В9 дәруменінің бала үшін маңыздылығы және қажеттілігі

Мазмұны: [Көрсету]

B9 дәрумені, Б9 дәрумені, Фолий қышқылы

В9 дәрумені – бала өміріндегі ең маңызды микроэлемент. Ол ми жұлын сұйықтығының негізін құрайды және адам денесіндегі барлық тіндерде жасушалардың пайда болуына қатысады. Ендеше Б9 дәруменінің тағы неге жауапты екенін және оның жетіспеушілігінің зардаптары туралы сөз қозғайық.

Бала үшін B9 дәрумені несімен маңызды?

B9 дәрумені (фолий қышқылы, Вс дәрумені немесе М дәрумені) – баланың қалыпты дамуы туралы сөз қозғалғанда, ең басты мәселе болып табылады. Бұл микроэлементті көбіне жүкті әйелдерге тағайындайды, ол түсік тастау ықтималдығын төмендетеді. Бұл зат баланың ана құрсағында жатқан кезінен-ақ иммундық жүйесіне жақсы әсер ете бастайды.

Фолий қышқылы қызыл қанды денелердің өндірісінде белсенділік танытады, ал осы әрекет үшін сүйек кемігі жауап береді, оның қызметін де жақсартады.  Нуклеин қышқылдары арқылы бұл дәрумен тұқымқуалаушылық ақпараттарының берілуімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, жүйке жүйесінің жұмыстарын реттейді, жүйке серпінінің өтуін жақсартады және нейронды байланыстарды нығайтады.

Сонымен бірге дәруменнің эмоциялық күйге де жақсы әсер ететінін айта кету керек – аталған дәрумен бала ағзасында жеткілікті болса, ол қашанда көтеріңкі көңіл-күйде болады. Оптимистік, батылдық, өзіне сенімділік сияқты басқа да көптеген жағымды қылықтарын көрсете бастайды. В9 дәрумені ағзаға түскеннен кейін фолата деген атпен белгілі түрлі қосылыстарға айналады. Бұл дененің әр жасушасының жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.

Фолий қышқылының жетіспеушілігі және оның зардаптары

В9 дәруменінің жетіспеушілігі бүкіл ағза жұмысына жағымсыз әсер етеді, себебі өмір сүру үшін маңызды әрекеттер бұзылады. Аталған заттың жетіспеушілігі орын алғанда, төменде көрсетілген белгілер байқалады:

  • Қан айналымы нашарлайды, нәтижесінде өмір сүру үшін маңызды барлық органдарға қоректік заттардың жеткізілуі бұзылады;
  • Баланың ақылы төмендейді, еске сақтауы нашарлайды және психоэмоционалды жағдайы төмендейді;
  • Дәрумен жетіспеушілігі байқалады, фолий қышқылынан басқа да дәрумендердің жетіспеушілігі орын алады;
  • Балаларда сіңірдің тартылуы кездеседі, тіпті белгілері пайда болу алдында физикалық күш түспеген жағдайда да болады;
  • Құрсақ қуысында ауырсынулар пайда болады, ол лоқсу және диареямен қатар жүреді.

Фолий қышқылының жетіспеушілігі қаназдыққа әкелуі мүмкін, сонымен бірге болашақ ұрпағыңыздың дұрыс дамуына да әсер етеді. Балаларда өсу қарқыны баяулайды, терісінің өзгеруі байқалып, тіпті шашы түсуі мүмкін.

B9 дәруменінің қорын қалай толтыруға болады?

Адам ағзасына Б9 дәрумені үнемі қажет болады, сол себептен қашанда оның орнын көп мөлшерде толтырып тұру керек. Келесі өнімдерді пайдалана отырып, оның орнын толтыруға болады:

  • Жарма, бидай ұнының кебегі, бидай өскіндері;
  • Цитрус өнімдерінің барлық түрлері, әсіресе грейпфрут және помело; 
  • Көкөністер  — жасыл жапырақтылардың барлық түрлері, сонымен бірге асқабақ және қызылша.

Егер жануарлар өнімдері туралы айтатын болсақ, олардың ішінде үй жануарлары мен үй құстарының еті, сүт өнімдері мен балық пайдалырақ. Фолий қышқылының көп мөлшері жануарлар бауырында болады. Сонымен бірге В9 дәрумені бала ағзасында, тікелей тоқ ішекте жинақталады. Сол себептен бифидобактериялар кешенін қосымша қабылдап отыру керек, олар микрофлораға жағымды әсер етеді.

Доромарин — фолий қышқылының табиғи негізі

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыз Вс дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шекпесін десеңіз, онда Доромаринді қабылдайтын уақыт келді. Оның құрамында бүкіл ағзаның жұмысын жақсартатын дәрумендер мен басқа да микроэлементтердің толық кешені бар.

Doromarine:

  • Иммунитетті күшейтуге;
  • Эмоциялық және физикалық күштен арылуға;
  • Сана белсенділігін жоғарылатуға;
  • Болашақта көптеген аурулардың алдын алуға;
  • В9 дәруменінің жетіспеушілігін толықтай жоюға;
  • Аяқтың ұюы мен сіңір тартылуын жоюға;
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге;
  • Ішек-қарын жолдары органдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Доромарин — күнделікті жұмыс кестесінің ауырлығынан баланың шаршауын жоятын, сонымен бірге оқудағы үлгерімін жоғарылататын табиғи дәрумендік кешен. Сондай-ақ, бұл өнім тіндердің қалпына келу жылдамдығына да жақсы әсер етеді, себебі балалар үнемі белсенді өмір салтын ұстанады, сөйтіп үйге тізелері жараланып, түрлі жарақаттармен келеді. Дәрумендер кешені түрлі инфекциялар мен бактерияларға қарсы тұруды жоғарылатады, сөйтіп кез келген уақытта пайда болатын вирустық ауруларға қарсы қорғаныс тудырады. Ал ең бастысы, балаңызды Доромаринді іш деп күштемейсіз, себебі оның дәмі өте жағымды.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу