Жүктіліктің 34 аптасы: баланың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Жүктіліктің 8,5 айы өтті, отыз төртінші апта басталды. Баланың салмағы қазір 2,2 кг, ал бойының ұзындығы шамамен 45 см құрайды.
Болашақ баланың көлемі де өсіп жатыр; кеуде қуысы 87,3 мм, ал ішінің көлемі одан да көп - 90 мм. Бұл мерзімде басының көлемі 84 мм тұрады. Көлемдерінің үлкендігіне қарамастан, бала аз қозғалады, оның қозғалыстарын белгілеп отыру қажет. Нормасы былай: он минутта бір рет қозғалуы тиіс. Егер бала одан да жиі қозғалатынын немесе одан аз қозғалғанын байқасаңыз, онда фето бала жолдасының жеткіліксіздігі орын алуы мүмкін.
Бұл мерзімде бала жолдасы кеуіп бүрісе бастайды, алайда оның қай айналымы азаймайды. Бала жолдасында бұрынғыдай лактация үшін маңызды гормондар түзіледі, оның қалыңдығы шамамен 33,89 мм құрайды.
Соңғы уақытта бала ағзасына кальций жиналады, ол қажет, бірақ шамадан тыс болмағаны дұрыс. Ол баланың сүйектеріне қатты иілгіштік қасиет беруі мүмкін, ал туылу процесінде баланың жарақат алуына себеп болуы ықтимал.
Жүктіліктің 34 аптасы: жүкті әйел не сезінеді?
Әрине, қазір Сіздің ойыңыз алдағы босануды ойлауда және күннен күнге Сіз өзіңіз бен балаңызды тыңдайсыз. Алдағы босануды ойлап қорқатының қалыпты жағдай. Босану процесін қиындататын артық салмаққа қатысты уайымдайсыз. Немесе өз бетінше босануға кедрегі болатын денеңіздің нәзіктігін ойлап мазасызданасыз.
Алайда уайымдай берудің қажеті жоқ: бөксеңіздің жалпақтығына қарай дәрігер баланың салмағы мен ұзындығын есептеп береді. Егер қандай да бір мәселе орын алса, ол Сізге айтар еді. Бөксеңіздің жалпақтығы мен бойыңыздың ұзындығының ара қатынасы белгіленеді, сол себепті бөксем тар деп ойлап жүрсеңіз, бұл өз бетіңізбен босана алмайсыз дегенді білдірмейді. Сонымен қатар, қазір медицина өте дамығандықтан, кесір тілігі көп жасала бермейді.
Жатыр түбі қазіргі уақытта шат сүйегінен 34 см орналасқан, сондықтан жатыр тарапынан ішкі органдарға қатты қысым түсетінін сезесіз. Кей кездері ауа жетпейтін секілді, себебі диафрагма қысылып тұр. Ол үшін иығыңызды жиі-жиі көтеріңіз. Бұл кезеңде қантамыр жүйелері де өздерін нашар сезінеді, бұл қантамырлардың кеңеюіне әкелуі мүмкін. Асқорыту органдары да қыжылдың, іш қатуының және оң жақтағы ауыру сезімдерінің орын алуымен Сізге жиі-жиі «сәлем» айтады.
Болашақ баланың қозғалыстарын ары қарай санауды ұмтыпаңыз. Бір сағаттың ішінде төрттен алтыға дейін қозғалысты сезінуіңіз керек. Егер олар аз немесе одан көп болса, өз дәрігерңіңізге қаралыңыз. Ол балаға жатыр ішінде ыңғайсыз немесе ағзасында бір жағдай орын алғанын білдіреді.
Өз жағдайыңызға мұқият болыңыз. Егер қолдарыңыз бен аяқтарыңыз қатты ісінсе, бұл шемен ауруының белгісі. Сыртқы ісіктер – бұл қатты қорқынышты емес, бірақ шемен кезінде олар іште де болады, сөйтіп ішкі органдар мен қантамырларына одан да күшті қысым түсіреді. Бұл оттегі мен қоректік заттардың балаға келуін қиындатады. Кеңес беруге барыңыз: бұл Сіздің де, балаңыздың да денсаулығы үшін маңызды.
Жүктіліктің 34 аптасы: жағындылар қандай болуы керек?
Сіздің босануыңызға аз уақыт қалды, сондықтан жатыр мойны ашыла бастайды, ал жатырдың өзі өте жұмсақ болып кетеді. Бұл инфекцияның себебі болуы мүмкін, сол себепті жағындыларыңызға назар аударып жүріңіз. Кандидоздың пайда болуы мүмкін. Оның белгілері – іріңді жағындылар және қышу. Егер жағындылардан ірің байқасаңыз, онда қынапта стафилококк, стрептококк немесе ішек таяқшалары пайда болды деген сөз.
Жүктіліктің ерте мерзімдеріндегідей, қанды жағындылар бала жолдасының бөлініп кету себебі болуы мүмкін. Басқа жағдайларда – гематома болуы ықтимал. Кез келген жағдайда, тез арада дәрігеріңізге көріну қажет, қарсы жағдайда тура сіздің ауырып тұрған жеріңізде бала жолдасы ажырап кетіп, бала қажетті оттегі мөлшерін ала алмай қалады. Күтумен уақытты созып алмаңыз, бәрі өз қайтады деп ойламаңыз, шұғыл түрде дәрігерге қаралыңыз.
