Бала денсаулығы үшін маңызды дәрумендердің бірі А дәруменін құрайтын, ретинол мен каротин жиынтығы болып табылады. Ол бала ағзасын дұрыс ұстап тұру үшін таптырмас құрал. Аталған дәрумен жиынтығының дұрыс мөлшерін үнемі қадағалап тұру керек, себебі оның жетіспеушілігі кезінде бала ағзасы жағымсыз әрекеттерге тап болады.
Ретинол мен каротин жетіспеушілігінің орнын қалай жылдам және тиімді толтыруға болады - осы туралы сөз қозғаймыз.
Неге А дәрумені балалар үшін соншалықты маңызды?
Аталған заттың адам ағзасындағы басты рөлі жасушалар өсуін ынталандыру болып табылады. Сонымен бірге ретинол көздің көруін жақсартады, сүйек және тіс тіндерін қалыптастырады. А дәрумені біздің сүйектеріміздің берік, тістеріміздің сау болуына көмектеседі. Оның жетіспеушілігі орын алғанда ағза жағымсыз әсерлерге тап болады, бұл А дәруменінің жетіспеушілігі белгілерінен бақыланады.
Ретинол жетіспеушілігін 2 санатқа бөліп қарастырады:
- Бала ағзасында аталған зат мөлшері жеткіліксіз болуынан орын алған А дәруменсіздігі;
- ІҚЖ-да қоректік заттарды сіңіру әрекетінің бұзылуы салдарынан болған А дәруменінің жеткіліксіздігі.
Сондай-ақ, жүктілік кезінде ауыр инфекциялық аурулар, эндокринді жүйе патологиялары салдарынан дәруменсіздіктің дамуы орын алған жағдайлар да белгілі.
А дәруменінің тәуліктік мөлшері
Баланың жас ерекшелігіне қарай есептелінеді. Күн сайын бала ағзасы төменде көрсетілген ретинол мөлшерін алуы қажет:
- Бір жасқа дейін - 0,4 мг;
- 3 жасқа дейін - 0,45 мг;
- 4-6 жас - 0,55 мг;
- 7-10 жас - 0,8 мг;
- 11 жастан жоғары - 0,9 мг.
А дәруменсіздігінің зардаптары
Ретинол мен каротиннің ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі орын алғанда бала денсаулығы айтарлықтай ауыр мәселелерге душар болады. Ағзаның барлық органдары зардап шегеді, жүйелік патологияларды қосқанда ішкі органдар ауруларының даму тәуекелі жоғарылайды. Балаңыздан дәруменсіздіктің алғашқы белгілерін байқай салысымен, оны бірден маманға көрсетіңіз. Ретинол жетіспеушілігі кезінде уақытылы шара қолданбағандықтан, балада көз аурулары дамып, тіпті мүлдем көрмей қалған кездері де орын алған.
Ретинол жетіспеушілігінің алдын алу
Балаңызға А дәруменінің жетпейтінін қалай білуге болады? Жетіспеушіліктің ең басты белгілерін келтіреміз:
- Бала жарық түскенде көзінің шаншып ауыратынына шағымданады, қабақтарының асты күйгендей болады;
- Шынтақтары мен бөксесінен “құс терісінің” пайда болғанын байқауға болады;
- Балалар өсуі мен дамуы жағынан айтарлықтай тежеледі;
- Бала терісі каротинмен қанықпағандықтан, айтарлықтай құрғақ болады;
- Шаш түскіш болады, баланың тістері үгітіле бастайды.
А дәрумені жетіспеушілігінің қауіпті зардаптарының бірі - тыныс алу органдары ауруларының дамуы. Олардың пайда болу тәуекелі өсе береді, себебі ретинол жетіспеушілігі тыныс алу органдары жүйесінің шырышты қабаттарының құрғауына әкеледі. Мұндай жағдайда тез арада ретинол жетіспеушілігінің орнын толтыру қажет. Дәріханалардан сатып алынған дәрумендердің еш көмегі болмайтынын естен шығармау керек. Қуантарлығы, мәселенің тиімді шешімі бізге белгілі.
А дәруменсіздігін қалай жеңуге болады? Өте оңай!
Балаларға арналған табиғи емдеу-алдын алу өнімі Доромарин- дәруменсіздіктің кез келген түрімен күресе алады. Бұл өнімнің құрамы салыстыра тексерілген және толыққанды екені соншалықты, бір стандартты мөлшерінің өзі ағзаның бір тәуліктік мөлшерінің орнын толтырады. Доромариннің негізгі құрамдарының бірі А дәрумені.
Доромаринді теңдестірілген тағам үлесімімен бірге үнемі қабылдау Сіздің балаңызға күшті иммунитет, мықты шаш, жақсы тері сыйлайды.
Бала Доромарин қабылдауы керек екенін қалай білуге болады?
Доромаринді барлық балалар қабылдаса болады (құрамдас бөліктерді көтере алмайтындардан басқа). Ол толығымен табиғи және химиялық өңдеуден таза. Доромарин Ламинария балдырларынан және қиыр шығыстық трепанг сығындысынан - яғни, пайдалы заттарға өте бай өнімдерден дайындалады. Балаларға арналған табиғи, емдеу-алдын алу Доромарин өнімін ең алдымен төменде көрсетілген балаларға қабылдауға кеңес беріледі:
- Иммунитеті өте әлсіз;
- Балабақша мен мектепте басқа балалармен жиі араласатын;
- Оқуда қиындықтарға тап болған, ақыл-ойы жағынан өз қатарластарынан артта қалған;
- Тәбеті нашар болғандықтан, дұрыс тамақтанбайтын;
- Ұзақ уақыт компьютердің алдында отыратын;
- Қосымша спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысатын;
- Кейбір патологиялардың дамуына генетикалық бейім.
Доромаринді қабылдау нәтижелері
Доромаринді ең жақсы дәрумендермен байланыстыратыны бекер емес. Ол балалар денсаулығын барлық бағыт бойынша жақсартады:
- Зат алмасуын қалпына келтіреді, ағзаның барлық метаболизм әрекеттерін реттейді;
- Көздің көру қабілетін жақсартады, шаршауын төмендетеді;
- Иммунитетті күшейтеді ;
- Тыныс алу органдарының инфекцияларына қарсы тұруды қамтамасыз етеді ;
- Жүйке жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді;
- Ас қорыту органдарының қызметін жақсартады;
- Сүйекті қатайтады, бұлшықет тонусын көтереді;
- Қан айналу және қан құрамына жақсы әсер етеді ;
- Жүрек бұлшықетін дамытады;
- Есте сақтауды жақсартып, көңіл бөлуді жақсартады;
- Ағзаны ауыр металдар мен улы заттардан тазартады.
Балаларға арналған табиғи емдеу- алдын алу өнімі Доромариннің тікелей қарсы көрсетілімдері жоқ - бала аллергияға бейім болса да ішуге болады. Кешен дені сау бала ағзасының дамуына кепіл бола алады және болашақта оны түрлі аурулардан сенімді түрде қорғайды