Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

B2 дәруменінің қызметі және оның бала ағзасындағы маңызы

Мазмұны: [Көрсету]

Балаларға арналған дәрумендер,  бала денсаулығы,  бала иммунитеті,  Доромарин,  б2 дәрумені,  В2 дәрумені

В2 дәрумені - жасушалық метаболизмнің реттелу әрекеттеріне жауап беретін маңызды зат, сонымен қатар, жалпы зат алмасуға да жауап береді. Бұл микроэлемент көптеген аурулардың дамуын ескертеді және адамның психикалық денсаулығының жақсаруына себепші болады. Ендеше, балаға Б2 дәрумені қаншалықты маңызды және оның жетіспеушілігі неге әкелетіні туралы сөз қозғаймыз.

Бала ағзасы үшін Б2 дәруменінің маңызы 

Бала ағзасы өзінің қалыптасуының негізі болып табылатын дәрумендер мен микроэлементтердің көп мөлшерін қажет етеді. Оның себебі - балалардың дамуы, сонымен қатар органдардың энергияны толассыз сіңіруі. Орнын толтырудың ең қарапайым түрі тамақ болып табылады,  алайда оның сіңірілуі үшін дұрыс тамақтану үлесі ғана емес, дұрыс қызмет атқаратын асқорыту жүйелері керек.

Б2 дәрумені бірінші кезекте баланың тәбетіне, сонымен бірге оның денесіне түрлі өнімдерден қоректік заттардың қанша мөлшері түскеніне де жауап береді. Бұл микрокомпонент ауыз қуысының шырышты қабаттарына және ІҚЖ органдарына жағымды әсер етеді, сондай-ақ баланың көруін жақсартады, жекелей айтсақ шаршауды басып, көз жүйкесінің түйілуін жояды.

Сонымен қатар,  В (рибофлавин) В6 дәруменін белсенді етеді, ол ақуыздарды, аминқышқылдарын сіңіруге және қанды денелердің жинақталу әрекеттеріне қатысады. Яғни, жасушалардағы немесе жеке органдар деңгейінде зат алмасу туралы сөз қозғалғанда бұл зат ең негізгі болып табылады.

B2 дәруменінің жетіспеушілігінен орын алатын зардаптар

Б2 дәруменінің жетіспеушілігі түрлі жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін,  ол баланың сыртқы келбетіне де, жалпы жағдайына да әсер етеді. Микрокомпонент жетіспеушілігін білдіретін негізгі белгілерге төменде көрсетілгендер жатады:

  • Жалпы әлсіздік;
  • Тәбеттің төмендеуі және арықтау;
  • ІҚЖ органдары қызметінің нашарлауы, тоқ ішектің қабынуы мен асқазан жарасының дамуы;
  • Ақыл-ес дамуының кешеуілдеуі, себебі метаболизмнің бұзылуынан ми пайдалы компоненттер шоғырын ала алмайды;
  • Жүйкенің тозуы және күйзеліспен бірге жүретін психикалық тұрақсыздық;
  • Ұшық, сыздауық, тері қабатының нашарлауы.

В2 дәруменінің жетіспеушілігі ми дамуына да жағымсыз әсер береді. Бұл орган бала ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың тең жартысын пайдаланады. Нәтижесінде айтарлықтай қиын ауытқулар пайда болуы мүмкін,  олардан айығу үшін маманның көмегіне жүгіну қажет болады.

Б2 дәруменінің жетіспеушілігі кезінде иммундық жүйенің жағдайы нашарлайды, бұл түрлі инфекциялық аурулардың дамуына, кей кездері тіпті аскынған түрлеріне дейін әкеледі.

B2 дәрумені қай жерлерде кездеседі?

Басқа көптеген микрокомпоненттерге қарағанда,  В2 дәрумені азық-түліктердің көп мөлшерінде кездеседі. Бұл тізімге тауық жұмыртқасы, құс еті мен үй жағдайындағы мал еті, астық дәнділер, томат, өрік, бүтін дәнді нан, клевер,  түймедақ және басқалар кіреді. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесі дұрыс қызмет жасаса,  бұл  микроэлементті ағзаның өзі де жинақтай алады.

Мысалы, бор қышқылы сияқты кейбір заттар мен препараттар Б2 дәруменін жойып жіберетінін айта кету керек, осыдан дәрумен жетіспеушілігі орын алады. Аталған құрамдас бөлік медициналық тәжірибеде, тұрмыстық жағдайларда да қолданылатын көптеген заттарда кездеседі.

Тамақтан дәруменнің көп мөлшерін алу үшін балғын өнімдерді алуға кеңес беріледі,  ал ет тағамдарын дайындаған кезде - қайнатқан суын төкпеу керек. Сонымен қатар,  пайдалы микрозаттар ыдыстан кетіп қалмас үшін барлық тағамдардың бетін қақпақпен жауып қою қажет.

Егер Сіз балаңыз В2 дәруменінің кажетті мөлшерін күнделікті алып отырсын десеңіз, табиғи Doromarine өнімін қабылдау нағыз дұрыс шешім болар еді.

Балаларға арналған Доромарин дәрумендік кешені

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Доромарин табиғи негіздегі емдеу- алдын алу өнімі.  Оның құрамында өсіп келе жатқан жас ағзаға қажетті түрлі пайдалы дәрумендер мен микрозаттар бар. Дәрумендік кешен баланың мектептегі үлгерімін жоғарылатуға,  күнделікті өмірде белсенді етуге, сонымен бірге түрлі аурулардан қорғай отырып, ағзаны нығайтуға көмектеседі.

 Егер балаңызда төменде көрсетілген жағдайлар орын алса, Доромаринді ішу керек:

  • Мектеп пен қосымша сабақтардан шаршаса;
  • Компьютердің алдында отырып, аз қозғалатын өмір салтын ұстанса;
  • Басының үнемі ауыратынына шағымданса, ал сіз көзінің көруінің нашарлағанын байқасаңыз;
  • Ауырса, әсіресе маусымаралық кездерде;
  • Оқуына үлгермесе;
  • Көшеде немесе спорттық дайындық кездерінде жарақаттанып қалса.

Бұл өнімді алдын алу, сондай-ақ емдеу мақсаттарында да ішуге болады. Doromarine басты артықшылығы оның тек табиғи құрамында. Бір кездері балаңызға  түрлі дәрілерді іштіре алмай мәжбүрлегеніңізді біржола ұмытасыз, себебі аталған затты бала рахаттанып ішеді.

Балаларға арналған Доромарин дәрумендерін Алматы, Астана, Павлодар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент,  Тараз, Өскемен, Петропавл, Қостанай, Орал, Қызылорда, Талдықорған,  Қарағанды,  Шу, Балқаш,  Жезқазған,  Көкшетау және Қазақстанның басқа қалаларынан сатып ала аласыздар.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу