Жүктіліктің 37 аптасы: баланың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Босануға дейін аз ғана уақыт қалса да, жатырдағы бала дамуын жалғастыруда. Оның салмағы 3 кг, ұзындығы - 49 см. Кішкентай басы 89,4 мм жетеді, кеудесінің көлемі 93,8 мм, ал іші - 97 мм құрайды.
Баланың туылуға дайын екеніне сенімді болыңыз. Тыныс алу және асқорыту жүйелері қазірде қалыптасқан, олар өз бетімен қызмет етуге дайын. Болашақ баланың тері асты майларының көлемі жеткілікті, сол себепті денесі температураны өз бетімен реттеп тұрады. Терісі тегіс және жұмсақ және қызыл түсті. Сүйектерінде кальций жеткілікті, сондықтан аяқтары мен қолдары мықты және иілгіш. Баланың миы мен басын қорғау үшін бас сүйегі қатқан, бірақ босану жолдары арқылы оңай өту үшін ол әлі де жұмсақтау болып келеді.
Сурфактант, өзіңіз білетіндей, соңғы уақытта жиналды. Сол себепті енді баланың өкпесі дамыған, туылған кезде ол өз бетімен тыныс ала алады. Есіңізде ме, УДЗ жасатқан кезде баланың тыныс алып жатқандай болғаны – ол туылар алдында осылай дайындалады. Ол кезде ауаның орнына оған қағанақ суы түсетін, ал егер туғанда өкпесінен меконий анықтаса, өкпеге инфекция түсуі немесе тіпті оның асқынуы ықтимал.
Баланың жүйке жүйесі де қалыптасқан, бірақ әлі де жүйке талшықтарының миелинденуі жүріп жатыр. Бала жолдасы тозып жатыр, оның қалыңдығы 35,22 мм құрайды.
Жүктіліктің 37 аптасы: жүкті әйел не сезеді?
Егер осы жеті күн ішінде босанатын болсаңыз, ол уақытынан бұрын босану деп саналмайды. Осыған орай кез келген уақытта перзентханаға қарай жол тартуға дайын болыңыз. Өткен аптамен өз сезімдеріңізді салыстыратын болсаңыз, ешқандай да өзгеріс сезінбейсіз. Сіз баяғыдай күтесіз, қыжылдың, іш қатуының және белсенділігіңіздің төмен болу кесірінен мазаланасыз. Босану алдында дайындық үшін жасалатын жаттығуларды жасауға итермелейтін жалған толғақ дегеннің не екенін де білесіз.
Баланың қозғалысын санауды ұмытпаңыз. Өз ағзаңызды керемет сезесіз, сол себепті егер бала ағзасында қандай да бір өзгерістер орын алса, оны өзіңіз-ақ бірден сезесіз. Егер ағзаңызда қандай да бір ауытқулар болып не балаға бірдеңе болды деп ойласаңыз, тіпті бұл ұсақ-түйек болса да, дәрігерге жүгінуден еш ұялмаңыз. Қырағы болғаныңыз өзіңізге жақсы.
Бұрынғыдай салмағыңызды бақылайсыз, себебі соңғы уақытта өзіңізді өте үлкен сезініп жүрсіз. Соңғы жеті күннің ішінде тағы 200 грамм қосуыңыз мүмкін. Жатырыңыз әлі бұрынғы орнында тұр, бірақ тура босанар алдында ол тағы төмен түседі. Қазір шат сүйегіңіздің аймағына бұрынғыдан да қатты салмақ түскенін байқайсыз, ал құймышағыңызда бір ауырлықты сезінесіз.
Жүктіліктің 37 аптасы: жағындылар қандай болуы мүмкін?
Бүкіл жүктілік бойы жағындылар Сіздің ағзаңыздың жағдайын көрсетіп жүрді. Иммунитетіңіз төмендегенде, кандидоз пайда болды. Егер қынапқа инфекция еніп кетсе, жағындылар бірден сыртқы түсін өзгертетін, сол себепті Сіз тез арада дәрігерге көрінетінсіз. Осы кезге баланың дені сау болып туылуы үшін, босану жолдарында еш инфекция болмау керектігін білесіз.
Егер жағындылар шырышты болып жатса уайымдамаңыз. Осы уақытта жатырға кіретін жолды бөгеттеп, осылайша балаға инфекцияның еніп кетпеуін қадағалап тұрған «қақпақ» ашылуы керек. Жатыр мойны да ақырындап ашылады, сондықтан инфекция түсіп кетпес үшін мұқият болғаныңыз жөн.
