Баланың денесіндегі бөртпелер қатты алаңдаушылықты тудыратын себеп болып саналмайды. Ол жәй ғана терінің тітіркенуі болуы мүмкін. Дегенмен, бөртпе қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Бұндай себеп болса, оған бей-жәй қарауды ұсынбайды және ол туындаған кезде баланы бірден дәрігерге көрсету керек.
Бөртпе деген не?
Бөртпе – тері жабынының сыртқы түрін, түсі немесе құрылымы бойынша өзгертетін кез-келген бөртпелер. Бұндай құрылымдарды біріншілік деп – яғни бірінші пайда болатын, сондай-ақ екіншілік – біріншіліктің орнына немесе олардан алыс емес жерлерде шығуына қарап бөледі. Баладағы бөртпелердің әдетте екі нұсқасы да үйлескен болып табылады. Олар сыртқы және ағзаның ішінде болатын үрдістердің әсерінен туындайды.
Бөртпе түрлері
Баладағы бөртпелер келесідей түрге жіктеледі:
- Физиологиялық. Бұндай бөртпелер әдетте жаңа туылған балаларда пайда болады. Олар негізінен гормоналдық бұзылыстармен сипат алады. Әдетте балада ыңғайсыздық сезімін шақырмайды және емдеуді қажет етпейді. Бұл бөртпелер балада қызуы көтерілмей-ақ шығады және гормоналдық тепе-теңдік қалпына келгеннен кейін өзі кетеді.
- Иммунологиялық. Бөртпе бұл жағдайда бөртпелер қоршаған ортаның тері жабындысына тигізетін сыртқы әсерлерден туындайды. Көбінесе, бұл аллергендердің, ультракүлгіннің, аяздың және басқа да тітіркендіруші факторлардың әсері болып табылады. Соның нәтижесінде тері жабынында есекжем, тер бөртпелері және басқа да аллергия және дерматитке тән бөртпелер пайда болады.
- Инфекциондық. Бұл жағдайда бөртпе қызылша және шешек сияқты вирустық патологиялардың белгісі болып табылады.
Бөртпелердің пайда болу себептері
Бала денесіндегі бөртпелердің пайда болуының келесідей себептері бар:
- вирустардың ағзаға түсуімен сипатталатын аурулар;
- бактериалдық аурулар;
- құлау, соққы алу немесе басқа да механикалық әсерлерден жарақат алғанда – яғни бұл жағдайда зақымдалған эпидермис аймағына сапалы дезинфекцияның жеткіліксіз болуынан туындайды;
- бөртпеден болатын аллергиялық реакциялар бұл жағдайда балада қызуы көтерілуінсіз немесе аздап көтерілуімен туындауы мүмкін;
- қанның нашар ұйығыштығы.
Жаңа туған балалардағы бөртпелер
Баладағы бөртпе туыла салғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Сәбидің ағзасы өмірдің жаңа жағдайларына енді ғана үйрене бастағандықтан, оның ағзасы сыртқы әсерлерге әдеттегідей үйренісе алмайды.
Сәбилердегі бөртпелердің туындау себептері:
- Тер бөртпесі. Ол ата-аналары балаларын жылы ауа райында немесе бөлмеде қатты орап ұстағаннан немесе баланың гипертершеңдігінен болады. Орналасу орны – қол және аяқ қатпарлары, жамбас, шап аймағы және бас тері жабындысының түкті бөлігі. Тер бөртпесі- сұйықтықпен толтырылған майда көпіршіктер.
- Токсикалық эритема. Бұл әрбір папула қызыл түсті жиектермен қоршалған баланың денесіндегі майда бөртпелер. Ол бала туылғаннан екі күн өткеннен кейін пайда болады. Бөртпе емдеуді қажет етпейді және өзімен-өзі кетеді.
- Безеу. Өзімен бірге пустулдар мен папулаларды ала жүреді. Бұндай бөртпелер қабынумен сипатталады. Әдетте ол бет-ауызда және мойында пайда болады. Бұл бөртпелер аналық гормондардың әсері нәтижесінде қатты тер бөлінуі себебінен туындайды.
Бөртпелер пайда болатын аурулар
Бала денесіндегі бөртпелер кейбір аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бөртпелер бір-бірінен сыртқы түрімен – түсімен, өлшемімен, пішінімен ерекшеленеді. Қарап тексеру кезінде білікті дәрігер ауруды сырттай диагностикалай алады.
