Жүктіліктің алғашқы триместрінің ортасына қарай болашақ ана ағзасында үлкен өзгерістер орын алады. Гомондық фон өзгереді, әйелдің сезімдері де өзгеріске түседі. Жүктіліктің 6 аптасында көптеген болашақ аналарда токсикоз басталады. Ол оқыс иістерге сезімтал бола бастайды. Тамақтануда әйелдің жеріктігі пайда болады, қылықтары өзгеріп,жүйкесі жұқарады және жылай береді.
Шарананың қанайналым және жүйке жүйесі қалыптасады. Жақын арада УДЗ анық көруге болатын жүрегі пайда болады. Осы уақытта бала жолдасы ұрықты сақтауға көмектесетін сұйықтыққа толады.
Жүктіліктің 6 аптасында ұрықтың жағдайы қалай болады?
6 аптада эмбрионның сыртқы келбеті өзгере бастайды. Оның құйрықшасы жоғалып, сүйегі, бас қаңқасы және шеміршек ұлпалары қалыптасады, кеуде қуысының дамуы басталады. Шарананың көзі, мұрны және желбезек саңылаулары пайда болады, ал кейін олардан ішкі құлақ қалыптасады.
6 аптада шарананың бас миы қалыптасуын бастайды. Бірінші сатыда ол екі ми көпіршігінен тұрады, оларда уақыт өте келе жарты шарлар қалыптасады.
Ішек түтікшелерінде де өзгерістер болады. Олардың қуысында болашақтағы ішкі органдарға арналған орындар қалыптасады, олар эндокриндік жүйеге жатады -қалқанша безі, қалқанша жанындағы без, ұйқы бездері. Шарананың бауыры мен тыныс алу органдарының негізі пайда болады. Эмбрионның ағзасында несептік жыныстық, иммундық және асқорыту жүйелері дамуын бастайды.
Эмбрион 6 аптада белсенді түрде өседі. Қазір оның ұзындығы 1,3 см құрайды. Шарана қозғалуын бастайды, бірақ өкінішке орай анасы оны әлі сезбейді.
Жүктіліктің 6 аптасындағы УДЗ
Жүктіліктің 6 аптасында бұрын түсік тастаған немесе жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге УДЗ тағайындалады. Қалыпты жағдайда жүктіліктің 6 аптасында УДЗ жасаудың қажеті болмайды.
УДЗ өткен кезде болашақ ана аппарат мониторынан баласының келбетін көре және оның жүргенінің соғысын ести алады.
УДЗ нәтижесінде дәрігер шарананың көлемін, ұрық жұмыртқасының орналасқан жерін және жүктіліктің нақты мерзімін көрсетеді.
Анасының сезімдері
Жүктіліктің 6 аптасында шарана белсенді түрде өсіп және дамып жатқанына қарамастан, болашақ ананың мүсінінен өзгеріс байқалмайды. Әйелдің салмағы өзгеруі мүмкін, бірақ аса көп емес.
Жүктіліктің 6 аптасында физиологиялық сипатта басқа өзгерістер басталады. Мысалы, дене өзгере бастайды: омырау өседі, омырау ұшындағы ореолдар қоңырлана бастайды. Терінің де сыртқы түрі өзгереді – ол майланып, безеу бөртпелері қаптауы мүмкін.
Әйелдің гормоналдық фоны өзгереді. Бұл әйелдің кейбір қылықтарының өзгерісіне әкеледі. Мінезінде күйгелектік, ашушаңдық, көңіл күйінің күрт өзгеріске түсетінін байқауға болады. Ол алаңғасар, зейінсіз болып кетуі мүмкін. Тез шаршайды, ұйқысының сапасы нашарлайды – ұйқысыздық немесе ұйқының қанбауы орын алады.
Қантамырларының тонусы әлсірейді. Осының салдарынан болашақ ананың басы ауырып, бас сақинасы ұстайды. Талып қалуы да мүмкін.
Жүктіліктің бірінші триместрінде әйелдің асқорыту жүйесінде де қиындықтар туындауы мүмкін, ол іштің қатуы, ішектердің түйілуі, қыжыл.
Жатырдың үлкеюінің салдарынан оның қасында орналасқан ішкі органдарға қысым түседі. Жүктіліктің 6 аптасында жатырдың үлкеюінен бүйректер «зардап шегеді». Өсіп жатқан жатырдың кесірінен несеп қуысына қысым түсіп, «қайта-қайта дәретке» барудан басқа, бүйректер қорғансыз болып, оларға патогенді микробтар еніп кетіп, инфекция дамуы мүмкін.
Әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
Жүкті әйел ағзасында гормондық фон өзгеруін бастасымен, қынаптың қорғаныс күштері төмендей бастайды. Қынап қышқылдығының кез келген өзгерістері инфекцияның дамуына себеп болады.
Жүктіліктің бірінші триместрінде болашақ аналарда көбіне кандидоз (молочница) дамиды. Бұл кезде жаман иісі бар іртік жағындылар келеді. Әйел адамның асты жағы қышып, жыныс органдары ісіп кетеді.
Әйелдердегі бұл ауруды гинекологтың қатаң бақылауымен емдейді. Маман дәрілер жазып береді және әйелдің диета ұстауына кеңес береді.
Тамақтану негіздері
Шарана белсенді түрде дами береді, ал бұл болашақ ананың өзінің тамақ үлесіне мән беруін талап етеді. Азық-түліктер негізінде кальцийге, фосфорға, фторға және В тобының дәрумендеріне бай – сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, балық, майсыз ет өнімдері болуы шарт.