Жүктіліктің 28 аптасы: ұрықтың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
28 апта — бұл ұрықтың бақандай 7 айын құрайды. Бұл мерзімде баланың кәдімгідей өскеніне, тері асты майының қажетті мөлшерде болуының арқасында жеке кескіндері бар бала бетінің толық қалыптасып біткеніне назар аударуымыз керек. Баланың бойының ұзындығы 35 см, ал салмағы 1 кг дейін жетті. Басының көлемі 7,5 мм, кеуде қуысы - 71,9, ал ішінің көлемі - 73,5 мм жеткен. Жүрегі орташа қағыспен: минутына 180 рет соғады.
Шашындағы түкті қабаттарының қалыптасатынына қарай осы уақытта шашының түсі туралы да айтуға болады. Кей кездері 7 айда баланың шашының түсі қатты қанық болады, сол себепті туғаннан кейін одан да ашық түсті болуы ықтимал. УДЗ кезіндегі баланың қозғалысына қарап баланың оңқай не солақай болатынын анықтауға болады – жиі аузына апара беретін қолына назар аудару қажет.
Сонымен қатар УЗД кезінде баланың бас миы қалыптасқанын, қатпарлары мен қабығы туылған кезінде сақталатын формаға түскенін байқауға болады. Жоғарғы және төменгі жақтардағы тістердің орындары да көрінеді. Тістер одан біраз кейін өседі, бірақ олардың іргетасы қазірден қаланып қойған.
28 аптада ауаны жұту және шығару кезінде альвеолдардың жабысып қалмауын қамтамасыз ететін зат сурфактанттың қажетті мөлшері қалыптасады. Енді бала туылғаннан кейін алғашқы тынысын өз бетімен ала алады.
Жүктіліктің 28 аптасы: әйелдің сезімдері
- Жатыр қатты қысым жасайтындықтан төмендегідей белгілер пайда болуы мүмкін:
- Арқа мен белдің жоғарғы жағында қатты ауыру сезімдері орын алады. Бұл сипаттағы ауыру сезімдерін жою үшін алдыға аздап еңкею көмектеседі.
- Бауыр аймағының ауыруы. Түстен кейінгі жағдайыңызға назар аударыңыз: егер құсу мен қыжыл пайда болса, онда несептас холецеститінің белгілері болуы мүмкін.
- Сонымен қатар кальций тапшылығының белгілері – аяқтардың тартылуы пайда болуы мүмкін.
- Ал аяқтардың тартылуы — ісік ұлпаларының жүйкелерге қысым көрсетуінен болады.
28 аптаға қарай балаға орын жетпейді, сондықтан ол аз қозғалады. Бірақ сағатына қанша рет қозғалатынын бақылап отырған дұрыс – олар ең аз дегенде 4 рет болуы керек.
Жүктіліктің 28 аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Бұл аптада ағза иммунитеттің кез келген төмендеуіне жауап береді, сонымен бірге жалпы жағдайыңызға ғана емес, ішек дисбактериозының пайда болуына да назар аударыңыз. Шаршау мен дисбактериоз кандидоздың пайда болуына себеп болуы мүмкін, бұл кезде жағындылар қою болады, қатты қышиды.
Қабынуды жою үшін ең алдымен ішек микрофлорасын, асқорыту әрекеттерін қалыпқа келтірумен айналысу керек. Шындығында бұл өте оңай: лактобактериялары бар сүт өнімдерін ішу және табиғи материалдан тігілген іш киім кию мәселені шешіп береді. Синтетикалық іш киімдер теңгерімнің даму факторы болып немесе оның пайда болуына әкелуі мүмкін, сондықтан оны мақтадан тігілген түрлеріне ауыстырыңыз.
Егер жағындылар шырышты немесе іріңді болып келсе, ең дұрысы инфекцияларды анықтауға талдау тапсырыңыз. Жағындыларда қан пайда болса, ол әсіресе іштің ауыруымен қатар жүрсе, бірден дәрігерге барған абзал. Бұл бала жолдасының бөлініп кету белгілері.
Жүктіліктің 28 аптасы: жүкті әйелдің тамақтануы
Қарапайым және күрделі көмірсулар деген болады. Біріншісіне тәтті өнімдер, кондитерлік тәттілер және картоп жатады, ал күрделісі – ол жасұнық, крахмал, гликоген. Күрделі көмірсулардан тұратын өнімдер: көкөністер мен жемістер, ботқалар, сүт өнімдері. Олар ұзақ қорытылады, асқорытуды жақсартады және пайдалы заттардан тұрады, сондықтан тек тойдырып қана қоятын қарапайым көмірсулардан да осыларды тұтынғанының жөн. Қарапайым көмірсулар көбіне артық салмақ жинауға себеп болады.