Аллергия
Бөртпелер бұл аурудың кез-келген түрінде пайда болады. Балалардағы аллергиялық бөртпелер ағзаның кейбір азық-түлік өнімдеріне, медикаментозды препараттарға, үй жануарларына, өсімдік тозаңдарына, жәндіктер шаққанға, тері күтіміне арналған құралдарға және тұрмыстық химияға әдеттегідей емес реакциясы болып табылады. Бұл аллергендердің ең кең тараған түрі. Осы жағдайда құрылымдар барлық денеге немесе бетке таралады.
Балалардағы аллергиялық бөртпелер эпидермистің зақымдалған орнындағы ыңғайсыздық сезімімен – қышу және қызумен сипатталады. Бұндай құрылымдардың бөртпенің басқа түрлерінен ерекшелігі, оның белгілері аллергендермен қатынаста күшейеді және ол болмағанда әлсірейді.
Балалардағы аллергиялық бөртпелер есекжем түрінде пайда болады. Бұндай бөртпелер аурудың тағамдық, медикаментоздық, контактілік түріне тән. Аурудың тағы бір түрі – атопиялық дерматит. Ашу кезінде теріде қабыршақ пайда болатын, іші сұйықтыққа толы папула түрінде сипатталады.
Инфекционды аурулар
Балада бөртпелер кейбір инфекционды ауруларда пайда болады.
Инфекционды сипаттағы аурулар. Кесте 1
Аурудың аты |
Сипаты |
Жәншау. |
Бетте, қол мен денеге тез тарайтын қызыл құрылымдар пайда болады. Бөртпенің жазылуына қарай біршама бозғылт түске ауысады және ауру жазылғанда толығымен жойылып кетеді. |
Шешек. |
Ашқаннан кейін тері жабындысында қабыршақ қалатын, іші сұйықтыққа толы папуланың пайда болуымен, қышумен және дене температурасының артуымен сипатталады. |
Қызылша. |
Құлақ жарғағының аймағында түйіндердің немесе қызыл түсті дақтардың пайда болуымен сипатталады. Бөртпе барлық денеге тез таралады. Сәйкес симптоматикасы – қызба, конъюктивит, жарықтан қорқу және жөтел болып табылады. |
Қызамық. |
Балада қызыл түсті майда бөртпелер пайда болады. Қосымша белгілері – мойын аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. |
Қышыма. |
Үлкен емес өлшемдегі бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Алдымен бөртпелер саусақтардың арасында одан ары бүкіл денеге тарайды. |
Қызыл дақ. |
Ең алдымен баланың температурасы 390С –тан да жоғары көтеріледі. Бұндай жағдай үш күн аралығында анықталады. Осы кезде қызуды түсіретін препараттарды бергеннен кейін де температурасы қалыптыға келмейді. Үш күннен кейін жағдайы қалпына келеді және бөртпелер пайда болады. Бөртпені емдеу пайдасыз, бірнеше күннен кейін өзі кетіп қалады. |
Эпидермистің аурулары
Бұндай аурулардың қатарына экзема, псориаз, дерматоз және басқа да сол сияқты аурулар кіреді. Бұл патологиялардың пайда болуының көптеген себептері бар. Әдетте тері аурулары ішкі мүшелер мен жүйелердің аурулары әсерінен туындайды, дегенмен де сыртқы әсерлер де туындатады. Эпидермис ауруын туындатушы себептердің бірі – тұқымқуалаушылық. Бұл жағдайда аурудың алғашқы белгілері 2 жастан кейін ғана пайда болады.
Бөртпелердің орналасатын жері
Бөртпенің орналасу орны дәрігерге оның пайда болу себебін айтады. Бұл диагностикалаудың негізгі әдісі емес, дегенмен ауруды анықтаудағы параметрлердің бірі болып табылады.
Бет
Әдетте бөртпе баланың бетінде пайда болады. Бұндай құрылымдардың туындауының негізгі себептері:
- күннің астында ұзақ болу;
- аллергиялық реакция;
- дененің ысынуы;
- бала терісіне сапасыз күтім жасау;
- диатез – емізу кезеңінде анасының дұрыс емес тамақтануынан , баланың бетінде бөртпелердің шығуымен көрінетін, балалардың әдеттегі зардап шегетін ауруы.;
- ағзаға түскен инфекциямен байланысты аурулар;
- жасөспірімдердің пубертатты кезеңі – баланың бетіндегі бөртпелер қара дақтар мен безеулер түрінде көрінеді.
Дене
Бөртпелер жиі барлық тұлғаға жиналады. Бала денесіндегі майда бөртпелер келесідей себептерден туындайды:
- токсикалық эритема – бұл жағдайда бөртпелер барлық денеге тарайды және ағза токсиндерден босағаннан кейін жойылады;
- нәрестедегі безеулер – емдеуді қажет етпейтін және егер, балада гигиенаны дұрыс сақтаса жоғалып кететін, баланың денесіндегі майда бөртпелер;
- инфекциондық аурулар;
- аллергия.
