаулар және тексеріс түрлері
Тура жүктіліктің 21 аптасында екінші жоспалы УДЗ жасалады. Ол жерде болашақ баланың даму ерекшеліктері бағаланып, оның қалыптасқан нормаларға сәйкестігі анықталады. Маман баланың ішкі органдарының (миы, жүрегі, ішегі және басқалары) дамуына нақты тоқталып, оның анасының ішінде қалай жатқанына көңіл аударады. Осы мерзімде баланың жынысы нақты айтылады.
Сонымен бірге, УДЗ-ге баланың әкесін, ағаларын немесе әпкелерін (егер болса) алып алуыңызға болады. Диагностика жасау кезінде баланың бет әлпетін, оның кішкентай қолдары мен аяқтарына қарап, ата-анасының қайсысына ұқсайтынын анықтауға болады.