Бала үшін тағы бір қатер – қағанақ суының уақытынан бұрын ағып кетуі. Бұған дейін біраз уақыт қалғанда толғақ сезімі білінеді, ал бұл Сізде уақытынан бұрын босану орын алатынын білдіргендей болады. Бірақ қағанақ суы қынапқа инфекцияның түсу салдарынан да ағып кетеді. Кез келген жағдайда – шұғыл түрде дәрігерге барып, тексерістен өткеніңіз жөн.
Жүктіліктің 34 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Бұрынғыдай, қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың іскенін байқайсыз. Сонымен қатар Сіз белсенді түрде салмақ жинап жатсаңыз, өз тамақ үлесіңізді реттейтін кездің келгені. Егер қатты ісіктер болса, қанша сұйықтық ішетініңізді есептеңіз (және қанша тамақ жейтініңізді). Шайды да, сорпаны және суды да есептеңіз. Сонымен бірге кіші дәретке қанша рет баратыныңызды бақылаңыз. Екінші триместрде дәрігеріңіз осы әдісті жасауды ескерткен болар. Бұны не үшін істеу керек? Осылайша күні бойы қанша сұйықтық кететінін білесіз, судың плазмаға қажетті мөлшерде болуы үшін қанша мөлшерде ішу керектігін жақсы түсінетін боласыз. Сонымен қатар жеңіл түрде тамақтанатын күнді белгілеңіз. Ол күні алма немесе ірімшік пайдалансаңыз болады.
Тұздан ақырындап бас тартуды үйреніңіз, себебі оның ағзада суды ұстап қалатыны белгілі. Ісік кезінде оның еш пайдасы жоқ. Ауыр тамақтардан бас тартыңыз: табада дайындалған балық не еттің орнына оларды буға дайындап жеңіз. Ботқалардың ішінде күріш ботқасын жемеңіз, себебі ол іш қатуына себеп болады. Одан да сұлы не арпа ботқасы пайдалырақ. Асқорытуды жақсартатын ашыған сүт өнімдерін қолданыңыз. Алайда кейде олар қыжыл тудырады. Тәттілерден бас тартқаныңыз дұрыс. Олардың орнына кептірілген жемістер жеуге болады. Ішіңіз қатса қызылша жеңіз – бұл ең жақсы табиғи іш өткізгіш өнім.
Қосымша дәрумендерді егер дәрігер жазып бермесе қолданбасаңыз да болады. Бұл кальцийға да қатысты: оның мөлшері ағзада жеткілікті, себебі Сіз ашыған сүт өнімдерін жеткілікті пайдаланып жүрсіз. Егер кальций мөлшері шамадан артып кетсе, баланың сүйектері жұмсарып кетіп, босану кезінде қиындықтар орын алуы мүмкін (тіпті жарақат алуы да).
Оның есесіне төмендегі дәрумендерге назар аударуыңызға болады:
- К дәрумені. Ол грек жаңғағында, брюссель қырыққабатында, көк шайда және теңіз қырыққабатында болады;
- С дәрумені. Бұл цитрустар, құлпынай және алма;
- Е дәрумені. Көбінесе өсімдік майларында болады.
Бұл дәрумендер уақытынан бұрын босану мен қансыраудың ашылып кетпесі үшін қажет. Осы микроэлементтерді бойына сіңірген баланың өкпесін дамытып, босануға дайындалуы дұрыс өтеді.
Жүктіліктің 34 аптасы: босануға қалай дайындалу керек?
Әр апта сайын гинеколог дәрігердің кеңесіне баруды ұмытпа. Бұл уақытта баламен кездесуге Сізде қажеттінің барлығы болуы керек: жөргектер, аяғына кигізетін киім, конверт, бас киім және тағы басқалар. Қазіргі перзентханаларда бұрын біздің аналарымыз босанғандай жүйе емес. Балаларды мүлде жөргектемейді, екінші күннен бастап-ақ оларға әдеттегі киімдерді кигізеді, ол киімді үйде де киеді.
Егер Сізге бірдеңе түсініксіз болса немесе бір нәрсе жайлы уайымдап жүрсеңіз, дәрігерден сұраңыз. Сұрақтарыңызға көп жауап алған сайын, өзіңізге оңай болады. Босануға әлі уақыт бар болғандықтан, оны пайдаланып қалыңыз.
Қазірден бастап кішкентай төсектің, орайтын үстелдің және баланы күтуге арналған қажеттінің бәрі қай жерде тұратынын ойластырып қойыңыз. Сонымен бірге өзіңізбен бірге перзентханаға алып баратын заттарыңызды да жинап қоюға болады. Толғақ басталған кезде, асығып жүріп оның бәрін жинағыңыз келмейтіні белгілі. Ал дайындап қойсаңыз, жүйкеңіз де тозбайды, өзіңіз де тыныш боласыз.
УДЗ:
Бұған дейін бала жолдасының қалпын ойлап қорқып жүрсеңіз, УДЗ барғаннан кейін, мұндай диагноз қою мүмкін болмайды. Оның есесіне басқа қауіп туады: бала жолдасының бөлініп кетуіне әкелетін қансыраудың ашылып кетуі мүмкін.
Ультрадыбыстық зерттеуде балаңыздың ұйықтап жатқанын не сергек жүргенін анық көре аласыз, сонымен қатар оның күн тәртібі Сіздікімен сәйкес келмеуі әбден мүмкін. Баланың денесі өзгерген, ол әлі де өсіп, дамуын жалғастыруда. Баланың салмағы да өскен. Баланың басы денесінен үлкен, басының жұмсақ екенін байқауға болады. Ол туылу кезінде босану жолдары арқылы оңай өтуі үшін қажет.