Ерте алдағы мерзімдердегідей қанды жағындылар – бала жолдасының бөлініп кеткендігінің белгісі. Егер оны байқасаңыз - бірден аурухана аттаныңыз, себебі баланың өміріне қауіп төнеді.
Егер қағанақ суының ағып жатқанын және ішіңіздің ауырғанын сезсеңіз немесе алғашқы толғақ белгілері басталса, жедел жәрдем шақыртыңыз. Төлқұжатыңыз бен алмасу картасын ала кетуді ұмытпаңыз.
Жүктіліктің 37 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Тамақ үлесіне келетін болсақ, алдындағы стратегияны ұстануды жалғастырыңыз. Әрине, дене жүктілікпен бірге жұмыс істеуде, алайда оны қажетті нәрселермен қамтамасыз етуді ұмытпаңыз.
Тамақтану - толыққанды болуы және өзіңіздің денсаулығыңыз бен іштегі баланың дұрыс дамуына арналған дәрумендер мен пайдалы заттардың көп мөлшерінен тұруы тиіс. Тұзды, ащы және қақталған тамақтар жемеңіз. Бірақ мұны бұрыннан білетін шығарсыз. Қыжыл, іштің қатуы және іштің ауыруы мұны баяғыда Сізге үйретіп қойған болар.
Дәрігерлер жиі тамақтануға кеңес береді, бірақ тамақ мөлшерін азайту қажеттілігін айтады. Соңғы мерзімдерде бұл асты оңай қорытуға көмектеседі. Асқорытуға септігін тигізетін және баланы қажетті кальций мөлшерімен қамтамасыз ететін сүт және сүт өнімдерін көп ішіңіз. Дәріханаларда сатылатын капсулалардағы дәрумендерге арқа сүйемеңіз, себебі ең дұрысы – минералдарды тағамдардан алу, осылайша дәрумендер оңай сіңеді. Темір туралы да ұмытпаңыз! Қарақұмық, бауыр және темірдің сіңірілуіне көмектесетін тамақтар жеңіз.
Су мөлшерін қадағалаңыз: күніне бір жарым литрден аз су ішпеңіз, бұл қан айналымын қалыпта ұстау үшін керек.
Жүктіліктің 37 аптасы: босануға қалай дайындалу керек?
Бұл уақытта отбасыңыздың барлық мүшелерінің құлақтары түрулі болар: барлығы белсенді түрде алдағы күтіп тұрған босануға дайындалып жатқан шығар. Егер Сіз бен күйеуіңіз серіктес босануға дайындалып жүрсеңіздер тіпті жақсы. Өздеріңізді сенімді сезіну үшін, екінші жартыңызбен көп уақыт бірге өткізіңіз.
Асығып жүріп перзентханаға дайындалмас үшін, керек заттарыңыздың барлығын алдын ала даярлап қойыңыз. Егер жеке меншік клиникада босанатын болсаңыз, өзіңізбен не апару керетігін, өздері не беретінін анықтап алыңыз. Ауруханаға қалай орналастырады, палатаңыз қандай болады және басқа да ұсақ-түйектерін сұрап алыңыз. Қажетті телефон нөмірлер өзіңізбен бірге болсын.
Босануға аз ғана уақыт қалды, сол себепті өзіңізді еркін сезініп, алдағы өзгерістерге жақсы көзқараспен дайындалыңыз. Баланың туылуы – өміріңіздегі және Сіздің жолдасыңыздың өміріндегі ең маңызды сәт. Бұл қуанышпен, сезімдеріңізбен бөлісіңіз және баламен сөйлесуді ұмытпаңыз. Жүйкеңізді жұқартпаңыз – барлығы жақсы болады. Күйзеліс пен уайым баланың жағдайына жағымсыз әсер ететінін ұмытпаңыз. Өзіңізді сабырлы ұстап және іштей тыныштық сақтап жүргеніңіз абзал.
Ал босануға дейін әлі уақытыңыз бар кезде, емшекпен емізу туралы қажетті ақпараттың барлығын оқып алыңыз. Қалай, қашан істеуді қараңыз, тағы не білу керектігін және босанғаннан кейінгі алғашқы күндері неге дайын болу керек екеніңізді дәрігерден сұраңыз.
УДЗ:
Босану алдындағы сатыда баланың жатырдағы қалпын бақылап жүру маңызды. Осыған қарап кесер тілігі арқылы не табиғи жолмен босану анықталады. Сонымен қатар УДЗ қағанақ суының сапасын да бақылауға ықпал етеді.