Жоғарғы және төменгі дене бөліктері
Баладағы қызыл бөртпелер қолында және аяғында анықталуы мүмкін. Бұндай құрылымдар көбінесе аллергияның және эпидермистің саңырауқұлақтық ауруларының әсерінен болады.
Бас және мойын
Баладағы майда бөртпелер бас пен мойында дененің ысынуынан пайда болады. Бұл жағдайда ата-аналары балаларын орап-қымтамай ауа-райына байланысты киіндіру керек. Бұндай құрылымдардың пайда болуының себебі ретінде аллергиялық реакциялар мен инфекциондық аурулар да саналады.
Іш
Егер баладағы майда бөртпелер тек оның ішінде ғана пайда болса, онда бұл жанаспалы дерматитті көрсетуі мүмкін. Ал егер, бөртпе барлық денеге таралса , әдетте инфекциондық ауру деп диагностикалайды.
Арқа
Баланың арқасындағы қызыл бөртпелер әдетте маса шаққаннан, аллергиядан және тер бөртпелерінен пайда болады.
Балада бөртпе пайда болса не істеу керек?
Егер балада бөртпе пайда болса, дәрігерге қаралу ұсынылады. Бөртпе дене қызуының көтерілуінсіз болған күннің өзінде маманның кеңесін жоққа шығармауды ұсынады. Дәрігер емді бөртпенің пайда болу себебіне қарай тағайындайды. Егер бұл аллергия болса, антигистаминдік өнімдерді тағайындайды, ал егер, инфекциондық ауру болса антибиотиктер жазып береді.
Бөртпені иммунитетті нығайтусыз емдеу мүмкін емес болып табылады. Бала ағзасының қорғаныс күшін арттыруға Доромарин көмектеседі. Бұл құрамына тек табиғи кешендер кіретін емдік-профилактикалық өнім. Ол иммунитетті нығайтады, ағзаны қалыпқа келтіреді және баланың бас миының қызметіне жағымды әсер етеді.
DoroMarine-нің құрамына кіреді:
- қиыршығыстық Ангустат ламинариясы – құрамында 40-тан астам пайдалы заттар бар;
- трепанг сығындысы – қасиеттері бойынша балық майының әсеріне ұқсас болып табылады;
- теңіз кальцийі – тірек-қимыл аппаратының қызметіне жағымды әсер етеді;
- жеміс шырыны – өнімнің дәмін жақсартады.
DoroMarine емдік-профилактикалық кешені ағзаға келесідей әсер етеді:
- ағзаның қорғаныс күшін арттырады, соның арқасында вирустарға, инфекцияларға және бактерияларға қарсы тұра алады ;
- көз ауруларының туындауын жояды және көруді жақсартады;
- пайдалы заттардың тез сіңірілуін қамтамасыз етеді;
- ағзаның зат алмасу процессін қалпына келтіреді;
- АІЖ-ның қызметін жақсартады;
- ағзаны шлактар мен токсиндерден босатады;
- есте сақтауды жақсартады және зейіннің концентрациясын арттырады;
- улануды шақыратын ауыр металлдардан ағзаны босатады;
- жүрек-қан тамыр жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының қызметін жақсартады.
DoroMarine 3 айдан 16 жасқа дейінгі балаларға ішуді ұсынады. Бұл қарсы көрсетілімдері жоқ және маманмен келіспей-ақ ішуге болатын аналогтарының ішіндегі керемет дәрумендер болып табылады.
Бөртпе туындаудағы профилактика
Баладағы пайда болған бөртпеде мынадай профилактика көмектеседі:
- DoroMarine емдік-профилактикалық кешенімен иммунитетті нығайту;
- Баланы емшекпен емізу;
- Баланы аллергендермен қатынастан оқшаулау;
- Тұрақты медициналық тексеру.
Егер балада майда бөртпе пайда болса, дәрігерге қаралу ұсынылады. Мамандар бөртпенің пайда болу себебін анықтайтын анализдер тағайындайды. Емі осыған негізделеді. Аурудың пайда болуының алдын алу үшін, иммунитетті нығайту керек. Ағзаның қорғаныс күшін арттыруға Доромарин көмектеседі. Кешеннің қарсы көрсетілімдері жоқ және өнімді дәрумендердің ішіндегі ең жақсысы ететін көптеген пайдалы қасиеттерге ие болып табылады.