Жүктіліктің 31 аптасы: бала қалай дамиды
Жүктіліктің 31 аптасында бала айтарлықтай өскен. Оның салмағы 1,5 кг дейін жеткен. Кез келген апта сайын бала салмағына 200 грамм қосылып отырады. Басының да диаметрі өсуде (көлемі 77,8 мм), сонымен қатар кеуде қуысы мен ішінің көлемі (80 және 82,1 мм сәйкес) ұлғайған.
Бас миында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Оның бөліктерінің балаға әсер ету аймағы басталды. Мидың салмағы бала салмағының ¼ жетеді.
Сонымен қатар тері астының майының мөлшері жоғарылайды, ол жылуды сақтауға көмектеседі және бала терісінің тонусын жоғарылатады.
Тура 31 аптадан көз нұрының, шаш түктеріндегі түсті пигменттің жиналуы басталды. Баланың көзінің түсі тек дүниеге келгеннен кейін ғана анықталатыны өте қызық. Бала таңертеңгілік пен кешкі уақытты (жарық пен қараңғы) айыра алады. Ішкі органдары ересек адамдардай бірге қызмет атқаруын бастайды (мысалы, ұйқы безінде инсулин өндірілуі басталады).
Жүктіліктің 31 аптасы: болашақ ана не сезеді
Көптеген адамдар Сізге баланың өсіп қалғаны жайлы айтады, ал шындығында баламен бірге Сіз де өсіп жатырсыз. Әрбір апта сайын болашақ босанатын әйел 200-250 грамм салмақ қосып отырады. Жатырдың көтерлуі жоғарылауда, 31 аптада шат сүйегімен аралығы 32 см құрайды. Тура осы уақыттан бастап іштің төменгі жағында орын алатын аз-маз ауруларды сезе бастайсыз. Бұл – дайындық толғақтары немесе Брекстон-Хикс толғағы деп аталады. Бұл қалыпты жағдай және босану алдындағы аздаған дайындықтар болып табылады.
Болашақ ана қай кезде дабыл қағу керектігін, яғни қай кезде жалған толғақтар болып жатқанын айыра алуы қажет. Қазірдің өзінде босанудың басталуына көңіл аударуы керек: олар іштің төменгі жағының, белдің, шаттың ауыруы, қағанақ суының ағып кетуі, шырышты қақпақшаның түсуі. Егер осындай белгілер пайда болса – уақытты созып, жүктілікті сақтап қалу үшін тез арада гинекологқа жүгіну керек.
Сонымен бірге бала қозғалысының әрбіреуін санауды жалғастырыңыз, ол 31 аптада дұрыс қалыпта жатады (басымен төмен қарай). Бала басын жоғары қаратып жатса, дәрігер Сізге «Баланың бөксемен келуі» деген диагноз қояды.
Жүктіліктің 31 аптасы: жыныстық органдардан бөлінетін жағындылар қандай болуы мүмкін
Жағындылар мөлшері көбейген жағдайда, бұл патология болып табылмайды. Іріңді жағындылар пайда болып, қышу мен күйдіру сезімдерімен бірге жүрсе, кандидоз пайда болғанын білдіреді. Оның белгілері күйзеліске түскенде немесе қатты шаршаған уақытта көрінеді. Қынап микрофлорасын қалыпқа келтіру үшін жергілікті емдеуге кірісу, сонымен қатар ашыған сүт өнімдерін көп тұтыну керек. Зеңге қарсы дәрілерді ішуді кейінге қалдыра тұрыңыз.
Жыныстық органдардың гигиенасын жақсы сақтау керек, оларға инфекция түсірмеген абзал. Себебі бала босану жолдары арқылы өткенде оған инфекция беріліп, оның ары қарай дамуына жағымсыз әсерлер береді.
Қансырау ашылып немесе қан пайда болса, тез арада дәрігерге жүгінген дұрыс. Бұл жағдай бала жолдасының ажырап кетуінің белгісі болуы мүмкін. Егер қағанақ суы ағып кетсе, әсіресе көп мөлшерде ақса, сондай-ақ дәрігерге барыңыз.
Жүктіліктің 31 аптасы: болашақ ана қалай тамақтануы керек
Салмағыңыз шамадан тыс артып кетсе, гинеколог дұрыс тамақтану ережелерін сақтауға кеңес береді. Басты шарт – тәртіп сақтау. Тура бір мезгілде тамақ ішкен дұрыс, тұтынатын азық-түліктеріңіздің калориясын бақылау керек. Фаст-фуд, майлы және қуырылған тамақтардан, сонымен қатар тәттілерден бас тартқаныңыз жөн. Жаяу жүріп серуендеу, кітап оқу, жағымды музыка тыңдау Сізге пайдалы.
Конфет құрамындағыларды кептірілген жемістерге және жаңғақтарға ауыстырыңыз, сонымен бірге астық тұқымдастар, маусымдық жемісте мен көкөністер тұтыныңыз (бірақ қажетті грамын ғана, себебі жемістерде де қант болады). Бұл мерзімде қанға түсетін қант мөлшерін азайтқан дұрыс, себебі жүкті әйелдердің қант диабеті орын алуы ықтималдығы жоғары. Анасының ұйқы безіне баланың ұйқы безінің дамуы да әсер етеді, демек инсулин деңгейі күрт жоғарылайды, ал бұл жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады.
УДЗ: 31 аптада бала дауыстарды ажырата алады, сонымен қатар қатты шыққан дыбысқа қарай басын бұрады. Баланың құлағының қалыптасуы аяқталды, яғни дәрігер құлақ жарғағын, есту каналын қарастырады. Әрбір жүйке жасушасы импульстарға сезімтал келеді, ал миы – ересек адамның миындай жетілген.